Геморрагиялық инсульт
Геморрагиялық түрде (геморрагиялық инсульт) ми қанайналымының жедел бұзылуы – бас миы тініне қан құйылу ошағы, әдетте гематома жасалады.
Этиологиялық факторы гипертония ауруы, ми тамырларының аневризімінің жарылуы, бас миының зақымдары және т.б.
Морфология. Қан құйылу жиі үлкен жарты шарлар аймағында орналасады, сиректеу – көпір аймағында және өте сирек мишықта болады. Қан құйылудың екі түрі бар:
қан құйылу гематома түрінде, ол қан қатпарларына толған қуыс жер болы табылады. Қуыс қабырғаларына қан жұғып сіңген, қолайлы аяқталуында қабырғаларда сидерофагтар жиналады, осы жасалған кистада (жылауықта) таттанған түстес болады;
қан құйылу геморрагиялық сіңу түрінде, ми затында көптеген майда бір-бірімен жалғасқан қан құйылу ошағы болады, қуыс қалыптаспайды.
Аяқталуы. Үлкен көлемде қан құйылуда өлім ми тінінің үлкен бөлігінің бұзылуынан, ми ісінуінен немесе қанның ми қарыншаларына өтуі және олардың гемотампонадасында болады. Қолайлы аяқталуда бас миында «тотыққан» кисталар, сонымен бірге әр түрлі қызметтік бұзылыстар, қан құйылудың орнына, көлеміне қарай дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |