Форма шебері (Мастера форм) режимінде, бір немесе бірнеше негізгі кестелердің өрістерімен толықтырлған бағынышты кестенің жазбаларын көрсететін көпкестелі форма жасаңыз (47-48-суреттер).
Форманы және ондағы объектлердің қасиеттерін өзгертіп қалауыңызша редакциялаңыз.
Форманы сақтап, онымен көру режимінде жұмыс жасаңыз.
Бақылау сұрақтары:
Форма не үшін керек?
Форма жасаудың қандай режимдері бар?
Форма шебері (Мастера форм) режимінде өрістерді таңдаудың қандай мүмкіндіктері бар?
Формаға қандай элементтерді орналастыруға болады?
Форма шебері (Мастера форм) режимінде форманың қандай түрлерін таңдауға болады?
Форма үшін қасиеттер терезесін қалай шақыруға болады?
Формада орналасқан кез келген элемент үшін қасиеттер терезесін қалай шақыруға болады?
Қасиеттер терезесінде қандай парақшалар бар?
Формада өріс үшін тізімнен мәндерді таңдауды қалай жасауға болады?
Автоформа: бір бағаналық (в столбец) режимі форма жасаудың қандай мүмкіндіктерін береді?
Автоформа: таспалық (ленточная) режимі форма жасаудың қандай мүмкіндіктерін береді?
Автоформа: кестелік (табличная) режимі форма жасаудың қандай мүмкіндіктерін береді?
Автоформа: кестелік (табличная), Автоформа: таспалық (ленточная), Автоформа: бір бағаналық режимдерінің айырмашылығы неде?
Форма жасаудың Конструктор режимі не үшін керек?
Форма жасауда Конструктор режиміне қалай кіреміз?
Форманы редакциялауда Конструктор режимі қандай мүмкіндіктер береді?
Формадағы жазбаның (надпись) фон түсі мен мәтін түсін қалай өзгертеміз?
Өрістің қаріп, қаріп мөлшері, қоюлығы және т.б. қасиеттері үшін жаңа параметрлерді қалай таңдаймыз?
Формаға суретті қалай ендіреміз?
Формадағы батырма не үшін керек?
ә) Өткен сабақта біз сіздермен Microsoft Access редакторында кесте мен форма құрып, формаға батырмалар енгізуді үйренген болатынбыз. Осы өтілген тақырып бойынша менің сіздерге қоятын мынадай сұрақтарым бар:
Пішін дегеніміз не? (Пішін дегеніміз -кестенің деректерін енгізу және бір жазуды көру үшін қолданылатын экранның арнайы форматы болып табылады.)
Пішін құру тәсілдерін атап беріңіздер.
(Пішін құру Құру тәсілдері: автоматты түрде -Автоформа, шебер арқылы-Мастер форм, өз қолымен – Конструктор.)
Пішінді көрсету режимдері қандай? (конструктор режимі, форма режимі, кесте режимі).
Режимдер арасында ауысу қалай іске асады? (Режимдер арасында ауысу Вид менюі арқылы іске асады.)
«Конструктор режимінде» пішіннің 3 бөлімі қарастырылған. Оларды атап беріңіздер.
(1. форманың тақырып жолы-бұл бөлім форманың 1-ші бетінің ең басында орналасады және тақырыптың атауын орналастыруға арналған;
2. форманың ескерту бөлімі – соңғы беттің ең соныңда орналасқан, пайдаланушыға арналған кеңестер және басқада қажет ақпаратты орналастыруға пайдаланады.
3. деректер аумағы – деректердің жазулары орналасқан.)
Енді балалар әркім өздерінің компьютерлеріне отырып, өткен тақырып бойынша жұмыс жасаймыз, тапсырма барлықтарыңа ортақ, яғни алдын-ала дайын кестелеріңе пішін құрып, оларға батырмалар енгізу жолдарын көрсетесіздер, балалар уақытымыз шектеулі, компьютерде барынша шапшаң қимылдауға тырысайық!
Достарыңызбен бөлісу: |