Пән бойынша дәрістер конспектісі №1 дәріс тақырыбы: Педагогика даму тарихының әдіснамалық негіздері. Мақсаты



бет25/30
Дата08.02.2022
өлшемі156,14 Kb.
#120412
түріКонспект
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
П н бойынша д рістер конспектісі №1 д ріс та ырыбы Педагогика д
00139218-1b28c6c5
Оқушылардың танымдық іс-әрекеті - жеке тұлғаның танымдық қызығушылығы мен қажетсінуін, белсенділігі мен ізденімпаздығын қамтитын танымдық, еріктік, сезімталдық үрдістері мен мотивтері бірлігі нәтижесінде оқушылардың интеллектуалдық, жеке қасиеттерін және кәсіби маңызды біліктерін дамытатын, оқу материалының мазмұны мен қажетті көлемін игеруді көрмейтін жан-жақты оқу жұмысы.
Белсенділік – бұл оқушының белгілі мақсатқа ұмтылған әрекеті, мазмұнды, көлемді оқу қолданылатын және қызығушылығын тудыратын, белсенділігін арттыратын, шығармашылықты арттыратын, білімді меңгерудегі оқушының өзіндік үйренуі, дағды мен шеберліктің қалыптасуы, оларды тәжірибеде қолдануға бағытталған. Бұл ой еңбегінің құлдырау сақтайтын, жігерлі, мақсатты бағытталған жүйе.
Танымдық белсенділік — оқушының оқуға, білуге деген ынта-ықылы сының, құштарлығының ерекше көрінісі. Танымдық белсенділік проблемалық сұрақтың жауабын іздестіруде, өзіндік жұмыс орындауда жүзеге асады.
Белсенділіктің негізгі мақсаты–оқушылардың белсенділігін қалыптастыру, оқу–тәрбиенің саласын көтеру.
Қазіргі кезде танымдық белсенділіктің мәнін ұғындыратын екі әдіс анық белгілі болып отыр. Бір зерттеушілер танымдық белсенділікті әрекет ретінде қарайды, ал біреулер–сапа, жекелік білім деп ұғады. Берілген мәселеге “танымдық әрекет” және “танымдық белсенділік” ұғымдарының енуін тек әрекетті бірлікте қарайтын болсақ, онда бұл жағдайда мәселе өзінен өзі шешілетін сияқты, себебі оқушылардың кез–келген әрекеті ойламды шешімді болуы керек.
Оқушылардың оқыту белсенділік мәселесі–терең педагогикалық зерттеулердің пәні.Бұны өңдеуге М.А. Данилов, Р.Г. Лемберг, И.Я Лернер, М.И. Махмутов, М.Н. Скаткин, И.Ф. Харламов, Т.И. Шамов, Г.И. Щукина, А.Х. Аренова үлестерін қосты.
Оқушының өздігінен білім алуы өз еркімен жүйелі жұмыс істеуді талап етеді. Өздігінен білім алуды оқушылардың күнделікті рухани қажетіне айналдыру мәселесіне мән берілмей келеді. Өздігінен білім алу әрекеттің мақсат-міндеттерін, мазмұнын, ұйымдастыру жолдарын оқушылардың өздері анықтап, іске асыруына байланысты. Ал оларға кеңес, нұсқау, жалпы бағыт беріп, басқарып отыру - мұғалімнің міндеті.
Оқушының оқу-таным әрекетін арттырудың тиімді құралдарының бірі -оқушының өзіндік жұмысы мен өздігінен білім алу әрекеті. Өзіндік жұмыс істеу іскерліктері мен дағдылары, сөзсіз, ой еңбегінің мәдениетімен байланысты. Білімді игеру барысында оқушы кездесетін қиыншылықтарды жеңу, табандылық, еске сақтау, кітаппен жұмыс істеу, байқау және жазба жұмысын жүргізе білу, ой әрекеттерінің бірқатар тиімді тәсілдерін игеру, өзін бақылай білуі керек.
Оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру және іске асыру әдістері:
Сөздік әдістері (әңгіме, әңгімелесу);көрнекілік әдістері (иллюстрация, демонстрация, оқу теледидары); практикалық әдістер ( жазба жаттығулар, лабораториялық, практикалық жұмыстар, тәжірибе және бақылау, оқушылардың өндірістік бригадаладында, шеберханаларында, еңбек тапсырмасын орындау, оқыту машиналарымен жұмыс, дыбыс жасап шығарушы аппаратуралар т.б.); индуктивті әдістер; репрадуктивті, проблемалы ішінара іздену әдістері, өз бетінше жұмыс істеу әдістері.
Оқу-танымдық іс-әрекетінің ынталандыру әдістері оқушылардың танымдық ықыласын қалыптастыру әдістері; оқудағы жауапкершілікті қалыптастыру әдістері; оқудағы жауапкершілік және міндетті ынталандыру әдістері: оқудың қогамдық және жеке адамның маңыздылыгын түсіндіру, оқыту талаптарын қою, мадақтау, ұялту.
Оқу-танымдық іс-әрекетінің тиімділігін бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері: ауызша бақылау әдістері; жазбаша бақылау әдістері; лабораториялық бақылау әдістері; машиналы бақылау әдістері; өзін-өзі бақылау әдістері.
Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың шарттары мыналар: мұғалімнің нақты тапсырмалар, нұсқаулар беруі; жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі; мұғалімнің басқаруымен оқушының дербестігінің мөлшері; олардың жұмысты өз еркімен және қалауымен істеу, оған әсер ететін мотивтер т.б.
Өзіндік жұмысты мұғалімнің дұрыс басқара білуі және оқушының дербестік әрекетінің деңгейінің артып отыруы — осы жұмысты ұйымдастырудың негізгі белгілері болып табылады.
Оқушылардың танымдық белсенділіктерінің бір бағыты болып ұжымдық танымдық әрекет болып саналады (М.Д. Виноградов, Н.С. Дежников, И.Б. Первин, Х.И. Лийметс, Г. Кусайнов, Н.Н. Хан т.б.) педагогикалық әдебиеттерінде қарым-қатынас мәселесі, оқу процесіне қатысушылардың өзара қатынасы айқын баяндалған. Оқушылардың ұжымдық танымдық әрекеті дегеніміз-бұл оқушылардың біріккен әрекеті, оқушылар ортақ тапсырма орындауда өз істерін үйлестіріп, жұмысты өзара бөліп, әркімнің міндетін мұғалім ұйымдастырып беретін, яғни іскерлік тәуелділік жағдай пайда болады, білімді меңгеруде өзара қарым-қатынас ұйымдастырылады, аса бағалы тәжірибе алмасу жүреді (Н.Н. Хан) ұжымның танымдық әрекеті сабақта да сабақтан тыс уақытта да педагогикалық процессте жүріп отырады. Ұжымдық танымдық әрекетті ұйымдастыру мұғалімнен тек теориялық және әдістемелік дайындықты қажет етпейді, сонымен бірге сынып белсенділерімен маңызды жұмыс жүргізуді талап етеді (ассистенттер, консультанттар, кітапханашылар т.б.). Сонымен, қазіргі дидактика, ізденіс жәые әртүрлі жуықтауларды шешудегі оқыту процесінің сан қырлы мүмкіндіктерін ашады.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер - әлеуметтік тәжірибені игерудегі, өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы, өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып тәжірибе жинақтау, бірлесе еңбек ету, қарым-қатынас жасау біліктеріне ие болу сияқты субъект позицияларын қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғалім ұйымдастырған білімдік диалогтың барысындағы оқушылардың біріккен іс-әрекеті.
Оқушылардың ұжымдык танымдық іс-әрекеттерінің оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға жетелейтін оқу процесінің қарама-қайшылықтарын шешу үшін мүмкіндіктері мол. Бұл жөнінде Т.Е.Конникованың және оның шәкірттерінің мектептерде жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелерінде көрініс тапқан. Бұлзерттеулер сабақ барысында оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға көмектесетін ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің мол мүмкіндіктерін көрсетіп берді. Ұжымдық іс-әрекеттер барысында оқушыларда меңгертілетін материалдардың көлемі артып, оларды терең түсінулеріне мүмкіндік жасалады. А.Синицкая зерттеулері жас өспірім балалармен жүргізілетін біріккен жұмыстардың сапасы жеке жүргізілетін жұмыстарға қарағанда жоғары, яғни сабақтарда әдеттегідей жеке жүргізілетін жұмыстар барысында оқу материалының 60-70%-і, ал оқушылардың өзара әрекеттесуі арқылы 89%-і меңгертіледі. Сапалы ұйымдастырылған ұжымдық оқу іс-әрекеті өз бетінше ойлауды дамыту үшін барынша қолайлы жағдай жасайды. Мұндай тұжырымды Л.А.Ростовецкая өзі жүргізген эксперименттік жұмыстарының нәтижесінде жасаған. Зерттеушілер ұжымдық оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың мүмкіндіктерін іске асырудың жоғары сатысы бірін-бірі оқыту екендігін айқындады, өйткені ол оқушыларға оқу барысында белсенділік және ізденімпаздық танытуға мүмкіндік туғызады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет