Қазақстан Республикасының
заңнамалық базасы
• Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдері
• Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі
• Инклюзивті білім беру жағдайында қызмет ететін мұғалімдердің кәсіби құзіреттіліктеріне қойылатын талаптарды дайындау
• Инклюзивтік білім беру жағдайында 8 санат бойынша ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балалардың оқытуын ұйымдастыру
• Жалпы білім беретін мектептерде арнайы сыныптардың жұмысын ұйымдастыру
• Білім беру ұйымдарының тәжірибесіне инклюзивтік педагогика мен енгізу жүйесінің қағидаларын дайындау
• Білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық консилиум ережесі
• Мектептік консилиумдар құру және ерекше қажеттіліктері бар балаларға интенсивті, кең және арнайы қолдау көрсету
• Ерекше қажеттіліктері бар балаларды жалпы білім беру үдерісіне енгізу үлгілерін дайындау
• Ерекше оқыту қажеттіліктеріне қарай қысқа мерзімдік, орташа мерзімдік және ұзақ мезімдік негізде оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету.
Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА бекіткен материалдар:
Жеке тұлғаға бағытталған және жеке көзқарасты, пәнаралық және командалық қатынасты ескере отырып, барлық балаларға арналған қолжетімді білім беру ортасының болуы
Инклюзивті білім беруді енгізу мен дамытудың механизмдері
Әдіснамалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету
Кадрлық қамтамасыз ету
Оқу процесін материалдық-техникалық жабдықтау және инфраструктураларға фзикалық қолжетімділікті қамтамасыз ету
Ақпараттық қамтамасыз ету.
Инклюзивті білім беру қағидаларын енгізу мен жүзеге асыру
Қазақстан Республикасындағы инклюзивті білім беру
Әдіснамалық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету
Кадрлық қамтамасыз ету
Ақпараттық қамсыздандыру
Қазіргі уақытта кейбір инклюзивті мектептерде тәжірибелік алаңдарға
әдістемелік қолдау көрсететін ресурстық орталықтар бар.
Бірақ жалпы білім беретін мектептер, инклюзивті білім беру жағдайлары бар мектепке дейінгі ұйымдар және ерекше қажеттіктері бар әр түрлі санаттағы балаларға арналған арнайы оқу
орындары арасында ынтымақтастық тәжірибесі жоқ
Тәжірибе алмасу, ерекше қажеттіліктері бар балалармен түзету-педагогикалық жұмыс бойынша консультациялар, семинарлар мен шеберлік сыныптарын өткізу үшін аталған оқу орындары арасында тығыз өзара әрекеттестік қажет.
Тағы бір мәселе - ата-аналардың инклюзивті практиканы қабылдамауы
Ата-аналар өздерінің білімі аз болғандықтан, инклюзия идеясын қабылдағысы келмейді, дегенмен олар қазір балаларын тәрбиелеу процесін бағалауға өте
белсенді қатысады және сынайды.
Бұл жерде қарсылық «ерекше» балалы болу проблемасына кезікпеген және
ерекше балаларды қабілетсіз немесе қоғам үшін ауыртпалық деп санайтын ата-аналарға қатысты екенін атап өтуге болады.
Ерекше балалардың ата-аналарының өздері аз қарсылық көрсетеді, себебі
олар баланы жалпы білім беру ортасына қосудың оң әсерін көрмейді.
Мұның себебі - кейбір аймақтарда инклюзивті білім берудің дайындықсыз және жаппай асығыс енгізілуі.
Достарыңызбен бөлісу: |