Пән: Информатика
Дәріс №3
Тақырыбы: ІР-адрестер.
IP-адрес (v4) 32-биттен тұрады. Кез-келген өзін құрметтейтін админ, онымен бірге айти маман (желі инженерлері туралы үндемей-ақ қояйық), түн ортасында ұйқысынан оятқанда «IP-адрес қанша биттен тұрады» деген сұраққа дұрыс жауап бере алуы керек. Онымен қоса IPv6 туралы білген де артықтық етпейді, IPv6 128 биттен тұрады.
Бірінші жағдай. Барлығы
232 = 210*210*210*22 = 1024*1024*1024*4 ≈ 1000*1000*1000*4 = 4 млрд
Ipv4-адрестер болуы мүмкін.
IPv4-адрес қалай жазылатынын бәрі біледі деп ойлаймын. Ондық жүйеде, басындағы нөльдерсіз, нүктелермен бөлінген төрт октет (октет – байт дегенді білдіреді): «192.168.11.10».
IP-адрес пакетінің тақырыбында (заголовок) source IP және destination IP өрістері бар: жіберушінің адресі және қабылдаушының адресі (кімге жіберіліп жатыр). Почта конвертіндегі секілді. IP-адрес пакеттерінің ішінде маска туралы ешқандай мәлімет жоқ. Октеттердің арасындағы бөлу белгілері де жоқ. Жай ғана 32-бит қабылдаушының адресі және тағы 32 бит жіберушінің аты. Тағы да қайталаймыз: маска IP-пакет тақырыбы құрамында жіберілмейді.
Компьютерлерге маска ішкі желі (подсеть) шекараларын (басқаша айтқанда диапазонын) анықтау үшін қажет. Яғни, әр компьютер кімнің онымен бірге бір [ішкі] желіде, кімнің осы желіден тыс орналасқандығын білуі үшін. Мұндағы негізгі мақсат, бір желі ішінде орналасқан компьютерлер пакеттермен «тікелей» алмасады, ал егер пакеттерді басқа желіге жіберу керек болса, онда пакеттер үнсіз келісім бойынша шлюзге жіберіледі. Осы жағдай қалай іске асатынын қарастырайық.
Ішкі желі маскасы – ол да 32 бит. Бірақ, онда нөльдер мен бірліктер алмасып, кезектесіп кездесуі мүмкін емес. Әрқашан, бірінші тек бірнеше бірліктер, содан соң ғана бірнеше нөлдер. Яғни, келесі түрдегі маска болуы мүмкін емес:
120.22.123.12=01111000.00010110.01111011.00001100.
Бірақ, мына түрдегі маска болуы мүмкін:
255.255.248.0=11111111.11111111.11111000.00000000.
Басында N бірлік, содан соң 32-N нөлдер. Мұндай жазу түрі артықшыл (яғни, көп символ жазуға тура келеді) екенін түсіну қиын емес. Негізінде масканың ұзындығы деп аталатын N саны да жеткілікті. Көбінесе осылай жазу түрі пайдаланылады: 192.168.11.10 255.255.248.0 деп жазудың орнына 192.168.11.10/21 деп жазылады. Жазудың екі түрі де бір мағынаны береді, бірақ екінші жазу түрі ыңғайлылау екені көрініп тұр.
Ішкі желінің шекараларын анықтау үшін, компьютер IP-адрес және маска арасында биттік көбейту (логикалық ЖӘНЕ) орындайды. Көбейтіндінің нәтижесінде масканың нөлдері тұрған позициялар нөлге айналдырылған адрес алынады. Мысал қарастырайық 192.168.11.10/21:
11000000.10101000.00001011.00001010
11111111.11111111.11111000.00000000
_________________________________________________
11000000.10101000.00001000.00000000 = 192.168.8.0
Достарыңызбен бөлісу: |