Пән бойынша дәрістер конспектісі №1 дәріс тақырыбы: Педагогика даму тарихының әдіснамалық негіздері. Мақсаты



бет29/30
Дата08.02.2022
өлшемі156,14 Kb.
#120412
түріКонспект
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Байланысты:
П н бойынша д рістер конспектісі №1 д ріс та ырыбы Педагогика д

Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. «Мектептегі басқару» термині нені білдіреді?

  2. Мектептегі басқару қызметтеріне сипаттама беріңіз.

  3. Педагогикалық қызметкерлерді аттестациялаудың негізгі мақсаты қандай?

15 дәріс тақырыбы:Мектеп жұмысын жоспарлау




Негізгі ұғымдар: мектепті басқару, мектеп жұмысын жоспарлау, жоспар түрлері, мектеп құжаттары.
Жоспары:
1. Жоспарлау туралы ұғым.
2. Мектеп жұмысы жоспарының түрлері және оған қойылатын негізгі талаптар
1. Жоспар – графиктік басқа түрлерінде, сондай – ақ, мақсат графасы (мақса бағыты), жоспардың осы тарауының орындалу бағытын бақылау графасы, тараудың орындалғаны турлы графа (немесе өткізілген шараның қысқаша талдауы мен бағасы) болады.
Оқушыларды еңбекке тәрбиелеу мақсатында мектепте өз – өзіне қызмет жасау, қоғамдық – пайдалы еңбек жұмыстары, жағдайлар болған кезде оқушылардың шамасына сай өндірістік еңбегі бойынша жұмыстар қарастырылады. Жоспарларда мектептегі еңбек мейрамдары мен басқада шаралар (көрмелер, байқаулар, жарыстар) да қарастырылады, техникалық үйірмелер мен секциялар жұмысы ұйымдастырылады. Мұнда оқушаларға экономикалық тәрбие беру бойынша, іскерлік қасиеті мен қазіргі заман адамының басқа да жеке қасиеттері қалыптастыру бойынша шаралар көретіледі. Оқушларға эжкологиялық тәрбие беру жұмыстары да жоспарланады: тәжірибелік жұмыс, экологиялық аумақ, экологиялық соқпақ құру, жануарлар мен өсімдіктер күтімі, табиғатты сақтау бойынша жұмыс, экологиялық мейрамдар, байқаулар өткізу.
Жоспар жасау дегеніміз – оқыту мен тәрбие жұмысын жақсарту бағытында көптеген шараларды белгілеу.
Дәлелденген нақты жоспар – әрбір басқару циклінің дайындық кезеңі, сондықтан оған мектеп басқару ісінің ғылыми жолмен келе жатқандығын көрсетеді. Жоспар қысқа, нақты және айқын болу керек.
Нысаны бойынша жоспар мәтіндік, графикалық және аралас болып бөлінеді.
Мектептің жылдық жұмыс жоспарының мазмұны. Мектеп жоспары мазмұнының негізгі бөлігін мектепте жүргізуге тиіс шаралар құрастырады. Бұл шараларды бірнеше тарауларға бөледі. Тараулардың бірі ұжымның міндетті жалпы орта білімді жүзеге асыру бойынша іс – әрекетіне арналған. Онда мектеп маңайында тұратын мектеп жасына жеткен балаларды толық тіркеу шаралары қолданады. 
Мектеп жұмысының жоспарын дайындау оның орындалуының шынайылығын, нақтылығын, үздіксіздігін қамтамасыз ететін бірқатар талаптарды сақтауды қажет етеді. Ол ең алдымен мақсатты бағытының талабын сақтауға байланысты. Мақсатты бағыттылық дегеніміз белгілі бір мақсатты қондырғы деп бағалауымыз керек. Оның мәні педагог және оқушылар ұжымы жұмысының негізгі бағыттарын дамытып және тереңдетіп, мектеп жұмысының барлығы тәжірибесін есепке алу деген сөз. Бұл мұғалім, сынып жетекшісі, қоғамдық ұйымдар әрекетіне және мақсаттар қою болып табылады.
