Пән коды: hrmi 3213 Мамандығы: 051101



бет1/4
Дата10.06.2017
өлшемі0,7 Mb.
#18361
түріСабақ
  1   2   3   4
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

МЕЙІРБИКЕ ІСІ КАФЕДРАСЫ АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ ЖӘНЕ РЕАНИМАТОЛОГИЯ КУРСЫ



Пән: «Хирургия мен реанимациядағы мейірбике ісі»

Пән коды: HRMI 3213

Мамандығы: 051101 – «Мейірбике ісі»

Курс 3

Кредит №2

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫНА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ ҚҰРЫЛЫМЫ

Құрастырған:

Э.З. Баймуханбетова


Шымкент – 2013 ж.

Сабаққа арналған әдістемелік өңдеу құрылымы «___»______2013 ж кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді. № «___» хаттама


Кафедра меңгерушісі м.ғ.к., доцент А.Ә. Әлдешев

1 сабақ

1. ТАҚЫРЫБЫ: Реанимацияда мейірбикелік процесті ұйымдастыру ерекшеліктері. Мейірбикелік диагноз қою (пациенттің потенциалы және басқа да мәселелерін анықтау). Мейірбикелік араласу жоспарын іске асуы. Мейірбикелік араласуды бағалау (шаралар жоспарын коррекциялау және алған қойған мақсатына жету дәрежесінің айқындалуы).

2. МАҚСАТЫ:

- реанимация-дағы мейірбикелік процесті ұйымдастыру, жоспарлау және оны іс жүзіне асыру бойынша білімін нықтау; мейірбикелік араласуларды бағалау.



- жалпы іріңді инфекция мен ауыратын науқастарға мейірбикелік процесті ұйымдастыру және оны іс жүзіне асыру бойынша білімді нықтау, осы саладағы науқастардың мәселелерін айқындау және оны шешу бойынша практикалық дағдыларды машықтау;

3. ТАПСЫРМА:

  • Студенттің өз бетінше атқаратын жұмыс тақырыбы бойынша әдебиеттерді жинақтау (каталогпен, журналмен, монографиялармен, анықтама кітаппен, оқу әдебиетімен, бұйрықтармен, интернетпен жұмыс жасау);

  • Сабақ тақырыбы бойынша конспект жазу, реферат немесе презентация, сонымен қатар көрнекі құралдар жасау;

  • Сабақ тақырыбы бойынша тесттік сұрақтарды шешу және ситуациялық сауалдарды талдау;

  • Сабақ тақырыбы бойынша 5 тесттік сұрақтар мен 2 ситуациялық сауалды өз бетінше құру;

  • Септиске шалдыққан науқастарға күтім жасаған кезде жеке қорғаныс тәртібімен танысу;

4. ОРЫНДАУ ТҮРІ

  • реферат;

  • презентация;

  • есеп;

  • студенттер тарапынан тақырып бойынша ситуациялық есептер мен тесттер құрастыру;

  • СӨЖ – ге қиылыс пікір жазу;

5. ОРЫНДАУ КРИТЕРИЛЕРІ:

  1. Дайын реферат сабақ тақырыбы бойынша жан – жақты қамтылған ақпаратты қамту қажет.

  2. Тақырып бойынша презентация қысқа, көрнекті және мазмұны мәнді болу керек.

  3. Хирургиялық оның ішінде сепсиске шалдыққан науқастарды қараудан кейін есеп тапсыру, есепте науқасты күту кезінде мейірбикелік процесті ұйымдастыру, оны іс жүзіне асыру, анықталған мәселелерді шешу бойынша студенттің өз пікірі болуы қажет.

  4. Әдістемелік өңдеудегі тесттерді және ситуациялық сауалдарды дұрыс шешу.

  5. Өз бетінше тесттер және ситуациялық сауалдарды сауатты құрау.

  6. Өз қатарласының СӨЖ – на сауатты пікір беру.

Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы: 1 – 3 пунктердің бір пунктті және 4 – 6 пунктердің бір пунктті орындағанда ғана тапсырылды деп саналады.

6. ТАПСЫРУ МЕРЗІМДЕРІ: тақырыптық жоспар бойынша 6 сабаққа дейін тапсыру.

7. БАҒАЛАУ КРИТЕРИЛЕРІ: Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы – ҚР МЖМБС (Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты) 5.03.006 – 2006 негізге ала отырып «Мейірбикелік іс» - 051101 мамандық үшін «Мейірбике ісі кафедрасы анестезиология және реаниматология курсында» дайындалған балды – рейтингті әріпті жүйемен бағаланады:

  • «өте жақсы» баға студенттің сабақ тақырыбын толық меңгергенін көрсетеді, ешқандай қателік жібермегенін, тапсырманы өз уақытында орындағанын және тапсырманы тапсыру барысында ой - өрісін жоғары деңгейде көрсеткенін, қосымша әдебиеттерді мерзімінде және өз бетінше қолдана алған, бағдарламадағы материалды өз бетінше жүйелендіре алғанын білдіреді.

  • «жақсы» баға студенттің сабақ тақырыбын 75 % төмен емес деңгейде меңгергенін көрсетеді, жауап беру кезінде дөрекі қателіктерді жібермегенін, берілген тапсырманы өз уақытында орындағанын және принципиальді емес ескертулерсіз тапсырғанын білдіреді. Оқытушының нұсқауы бойынша қосымша әдебиеттерді қолданғанын, принципиальді емес дәлсіздіктерді немесе принципиальді қателіктерді жібергенін және ол қателіктерді өзі дұрыстағанын білдіреді. Бағдарламадағы материалды оқытушының көмегімен жүйелендіре алғанын білдіреді.

  • «қанағаттанарлық» баға студенттің сабақ тақырыбын 50 % төмен емес деңгейде меңгергенін көрсетеді, тапсырманы орындау барысында оқытушының көмегін мұқтажданғанын, тапсырманы орындап өз мерзімінде тапсырғанын білдіреді. Жауап беру кезінде принципиальді емес қателіктерді және дәлсіздіктерді жібергенін, белсенділік танытпағанын, оқытушы көрсеткен оқу әдебиеті мен ғана шектелгенін және материалды жүйелендіруде қиындықтарды сезінгенін білдіреді.

  • «қанағаттанарлықсыз» баға студенттің сабақ тақырыбын 50 % төмен деңгейде меңгергенін көрсетеді, тақырыпты меңгеру барысында өз білімі бойынша туындаған мәселелерді анықтағанын, қойылған сұрақтарға жауап беру мерзімінде принципиальді қателіктерді жібергенін, өз бетінше орындауға берілген тапсырманы орындамағанын, өз уақытында тапсырмағандығын және әдістемелік нұсқауда көрсетілген негізгі әдебиеттердің барлығыменен таныспағандығын білдіреді.

    1. ӘДЕБИЕТ:

НЕГІЗГІ:

  1. Барыкина Н.В. Сестринское дело в хирургии : учеб.пособие. – 5е изд. – Ростов н/Д: 2005г.

  2. Вязьмитина А.В. Медсестра хирургического профиля: практические навыки.- Ростов н/Д: 2002г.

  3. Галкин Р.А., Двойников С.И. Сестринское дело в хирургии – Самара, 1998г.

  4. Кузнецова А.В., Сестринское дело в хирургии, М., 2000г.

  5. Шевченко А.А., Клинический уход за хирургическим больным, уч. пособие – М., 2008г.

  6. Евсеев М.А., Уход за больным в ирургической практике, уч. пособие – М., 2008г.

  7. Левитэ Е.М., Введение в анестезиологию-реаниматологию, уч. пособие под ред. И.Г. Бобринской – М., 2007г.

  8. Яромич И.В. Сестринское дело: учеб.пососбие.-6изд., испр.-М., 2007г.

  9. Общая хирургия В.К. Гостищев, изд. «Медицина», Москва, 1993, 1997, 2006гг.

  10. Абдрахманов М.С. Хирургия саласындағы мейірбике ісі, А., 2001ж.

ҚОСЫМША:

  1. Клипина Т.Ю. Справочник медицинской сестры: справ.изд. – М., 2006г.

  2. Мухина С.А., Тарновская И.И, Практическое руководство к предмету «Основы сестринского дела», Москва, 1998г.

  3. Иванова В.И., Матвейчик Т.В., Организация сестринского дела, Миннск, 2006г.

  4. Манипуляции в сестринском деле: учеб.пособие/под ред.А.Г.Чижа.-Ростов н/Д: 2008г.

  5. Островская И.В. Основы сестринского дела: учебник для мед. училищ и колледжей.- М., 2008г.

  6. Ремизов И.В. Основы реаниматологии для медицинских сестер: учеб.пособие. – Ростов н/Д: 2005г.

  7. Садикова Н.Б. 10000 советов медсестре по уходу за больными: моногр.- Минск, 2002г.

  8. Справочник медицинской сестры: справ.изд./под ред. Ю.Ю.Елисеева.- М.,2004г.

  9. Ю.Ю. Елисеева. Справочник медицинской сестры. Изд-во Эксмо, 2003г.

  10. Тоблер Рита. Основные медсестринские процедуры: пер.с англ.- М., 2004г

  11. А.К. Белоусова, Л.А. Сербина. Практические навыки и умения медсестры инфекционного профиля. Ростов -на -Дону, 2003г.

  12. Приказ № 476 МЗ РК от 11.10.1999г «Об организации инфекционного контроля за ВБИ»;

  13. СанПиН № 8-01-013-03 «Стерилизация и дезинфекция изделий медицинского назначения. Методы, средства, режимы»;

  14. Рекомендация УМЦ Казахстанской республиканской СЭС от 3.06.2001 «Профилактика внутрибольничных инфекций в лечебно-профилактических учреждениях» (приложение к приказу № 476);

  15. СанПиН № 8-01-011-2001 от 6.03.2001 «Организация и проведение мероприятий по профилактике гнойных послеоперационных осложнений»;

  16. Инструкция ВОЗ, серия СПИД, №2, 1989 г. «Рекомендации по методикам стерилизации и дезинфекции, эффективным в борьбе с вирусом иммунодефицита человека (ВИЧ)».

  17. Апсатаров Э.А., Алмагамбетов А., Ибадильдин А.С., Кукеев Т.К., Оразбеков Н.И., Балмагамбетов Б.Р., Гусман З.К., Хирургиялык аурулар, Алматы, «Санат»,1997г.

  18. Касенов Т.С., Дурманов К.Д., Жалпы хирургия жэне анестезология, Алматы, 1992г.

  19. Касенов Т.С., Жалпы хирургия, Алматы, 1992г.

    1. БАҚЫЛАУ:

Сұрақтар:

  1. Сепсис дегеніміз не?

  2. Сепсис жіктемесінің негізіне қандай принциптер жатады?

  3. Сепсис патогенезінің негізгі этаптары?

  4. Жалпы іріңді инфекцияның негізгі клиникалық белгілері?

  5. Сепсис пен ауыратын науқасқа күтім жасау кезінде мейірбикелік процесс ерекшеліктері.

  6. Жеке қорғану ережесі.

  7. Реанимацияда мейірбикелік процесті ұйымдастыру.

  8. реанимация бөлімшесінің мейірбикуесінің міндеттері.

  9. Мейірбикелік диагноз қою.

  10. Мейірбикелік күтім көлемін жоспарлау және жүзеге асыру.

  11. Мейірбикелік араласушылықты бағалау.

Тесттер:

1. «Реанимация» бөліміндегі жұмыстың жалпы ұйымдастырушылық принциптерін реттейтін құжат аталады: :



  1. ҚР ДСМ бұйрығы №238, 19.06.1994 ж.

