Пән жетекшісі: Суранчиева З. Т орындаған: Бишер С. М алматы, 2022 ж



бет4/7
Дата02.11.2022
өлшемі1,79 Mb.
#156149
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
4тапсырма

«Дауыс бойынша жиналу»

Жүргізуші қатысушыларға алдын ала дайындалған картинкаларды үлестіреді, оларда жануарлар мен құстардың (ит, мысық, сиыр, әтеш, тасбақа, көкек, үйрек және т. б.) атаулары жазылған (салынған).
Картинканы көрсетпестен оқушылар көздерін жұмады. Жүргізуші тапсырма береді: көзін ашпастан, тек берілген немесе басқа да жануарлар мен құстардың шығарған дыбыстары бойынша өз «отбасын» тауып, соған қосылу керек. Бұл кезде сөйлеуге тыйым салынады, тек дауысқа еліктеуді пайдалануға ғана рұқсат етіледі.
Балалар өз «отбасын» табуға (дыбыспен) тырысып, басқа дауысқа еліктеулерді мұқият тыңдай отырып, қатты үріп, мияулай бастайды және т. б.

  • «Жанды айна»

Қатысушылар үштікке бірігеді. Музыка қосылады, әр үштіктен бір оқушы 1–2 минут ішінде музыка ырғағына сай өздері қалаған кез келген қозғалыс жасайды. Басқа екі оқушы «жанды айна» рөлінде өнер көрсетеді, яғни олардың қозғалысын қайталайды. Содан соң орындар алмасады, үштіктің басқа қатысушысы белсенді қозғалыс жасайды, қалғандары оны қайталайды және т. б.

  • «Жұлдызқұрт»

Сыныптың барлық оқушылары алдындағы көршісін белінен ұстап, бірінің артынан бірі сапқа тұрады. Осы дайындықтан соң жүргізуші сыныптың жұлдызқұрт екенін, сондықтан алдында тұрған адамнан қатты ұстау керектігін түсіндіреді.
Жұлдызқұрт қалай ұйықтайтынын, тамақтанатынын, жуынатынын, жаттығуды қалай жасайтынын және т. б. көрсетуге тиіс. Бұл ретте оқушылар өзінің алдында тұрған балаларды қатты ұстап тұрады.

  • «Айдаһар»

Сынып оқушылары алдындағы көршісін белінен ұстап, бірінің артынан бірі сапқа тұрады. Саптың басы – бұл айдаһардың «басы», соңы – «құйрығы». «Бас» «құйрықты» ұстауға тырысады, ол өз кезегінде тайқып кетуге тырысады. Тапсырманы орындау кезінде барлық сап белсенді қозғалады, бірақ қатысушылардың қолдары ажырамайды.
Ойынға көп кеңістік қажет (10 адамнан тұратын топ үшін – кемінде 5х5 м), айналада үшкір бұрыштар мен жарақат алуға соқтыратын басқа да заттар болмауы тиіс. Ойын бірнеше рет қайталанады, қатысушылардың сапқа тұру тәртібі әр қатысушы түрлі позицияда: бірде саптың басында, ортасында және соңында болатындай ауысып тұрады.
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет