Пән: Дене шынықтыру теориясы мен әдістемесі пәні Дене шынықтырудың жалпы және кәсіби қызметтері


Жеке тұлға сапаларының қалыптасуындағы дене шынықтырудың орны мен рөлі



бет3/9
Дата04.05.2023
өлшемі37,58 Kb.
#176018
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Пән физкультура

6. Жеке тұлға сапаларының қалыптасуындағы дене шынықтырудың орны мен рөлі


7.Қимыл--қозғалыс іс-әрекеттер оку пәні ретінде: қозғалу біліктіліктері мен дағдылары оларды қалыптастыру механизмдері.

Қимыл-қозғалыс дағдыларын үйрену және оларды орнықтыру жеделдігі көптеген жағдайларда оқытушының шеберлігіне,қуаттау әдістерінің ебін табуына, баланың сабаққа деген ынта-жігерін арттыра білуге байланысты. Сондықтан физиологиялық әрі педагогикалық тұрғыдан алғанда да түсінік беріп,жаттығулардың орындалуына баға беріп,баланың қимыл әрекеттеріне тұрақты бақылау жасап отырғанымыз дұрыс.


Ерікті қимыл-қозғалыстардың қалыптасуы оқытудың алғашқы кезеңдерінде шартты рефлекстік әрекеттердің жалпы заңдылықтарына тәуелді.Жастық даму және түйсіктің қалыптасуы барысында осы заңдылықтар жаңа сапалық мазмұнға ие бола бастайды.Қимыл-қозғалыстарға саналы ынта-жігерді бақылау оқудың нәтижелі болуының басты кепілі болып келеді




8.Дене шынықтыру үдерісіндегі зияткерлікті, адамгершілік, еңбек және эстетикалық тәрбиенің міндеттері, құралдары, әдістері мен түрлерінің ерекшелігі.
Дене тәрбиесі – тұлғаны жан – жақты үйлесімді қалыптастырып дамыту процесінің негізгі бір саласы. Себебі, дене тәрбиесі тұлға денесінің қалыпты жетілуінің, денсаулығының нығаюын қамтамасыз етуде, оларды еңбекке, отанды қорғауға дайындауда аса маңызды қызмет атқарады. «Дене тәрбиесі – адамның денсаулығын нығайтып, оңтайлы, қимыл – әрекеттерін қалыптастыратын адамгершілік қасиеттері мен ерік – жігері жетілдіретін негізгі тәрбие бағыттарының бірі. Дене тәрбиесі төзімділік, шыдамдылық, батылдық, табандылық қасиеттерді шыңдайды».
Дене тәрбиесінің көздейтін тағы бір мақсаты балалардың дене мәдениеті және спорт пен айналысу қызығушылықтары мен қажеттіліктерін ояту, ынталандыру және дененің дамуы мен денсаулықты нығайтудың психо-физиологиялық негіздерін терең ұғынуларына, сонымен қатар ақыл-ой, адамгершілік және эстетикалық т.б. тәрбие салаларының дамуына да ықпал ету мүмкіншіліктеріне жағдай жасау, ұлттық ойындарды меңгеру, оның даму тарихы мен танысу, қазақ халқынан шыққан спорт шеберлері жөнінде мағлұматтар алу.
Осы бағытта дене тәрбиесі оқушылардың белсенді танымдық және дене, сонымен бірге денсаулықты шынықтыру әрекетін ұйымдастыруда көп жақты процесс. Сондықтан да дененің саулығы адамның кез келген әрекетпен нәтижелі айналысуына зор ықпал етеді, соның ішінде, әсіресе ақыл-ойдың дамуына әсері мол.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет