Пән: Информатика Дәріс №3 Тақырыбы



бет3/5
Дата06.02.2022
өлшемі23,05 Kb.
#79487
1   2   3   4   5
Байланысты:
Дәріс 3

Төртінші жағдай. Айтылғандардан 192.168.8.1 адресіндегі маршрутизатор (шлюз немесе маршрутизатор – екеуі бір нәрсе), мысал үшін, 192.168.8.5 және 192.168.8.7 хосттарының арасындағы жүретін трафик туралы ештеңе білмейтіндігі келіп шығады. Жаңадан бастап жатқан администраторлардың ең жиі қателіктері, ол шлюз арқылы ішкі желідегі хосттардың арасындағы трафикті шектеу немесе басқаруға әрекет жасау. Трафик шлюзден өтуі үшін адресат және жіберуші әр түрлі ішкі желілерде орналасуы қажет.

Сөйтіп, желіде (тіпті өте кіші кәсіпорын болса да), әдетте, желілер арасындағы трафикті басқаратын және маршрутизациялайтын бірнеше IP- ішкі желілер (2+) және маршрутизаторлар (нақтырақ айтқанда файрвол, бірақ осы контекстте бұл сөздерді синонимдер деп есептеуге болады) болуы керек.

Келесі қадам – ол ішкі желіні одан да кіші ішкі желілерге бөлу. Бізге ұнап қалған 192.168.8.0/21 желісін екі /22 ішкі желісіне, төрт /23 ішкі желісіне, сегіз /24 және т.с.с. Жалпы ереже, мынандай: K=2X-Y, мұндағы K – маскасы X ұзындықты болатын ішкі желіге кіретін маскасы Y ұзындықты ішкі желілер саны.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет