Сабақты өткізу жоспары №51
Күні: 30.03.2020 ж.
Пән: Физика
Курс, топ: 1 курс 2 топ «ВЕТ»._
Тақырыбы: Лабораториялықжұмыс №20. Жарықтың толқын ұзындығын өлшеу .
Сабақтың түрі: тәжірбиелік сабақ
Өткізу әдісі: Лабораториялық практикум және осы тақырыпқа эксперименттік, сандық т.б. есептер шығару.
Мақсаттары, білімділік: Студенттердің оқылып- зерттелетін құбылыстың физикалық табиғат- заңдылығын терең түсініп- меңгеруін және оны түрлі есептер шығаруда, зертхана- практикалық жұмыстар орындауда тиімді қолдана білуін қамтамасыз ету.
Дамытушылық: Студенттердің лабораториялық жұмысты жүргізуі негізінде дүниеге ғылыми көзқарас танымын қалыптастырып- кеңейту, оқылатын құбылыс-заңдылықтың өмірдегі, физика ғылымындағы орны- ерекшеліктерін зерделей білуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Студенттердің ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Пән аралық байланыс: Геометрия. Информатика
Көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер, оқулық.
Сабақты өткізу барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Студенттермен сәлемдесу, түгендеу. Студенттердің назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру:
1. Электромагниттік индукция қолданылуы?
2. Электромагниттік индукция құбылысы мен заңы?
3. Сол қол ережесі?
4. Қарапайым генератор мен қозғалтқышта және трансформаторда электромагниттік
индукция құбылысы?
5. Өзара индукция?
6. Электромагниттік индукция терминің қалай түсінесіз?
III. Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын жариялау:
Лабораториялықжұмыс №20. Жарықтың толқын ұзындығын өлшеу .
IV. Атқарылатын жұмыстардың жоспарымен таныстыру:
1. Жеке жұмыс
2. Лабораториялық жұмыс №20 нұсқауы бойынша тапсырмаларды орындау.
3. Сұрақ-жауап.
V. Студенттерді тәжірбиелік жұмысқа дайындау (сабаққа қатысты теориялық білімдерін тексеру, бұрын алған білімдерін жандандыру т.с.с):
1. Жарық сәулесі дегеніміз не?
2. Жарықтың толқыны дегеніміз не?
1. Жарықтың толқын ұзындығын анықтау үшін қолданылатын құрылғы?
2. Дифракциялық тор деген не және оның жұмыс принципі неге негізделген?
2. Дифракциялық тор арқылы жарық толқынының ұзындығын өлшеудің қандай маңызы бар?
3. Дифракциялық спектр қалай пайда болады және оның дисперсиялық спектрден айырмашылығы қандай?
VI. Студенттердің өз бетімен жұмыс істеуі:
Берілген лабораториялық жұмыс №16 нұсқауы бойынша жұмыс жасайды. Тапсырмаларды жеке-жеке орындайды. Сұрақтарға жауап береді.
VII. Студенттердің іс - әрекетін бақылау, қажетті нұсқаулар беру:
Тапсырмалардың орындау сапасын қадағалау, жеке тапсырма жұмыстардың атқарылу деңгейін анықтау, білімгерлердің сұрақтарына жауап беру.
VIII.Студенттердің жеке жұмысын бақылау:
Біткен студенттердің тапсырмаларын тексеріп, анықтама бере отырып, бағалар қою.
Орындалған жұмыстарды пысықтау, Студенттердің меңгерген білімдерін талдау, бағалау.
VII. Қорытындылау, бағалау:
Тақырыпқа анықтама бере отырып, сабақ барысындағы жұмыстарға шолу, мақсаттарын орындау дәрежесін көрсету тәсіліне қарай бағалау.
VIII. Үй тапсырмасы: Жарықтың толқындық қасиеттеріне байланысты тақырыптарды жалпы қайталау. Үйде шығаруға есеп: Кирик. Өздік жұмыс № 21.
Пайдаланылған әдебиеттер: Б.Кронгарт, В. Кем, Н. Қойшыбаев, Алматы: Мектеп 2014ж. Физика 10-сынып.
Жоспарды құрған оқытушы:_________Бекназарова А.О.
Тексерген: Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Алибаев Е.С.
Достарыңызбен бөлісу: |