Жоспарластыруға қойылатын перспективалық талап біріншіден мақсаттың жақындығы, түсініктілігі, қолайлы-лығы сияқты сезімдік сипатын білдірсе, екіншіден стратегия ретінде мақсаттың ұзақ мерзімділігін, сонымен бірге іске асыруға болатын шынайылығын танытады. Ал, жоспарластыруға қойылатын комплекстілік талап жоспарды түзу барысында әртүрлі құралдар, әдіс, тәсілдер мен әрекет түрлерін біртұтас байланыста қарастыруды қажет етеді. Ендігі бір талап түрі объективтілік. Ол мектеп қызметінің объективті жағдайын, орналасқан жерін, қоршаған табиғи, әлеуметтік ортасын, педагог және оқушылар ұжымының мүмкіндіктерін ескеруді қажет етеді.
Мектеп жұмысында бұл талаптарды ескермеу талдау негіздемесінің жетімсіздігіне, шашыраңқылығына, мектеп-тегі өзге басқару құрылымдарының жоспарымен үйлес-пеушілікке апарып соғады. Мектептердің тәжирибесі көрсеткендей, кейде мектеп басқарудың функциясы ретінде жоспарлауды жоғары қояды да басшының барлық күш-жігері жақсы жоспар жасауға жұмылдырылады, ал ол жоспар ұйымдастырушылық жұмыспен қамтамасыз етілмейді.
Мектеп жұмысының практикасында жоспардың негізгі үш түрі кең қолданылады: перспективалық, жылдық және ағымдық.
Перспективалық жоспар мектепті соңғы жылдардағы жұмыстарына терең талдау жасау негізінде бес жылға жасалады. Оның құрылымы мына сипатта болуы мүмкін:
1. Жоспарластырған мерзімдегі мектептік міндеттері.
2. Оқушылар контингентінің жылдар бойынша дамуы, сыныптардың арту мүмкіндігінің
перспективасы.
Оқу-тәрбие процесін жаңалаудың, педагогикалық инновация еңгізудің перспективасы.
Мектептің педагог кадрларға деген сұранымы.
Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру (МБЖИ, курстар, семинарлар, тренингтер және т.б.)
Мектептің материалдық-техникалық базасы мен оқу-әдістемелік жарақтандырылуын дамыту (құрылыс жұмыстары, ЭЕТ және компьютер жабдықтары, кітап қорын толықтыру, кабинет безендіру).
Оқушылар мен мұғалімдерді әлеуметтік қорғау, олардың тұрмысын, еңбек және демалыс жағдайын жақсарту.
Жылдық жоспар жазғы каникулды қосқанда бүкіл оқу жылын қамтиды. Мектептің жұмыс жоспарын дайындау ағымдағы оқу жылында басталады да бірнеше кезеңді қамтиды. Бірінші кезеңде (бірінші оқу тоқсаны) мектеп директоры, оның орынбасарлары дамыту мен білім беру, соның ішінде жоспарластыруға да қатысты теория-лық және әдістемелік, нормативтік және нұсқау сипатын-дағы құжаттармен танысады. Екінші кезеңде (екінші оқу тоқсаны) директордың басшылығымен жоспар, жобасы-ның құрылымын жасау, қажетті мағлұмат көздерін тауып, мәлімет жинақтайтын бастамашыл топ құрылады. Үшінші кезеңде (үшінші оқу тоқсаны) жинақталған мәліметтер талданады, комиссия мүшелерінің есептері талданады, қалыптасқан қиындылықтардың себебі айқындалып, оларды жоюдың жолдары қарастырылады. Төртініші кезеңде (төртінші тоқсанның соңы) жоспар жобасы дайындалып, талқыға салынады. Жоба оқу жылының алғашқы педкеңесінде мектептің жұмыс жоспары бекітіледі.
Ағымдағы жоспар жалпы мектептік жоспарды нақтылау үшін оқу тоқсанында жасалады. Осылайша жоспарлардың негізгі түрлері педагог, оқушы және ата-аналар ұжымдарының әрекетін үйлестіруге мүмкіндік береді. Бұл жоспарлар мұғалімдер мен сынып жетекші-лерінің жұмысы үшін стратегиялық жоспар болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет