Бесінші жағдай. Кез-келген өнегелі айтишник, желі администраторы егер ол айлығын әдемі көздері үшін ғана алып жатпаған болса, екінің 0-ден 16-ға дейінгі дәрежесін жатқа білуі тиіс.
Майда префикстерді (хосттар аз болатын, ұзын маскалы) үлкен (қысқа маскалы, хосттар көп болатын) префикстерге біріктіру процессі агрегация немесе қосақтау деп аталады. Бұл, маршрутизаторға желідегі жіберу желісін іздеуге қажет болатын мәліметті азайтуға мүмкіндік беретін маңызды процесс. Мысалыға айталық, провайдерлер клиенттерге /29 типті мыңдаған майда блоктарды таратады, бірақ интернет олардың барлығы туралы ештеңе білмейді. Оның орнына әр провайдерге /19 типті және одан да үлкен префикстер бекітіледі. Бұл глобаль интернет-маршрутизация кестесіндегі жазбаларды едәуір кемейтуге мүмкіндік береді.
Алтыншы жағдай. Масканың ұзындығы үлкен болған сайын, ішкі желіде соншалық аз хосттар болуы мүмкін, және адрестердің соншалық көп бөлігі ішкі желі адресі, бағытталған бродкаст және шлюзге адрес беру үшін қолданылады. Мысалы, /29 маскалы ішкі желіде (232-29 = 8 комбинация) қолдануға болатын 5 қана адрестер қалады (62,5%). Енді өзіңізді корпоративтік клиенттерге мыңдаған /29 блоктарын беретін провайдер ретінде елестетіп көріңіз. Сөйтіп, желіні сауатты түрде бөлу (адрестік жобаны құру) – бұл кішігірім ғылым.
Адрестердің үлкен диапазондары болған кезде, әдетте жеке қолдануға болатын блоктарда 10.0.0.0/8, 172.16.0.0/12 и 192.168.0.0/16, әрине, ұзындығы бойынша октеттердің шекараларымен сәйкес келетін маскаларды қолданған тиімді: /8, /16, /24 немесе, сәйкесінше, 255.0.0.0, 255.255.0.0 и 255.255.255.0. Оларды қолданған кезде, миға немесе калькуляторға жеңілдіктер жасауға болады. Бұл әрине дұрыс, бірақ жалқаулық көп жағдайда жақсы нәрсеге алып келмейтіндігін есте ұстаған дұрыс.
Және соңғысы. Атақты адрестер класстары түсінігі. Құрметті ағайындар, бұл сөзді мәңгілік ұмытыңыздар. Міне жақында бұл түсініктің жоқтығына 20 жыл толады (!). Класстар түсінігі префикстердің ұзындығы кез-келген болуы мүмкін екендігі мен адрестерді /8 блоктарымен таратқанда ешқандай интернеттің болмайтындығы түсінікті болғаннан бері жоқ.
Кейде «кейбір мамандар» мынандай сөздермен «мынандай класстың адресі» деп айтып мақтануды жақсы көреді. Айталық, көбінесе 10.1.2.0/24 секілді желі туралы «С класының желісі» деген сөздерді есітуге болады. Желінің класы (ол болған кезде) масканың ұзындығына ешқандай қатысы жоқ болған және ол мүлдем басқа факторлармен анықталатын болған (адрестегі биттер комбинацияларымен). Сонымен қатар, желінің класы масканың ұзындығы осы класқа бекітілген ұзындықта болуы керек екендігін міндеттеген. Сондықтан, көрсетілген ішкі желі 10.1.2.0/24 ешқашан С классына жатпаған және жатпайды да.
Бұл туралы еске алмаған дұрыс. Бастысы, кейбір адрес блоктарының арнайы мағыналары туралы RFC3330 қол астына жиналған глобальді конвенциалар бар екендігін білу керек. Мысалы, аталып кеткен блоктар 10/8, 172.16/12 және 192.168/16 (иа, префикстерді хосттық жағын алып тастап жазуға болады) интернетте маршрутизациалауға тиым салынған жекелік пайдаланылуға арналған диапазондар ретінде анықталған. Әркім оны өзінің жекелеген мақсаттарында пайдалана алады. 224.0.0.0/4 блогы мультикаст үшін резервтелген және т.с.с. Бірақ мұның бәрі басқарушылық қарым-қатынасты жеңілдету үшін қабылданған келісімдер ғана. Бірақ мен бұл келісімдерді бұзуға кеңес бермеймін, техникалық тұрғыдан кез-келген мақсат үшін кез-келген адресті пайдалануды ешкім шектей алмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |