6–8 адам шағын, тығыз шеңберге тұрады да, алақандарын алға жіберіп, қолдарын иықтың деңгейіне қояды. Бір оқушы ортаға шығады, көзін жұмады, денесін бос ұстап, өзін қоршаған балалардың алға созған алақандарына қарай құлай бастайды. Олар оны жеңіл ғана ұстап алады да, басқа қатысушылардың алақандарына ақырын барып құлайтындай етіп итереді. Осылайша оны 1–1,5 минут теңселтеді. Содан соң шеңбер ортасына басқа оқушы шығады.
Артық дене күші қолданылмауын қадағалау қажет. Сондай-ақ бұл ойынға қатысу тек ерікті түрде жүреді. Ойынға қатысқысы келмейтін оқушылар жай ғана ойын барысын қадағалап тұрса болады.
Бұл жаттығулар өзара сенімнің, жауапкершіліктің, эмпатияның, бірлескен әрекеттер үйлесімінің және т. б. қалыптасуына ықпал етеді.
Ойындар ұжымдық, командалық жұмыстардың негізгі ұстанымын көрнекі түрде дамытады.