Пән: «Жалпы патология». Тақырып №9


ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ



бет2/13
Дата22.06.2020
өлшемі363,04 Kb.
#74268
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
жуйке жуйеси

ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ

БҰЗЫЛЫСТАРЫНЫҢ ТИПТІК ТҮРЛЕРІ

Жүйке жүйесі қызметтерінің бұзылыстарының типтік түрлері көп түрлі, барлығы 3 топқа бөлінеді, ол ағза және тіндерде жүйке әсерлерінің өзгеруіне, оларға жүйке жүйесінің жауабына және жүйке қызметінің бұзылу түріне байланысты болады



Әсер ету қарқынының межесіне қарай бөлінеді:

  • нейрогендік әсерлердің дерттік күшеюі;

  • нейрогендік әсердің тінге және ағзаға дерттік әлсіздігі.

Меже бойынша, жүйке қызметінің бұзылуының басым болуына қарай бөлінеді:

Қимылдың нейрогендік бұзылысы қимыл санының, олардың қарқынының және үйлесімділігінің (кординация) дертті өзгешелігімен сипатталады. Қимылдың нейрогендік бұзылыстары келесі топтарға бөлінеді:

  • гипокинезиялар – ерікті (икемді) қимылдық көлемнің санының және жылдамдығының шектелуі;

  • гиперкинезиялар – еріксіз қимылдық бесенділіктің және бұлшықет жиырылуы күшінің төмендеуі;

  • атоксиялар – қимыл кординациясының бұзылуы.

Сезгіштіктің нейрогендік бұзылыстары бірнеше меже бойынша жіктеледі. Сезгіштіктің бұзылысының түріне байланысты және сезгіш нерв ұштарының орналасу жеріне байланысты бөлінеді:

  • бұзылудың контактілік түрі (мысалы, жанасулық, ауырсынулық, температуралық сезгіштіктер);

  • бұзылудың ара қашықтықтық түрі (мысалы, көру, есту, иіс сезу анализаторларды (талдауышы) шет бөліктеріндегі бұзылыстар;

  • экстрорецепторлық сезгіштіктің бұзылысы (мысалы, тері және сілемей қабықтарда сезгіштік жүйке ұштарында жарақатпен байланысты);

  • интероцепторлық сезгіштіктің бұзылысы (мысалы, висцерорецепторлар, проприорецепторлар жарақаттарының нәтижесінде).

Сезімді қабылдау қарқынының бұзылуына байланысты, ажыратылады:

  • анестезия, яғни сезгіштіктің толық жойылуы;

  • гипестезия, яғни сезгіштіктің төмендеуі немесе түрлері;

  • дизестезия – оны шақырған тітіркенгішке адекватты (сәйкес) сезімінің бұзылуы.

Ауырсыну – сезгіштіктің ерекше түрі, патогендік тітіркендіргіштер әсерінен қалыптасады және субьективті жағымсыз сезім санымен бірге организімде айтарлықтай салмақты өзгеріс, оның өлуіне дейін апаруымен сипатталады. Ауырсынулар эпикритикалық және протопатиялық болып айырылады (15.1-кесте):

  • эпикритикалық («шапшаң», «бірінші», «секіртпелік») ауырсыну пайда болады, кіші және орташа күшті тітіркенгіштер нәтижесінде;

  • протопатиялық («баяу», «зілді», «көне») ауырсыну пайда болады, күшті «бүлдіргіш», «масштабты» тітіркенгіштер әсерінен.

15.1-кесте. Эпикритикалық және протопатиялық ауырсынулардың салыстырмалы сипаты



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет