СЫНЫПТАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛ Сыныпта қолданылатын психологиялық-педагогикалық әдістер сыныптың бейресми құрылымын анықтауға, көшбасшыны және оның топтағы рөлін айқындауға;
сыныптың формалды және бейресми құрылымын түзетуге (мәселен, формалды көшбасшыны қайта таңдау арқылы);
сыныптың ауызбірлік деңгейін және оның психологиялық ахуалын анықтауға;
ұжымның ауызбіршілігіне бағытталған ойындар қолдануға;
сыныптағы жанжалдардың себебін анықтау және оның құрылымдық шешімі үшін әлеуметтік-психологиялық әдістерді қолдануға;
оқушылардың жеке ерекшеліктерін зерттеуге;
коммуникативтік дағдыларын дамытуға;
педагогтар мен сынып жетекшілерінің тұлғалық және олардың педагогикалық стильдерінің өзара әрекетке: ұжымдағы өзара қарым-қатынасты әлеуметтік-психологиялық жағынан түзету ықпалын (әлеуметтік-психологиялық тренингтер және психологиялық кеңестер өткізу) анықтауға бағытталған.
Қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру бойынша педагогикалық жұмысты ұйымдастыру әрекеттің әр түрін қамтиды: уақытты бірге өткізу, ұжымдық және жеке әңгімелер, ойын-тренингтер және т. б.
Педагогтар мен мектеп психологтары пайдаланатын неғұрлым тиімді әдіс команда құру тренингтерін өткізу болып табылады. Олар барлық сынып ұжымы мүшелерінің тиімді және анық түрде өзін көрсетуіне мүмкіндік береді.
Тренинг кезінде орындалатын сан алуан тәжірибелік әрекеттер балалардың үлкен қызығушылығын тудырады, қызықты және еркін формада балалардың бойында қажетті қасиеттердің, атап айтқанда, ұжымды сезінушілік, тең құқықтық, сөйлеу еркіндігі, достық пен жолдастықтың қалыптасуына жол ашады.
Сынып ұйымшылдығына арналған тренингтер және сенім ахуалын қалыптастыру
«Түсті ұстап көр»
Жүргізушінің пәрменімен балалар нақты бір түсті ұстап көруі қажет және бұл ретте өзіндегі және жүргізушідегі осы түске қол тигізуге болмайды. Кім соңғы болып ұстаса, сол ойыннан шығады.
«Атомдар»
Барлық ойыншылар алаңмен абыр-сабыр жүреді. Жүргізушінің пәрменімен олар атомдардың берілген санымен (мысалы, үш-үштен) неғұрлым тезірек молекулаларға бірігуі қажет, яғни балалар қасында тұрған оқушылармен үш-үштен бірігеді және т. с. с.