P.s. Жазылған нәрселер түсінікті болуы үшін мысал қарастырып көрейік:
Мысалы, біздің компьютеріміздің ip адресі 192.168.10.10, ал желі маскасы /27, яғни 255.255.255.224. Біздің мақсатымыз желі адресін, броадкастты және осы желіде неше хост адресі бар екенін анықтау. Біріншіден, өзіміздің ip адрес пен масканы екілік жүйеге айналдырамыз:
192.168.10.10 — 11000000.10101000.00001010.00001010
255.255.255.224 — 11111111.11111111.11111111.11100000
Енді осы екілік жүйедегі сандарды биттік көбейтеміз (логикалық ЖӘНЕ):
11000000.10101000.00001010.00001010
11111111.11111111.11111111.11100000
___________________________________
11000000.10101000.00001010.00000000 = 192.168.10.0
алынған адрес, біздің ішкі желіміздің адресі, енді егер біздің маскамыздың нөлдері (соңғы 5 позиция) тұрған позицияларга тек бірліктерді қойсақ, біз мынандай сан аламыз:
11000000.10101000.00001010.00011111 = 192.168.10.31
бұл біздің броадкаст адрес болады. Осы екі адрестің арасындағы 192.168.10.1 — 192.168.10.30 адрестер диапазонын, компьютерлерге беру үшін қолдануға болады, сонда барлығы 30 адрес. Көрнекілік үшін бұл санды мақалада жазылған әдіспен есептеуге болады: 232-27-2 = 32-2 = 30.
Достарыңызбен бөлісу: |