Инклюзивті білім беру - (ағылш. inclusion – қосу, фр. Inclusif - өзіне енгізуші, лат. Include - қосамын, кіргіземін) – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім беру үрдісінің дамуы.
Ерекше білім алу қажеттіліктері бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады
Интеграция үдерісі - (лат. integratio – біріктіру, қайта қалпына келтіру) қандай да бір жүйенің жеке элементтері мен бөліктерінің өзара тәуелділігі мен өзара бір-бірін толықтыратын қасиеттері негізінде қосылып біртұтас жүйеге айналуы.
«Инклюзия» мен «Интеграция» ұғымдарын шатастыруға болмайды. Интеграцияның тәжірибесі ерекше оқытуды қажет ететін балаларды арнайы мектептерден жалпы білім беретін мектептерге қайтару талабымен шектеледі.
Интеграцияның инклюзиядан айырмашылығы – белгілі бір топтарға ерекшелігі бар баланы ұжымдық әрекеттер орындау барысында ғана қосу.
Инклюзия тек білім беру саласын ғана емес, сонымен қатар барлық қоғамдық қатынастарды да қамтиды: еңбек, қарым-қатынас, сергу мен көңіл көтеру. Барлық жерде қолжетімді және өзара сыйласым жағдайы орнауы қажет, қоршаған әлеуметтік ортадағы кедергілер мен қоғамдық санадағы кедергілер жойылуы керек.
Инклюзивті білім берудің қағидалары
9 тақырып: Инклюзивті (интеграцияланған) оқытудың пайда болу тарихы мен әлемдік тәжірибесі Жоспар:
1. Европа, АҚШ, Азия елдеріндегі интеграция мен инклюзивті білім берудің пайда болу тарихы.
2. ТМД-дағы интеграция мен инклюзивті білім берудің пайда болу тарихы.
Педагогикада «әлеуметтік интеграция» термині ХХ ғ. пайда болды және алдымен АҚШ-та тек нәсілдік, этникалық аз халықтар мәселесінде, кейінгі онжылдықтарда эмигранттардың балаларына қатысты қолданылды.
ХХ ғ. 60-ж. Европа континентінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға (мүгедектерге) қатысты қолданыла бастады.
Педагогика тарихында Европалық білім беру тәжірибесіне бірге оқыту феномені («интеграция» емес нақ осылай аталған) деген педагогикалық идеяны енгізген педагог И.Г.Песталоцци (1746-1827) болды.
Көру, есту, зият кемістігі бар балаларды сау балалармен бірге оқыту идеясы XIX ғ. бірінші жартысында европалық мұғалімдердің ойын жайлаған идея болды (Франция, Германия, Австрия т.б.).
Неміс педагогы Фридрих Х.К.Шварц 1829 ж. «Саңырау және соқыр балаларға арналған өте жақсы білім беру мекемелері бар, енді келешекте халықтық мектептерді де осы мектептердің жетістіктерімен толықтыру маңызды қадам болып табылады, әрі бұл халықтық мектептердің әдістемелік қазынасын байыта түседі» деп жазды.
Францияда дамуында ауытқуы бар балаларды халықтық мектептерде оқытып, жақсы нәтижелерге қол жеткізген А.Бланшенің тәжірибесі кеңінен танымал болды.