15 Мектеп жасына дейінгі балаларды жасқа байланысты топтастыру.
Мектепке дейінгі жастағылар келесі топтарға бөлінеді :1/ 1-10 күн аралығындағы жаңа туғандар ; 2/ Емізулі сәбилік шақ, 10 күннен–1 жасқа дейінгілер ; 3/ Ерте балалық шақ, 1-3 жастардағылар ; 4/ Бірінші балалық шақ, 4-6 жастардағылар. Бұл келтірілген кезеңге бөлу кеңестер Одағы Педагогика Ғылымдары академиясының балалар мен жасөспірімдер физиологиясы ғылыми-зерттеу институтының басшылығымен өңделіп және пайдаланылуға ұсынылған 2 және 3 топтағылар яслидегі І-ші және ІІ-ші топтарды құрайды.
2-4 жастағылар балалар бақшасының бірінші және екінші майда балалар тобын құрайды. Бірінші балалық шақ (4-7 жастағылар) балалар бақшасының орта тобы (4-5 жастағылар) мен үлкендер тобын (5-6 жастағылар) және мектепке дайындық топтарын (6-7 жастағылар) құрайды.
16 Арнайы әдіс (Ойын және жарыс әдістері)
Дене тәрбиесі үрдісінде спорттық және қозғалмалы ойындардың элементтерін қолдану – ойын әдісі деп аталады. Ойын әдісінің мынандай өзіне тән ерекшеліктері мен белгілері бар:
1. Белгілі бір мақсатқа (жеңіске) жету үшін ойынның жоспары және тәртібі арқылы ойнаушыларды ұйымдастыру.
2. Ойын әрекеттері кезінде ойнаушылардың бәсекелестік, жеңіске деген ұмтылысының, көңіл-күйлерінің көтерілуі.
3. Ойын барысында жаттығушылардың өз бетімен қимыл-әрекет жасауға шешім қабылдауы (ойынға қатысушы жүгірудің, секірудің, лақтырудың жолын өзі таңдайды).
4. Қимыл-әрекеттердің алуан түрлілігі, олардың ойын барысында, әр түрлі жаттығуларда кенеттен пайда болуы.
17 Дене шынықтырудың жүйесі жайлы тусінік
Жүйе (система, грек сөзі, бөліктерден құралған құрылым ұғымын береді дене мәдениетінің мақсаттарына жету және олардың өзара әрекеттестігінің тұтастығын қамтамасыз ететін элементтерінің жиынтығы, қоғамда жеке тұлға денесін жан-жақты жетілдіруге бағытталған өзара байланыстағы шаралар құрылымының кешені.
Дене мәдениеті жүйесінің құрамдас бөлігі мыналар болып табылады:
ұйымдастыру-басқару жүйесі;
ғылыми-әдістемелік қамтамасыздандыру жүйесі;
ел тұрғындары арасындағы дене мәдениеті-сауықтыру және спорттық-рекреациялық жүйе;
спортшыларды дайындау жүйесі;
дене мәдениеті және спорт мамандарын (дене тәрбие пәні оқытушылары, спорт түрлері жаттықтырушылары, менеджерлер және т.б.) даярлау жүйесі.
Достарыңызбен бөлісу: |