№2. Егер өткізгіштің актив кедергісінің ұзындығы 0,1 м болса, ток күші 50 А болғанда өткізгішке индукциясы 10 мТл магнит өрісі қандай күшпен әсер етеді. Индукция сызықтары мен ток өзара перпендикуляр.
№3. Актив бөлігінің ұзындығы 5 см болатын өткізгішке 50 мН күшпен әсер ететін магнит өрісінің индукциясы қандай? Өткізгіштегі ток күші 25 А. Өткізгіш магнит өрісінің индукциясына перпендикуляр.
VII. Жаңа тақырыпты бекіту:
1. Ампер күшi - тогы бар өткiзгiшке магнит өрiсiнiң тарапынан әсер етушi күш.
2. Бет арқылы өтетiн магнит ағыны - магнит индукциясы векторының модулiнiң жазық беттiң S ауданына және мен векторларының арасындағы бұрыштың косинусына көбейтiндiсiне тең шама, мұндағы - жазық бетке түсiрiлген нормаль.
3. Вебер - магнит ағынының өлшем бiрлiгi; В.Э.Вебердiң (W.E.Weber) құрметiне аталған. Вб немесе Wb арқылы белгiленедi .
4. Магнит индукциясының векторы - магнит индукциясының күштiк сипаттамасы.
5. Магнит индукциясы сызықтары - әр нүктедегi жанамалары өрiстiң осы нүктелерiндегi векторының бағытымен сәйкес келетiндей етiп жүргiзiлген бейне сызықтар.
6. Магнит тiзбегi - магнит өрiсi жинақталған кеңiстiктiң аймақтары немесе денелердiң жиынтығы.
7. Құйынды өрiс - тұйықталған күш сызықтары бар өрiс
8. Электрондық өткiзгiштiк – электрондардың қозғалысынан пайда болатын өткiзгiштiк.
9. Магнит өрiсi деп - Электромагниттiк өрiстiң байқалуының бiр түрiн атайды
10. Электронды-сәулелiк түтiкше - термоэлектрондық эмиссия құбылысына негiзделген құрылғы.
VIII. Қорытындылау, бағалау:
Тақырыпқа анықтама бере отырып, сабақ барысындағы жұмыстарға шолу, мақсаттарын орындау дәрежесін көрсету тәсіліне қарай бағалау.
IX. Үй тапсырмасы: 8.4 қайталау, 16 -жаттығу, 15-16 есептерін шығару.
Пайдаланылған әдебиеттер: Б.Кронгарт, В. Кем, Н. Қойшыбаев, Алматы: Мектеп 2014ж. Физика 10-сынып. 157-162 бб.
Жоспарды құрған оқытушы:_________Бекназарова А.О.
Тексерген: Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Алибаев Е.С.
Достарыңызбен бөлісу: |