Пән: Информатика Тақырыбы: МҚбж microsoft Access мәліметтердің бейнеленуі Сабақтың мақсаты



бет10/16
Дата25.05.2020
өлшемі0,59 Mb.
#71000
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
20. 05.2020 Информатика

Объект таңдау

  • Шеберлер

  • Жазба

  • Өріс

  • Топ

  • Өшіргіш

  • Ауыстырғыш

  • Жалауша

  • Тізімі бар өріс

  • Тізім

  • Батырма

  • Сурет

  • Объекттің бос шектеулер

  • Бетке бөлу

  • Тіркемелер жиынтығы

  • Бағынышты форма/ отчет

  • Сызық

  • Тікбұрыш

  • Қосымша элементтер

    Бұл аспаптар тақтасының батырмаларын қолдана отырып, тұтынушы форма арқылы мәліметтер базасымен жұмыс істеу үшін ыңғайлы графикалық интерфейс жасайды.

    Сонымен қатар, негізгі аспаптар тақтасынан төмен форматтау тақтасы орналасқан. Тақтаның терезелері мен батырмаларын атап шығайық (солдан оңға). Бірінші терезе форматталатын объектілерді таңдауға мүмкіндік береді. Екінші терезеде қаріпті, үшіншіде – оның өлшемін таңдауға болады. Одан кейін мәтіннің келесі қасиеттерін тағайындайтын 3 батырма және туралау батырмалары орналасқан: Жартылай қарайтылған, Курсив, Асты сызылған, Сол жаққа, Ортаға, Оң жаққа. Келесі батырмалар – фонның түсі, Мәтін түсі, Сызық-шекара түсі, Сызық-шекара қалыңдығы және Кәдімгі көркемдеу батырмалары.

    Жалпы форма сияқты оның әрбір элементінің де өзіндік қасиеттері бар. Оларды тышқанның оң жақ батырмасын басып жанама менюдің Қасиеттер командасын немесе Түр – Қасиеттер (Вид – Свойства) командасын орындап, қарауға, түзетулер енгізуге болады. Форманың жанама менюінен шығару үшін курсорды Конструктор терезесіндегі сызғыштардың қиылысуының сол жақ жоғарғы бұрышын орналастырып тышқанның оң жақ батырмасын шерту керек. Форманы Түзету – Форманы белгілеу (Правка – Выделить форму) командасымен белгілеуге болады. Ашық формадан Конструктор режиміне көшу үшін аспапдар тақтасында Форманы көрсету (Представление формы) батырмасын басып немесе Түр – Қалытар Конструкторы (ВидКонструктор форм) командасын орындап жүзеге асыруға болады.

    Тақырып мәтінін енгізу үшін элементтер тақтасындағы Жазба (Надпись) батырмасын қолданамыз. Жазбаны формаға орналастыру үшін тышқанды осы батырмаға бір шертіп, тышқан көрсеткішін формадағы керекті жерге орналастырып, тышқанның сол жақ батырмасын басып жібермей объектіні қажетті өлшемге дейін созамыз. Одан кейін жазба (надпись) мәтінін енгізіп, Enter батырмасын басамыз. Жазбаның (Надпись) өлшемін өзгерту немесе басқа жерге орналастыру керек болса, басқару элементіне шерту керек. Жазба (Надпись) шекаралары нүктелермен ерекшеленеді – 34 суретте «Нөмір» жазбасы солай ерекшеленген. Мәтінді көркейту кезінде форматтау тақтасында қажетті қаріп пен басқа параметрлерді таңдауға болады. Бұл жазба үшін 34 суретте қасиеттер терезесі көрсетілген, “Барлығыпарақшасында Қаріп - Arial Cyr, Қаріп өлшемі - 11, Қоюлығы – жартылай қарайтылған қасиеттері көрсетілген. Қасиеттердің басқа түрлерін таңдап, қажет параметрлерін орнатуға болады, мысалға Фон түсі, Көркейту, Шекара түрі, Шекара түсі, Мәтін түсі т.б.



    Формада өріс жасау үшін Өріс, Тізімі бар өріс және Тізім сияқты элементтер тақтасының батырмаларын пайдаланамыз. “Зауыт” кестесі үшін Конструктор режимінде форманы жобалау мысалымен өрістерді қалай құру керек екендігін қарастырайық. Форманың бастапқы түрі 35-суретте көрсетілген.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет