Бақылау сұрақтары
Мектеп ішіндегі бақылау дегеніміз не?
Білім, білік және дағдының сапасы дегеніміз не?
Оқыту мен тәрбие нәтижелерін бағалаудың негізгі әдістерін атаңыз?
Қадағалау, тексеру ұғымдарына түсінік бер.
Қадағалаудағы ұстанымдарды ата.
Білімді тексеру кезеңдері көрсет.
№12 дәріс тақырыбы:Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіру
Негізгі ұғымдар:танымдық іс-әрекет, белсенділік.
Жоспары:
1. Танымдық іс-әрекеттер туралы түсінік.
2. Оқу белсенді топтарының жұмысы.
3. Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер.
XX ғасырдың 70–80 жылдарында оқыту процесін белсендіруге бағытталған, оның балаға арналғаны, оқушының оқытудың белсенді субъектісіне айналуына бағытталған әдістемелік зерттеулердің қоғамдық және педагогикалық сананың қалыптасуына Ж.Пиаже (Швейцария), Б.Блюм, Д.Ж.Бруннер, Ж.Ганье, С.Эриксонның (АҚШ) еңбектері куә. Ж.Пиаженің айтуынша, мектептер “жаңаша ойлайтын қабілетті адамдар дайындау керек; тек өткен ұрпақтың істегенін ғана қайталамау керек, шығармашылық және ойлап тапқыш адамды әзірлеу керек”. Белсенділік деген (интенсивтендіру мығымдық) оқушының іс – әрекеті мен пәнімен “қосылғандығы” дәрежесін анықтайды. Оқушылардың белсенділіктің дағды–біліктерін меңгеруі.
Танымдық әрекеттің белсенділігі оқытудағы құралдар мен әрекеттерін табу мәселесі ғасырлар бойына жалғасады. Жастарды тәрбиелеуде ежелгі грек философы Сократ эвристикалық әңгімені пайдаланған.ХVІІ–ХІХ ғасырдың педагогтары Я.А. Коменский және т.б.оқутушының негізгі жүмысы –оқушыларды өзінше ойлау , зерттеу ізденістеріне бейімдеу деп санаған. А. Дистервег былай деп жазған: “Нашар мұғалім шындықты хабарлап қояды, ал жақсы мұғалім оны табуға үйретеді”.
Достарыңызбен бөлісу: |