  2. ҚР ДСМ бұйрығы №445, 23.11.1994 ж.

  3. СНГ ДСМ бұйрығы №1188, 29.11.1995 ж.

  4. ҚР ДСМ хаты №02-14/14, 29.01.1995 ж.

  5. ҚР Білім және ДСМ бұйрығы №841, 11.06.1996 ж.

2. Гипоксия ең алғаш болып қандай мүше жұмысының бұзылысына алып келеді:

а) өкпе

б) бауыр

в) ми


г) бүйрек үсті безі

д) бүйрек

3. Жүрек жұмысының тоқтауы қандай әдістен кейін нақты қойылады:

а) ЭЭГ


б) ұйқы артериясында пульстің болмауы

в) ЭКГ


г) сана сезімінің болмауы

д) көз қарашығының кеңеюі

4. «Интенсивті терапия» бөліміне науқасты жатқызу көрсетілімін, анықтайды:

а) аурухананың бас дәрігері

б) бөлімдегі дәрігер

в) реанимация бөлімінің меңгерушісі немесе кезекші реаниматолог

г) бөлім меңгерушісі

д) барлық жауап дұрыс

5. Тынысалу тиімділігінің ең сенімді критерийі болып саналады:

а) тынысалу көлемі

б) тынысалудың минуттық көрсеткіші

в) PaO2 және PaCO2 анықтау!

г) тынысалудың минуттық көлемі

д) өлі кеңістікті анықтау

6. Жіті қан кетудің белгілеріне аталғандардың барлығы жатады, мынадан басқа:

а) әлсіз пульстің жиілігі

б) АҚҚ төмен түсуі

в) бас айналу, әлсіздік, талма

г) цианоз

д) адинамия

7. Тынысалу жолдары өтімділігін қалыптастыру әдістеріне аталғандардың барлығы жатады, мынадан басқа:

а) басты артқа қарату

б) аузын ашу және төменгі жағын қимылдату

в) тынысалу жолдарынан құрамды механикалық жолмен, постуральды дренаж және кеуде қуысын соққылау арқылы, алып тастау

г) тілін тарту

д) басын төмен қаратып жатқызу қалпы!

8. 40 – литрлік баллонда 150 атм. оттегі бар. О2 газы 2 л/мин бөлінуі кезінде қанша уақытқа жетеді:

а) 20 сағ

б) 50 сағ

в) 30 сағ

г) 100 сағ

д) 10 сағ

9. Тынысалу кезіндегі ауада оттегі құрамының қалыпты мөлшері құрайды:

а) 19,1 көлем %

б) 20,9 көлем %

в) 25,0 көлем %

г) 30,0 көлем %

д) 52,5 көлем %

10. Реанимация және интенсивті терапия палаталары қалалық ауруханаларда құрылады:

а) балаларға және ересек адамдарға шұғыл медициналық көмек көрсететін қаланың кез келген ауруханасында болады, оның қуатына тәуелді емес

б) 300 жатын орыннан кем емес кезінде, оның профилінің маңызы жоқ

в) ауруханада 500 жатын орыннан кем емес және хирургиялық қапталдан 50 жатын орын кездерінде

г) 500 жатын орыннан кем емес және хирургиялық қапталдан 70 жатын орын кездерінде

д) 60 жатын орыннан кем емес кезінде

11. Жұмыс орнында мейірбике қауіпсіздігінің жалпы шараларына жатпайды:

1) қолды жуу деңгейін сақтау;

2) биологиялық сұйықтық пен жұмыс жасағанда медициналық қолғапты кию;

3) медициналық қолғапты шешкен бойда қолды жуу;

4) қолданылған құралдарды дезинфекциялау;

5) СПИД науқас адамның қаны мен жұмыс жасағанда респираторды қолдану.



  1. Фармацевтикалық препараттар мен жұмыс жасағанда қорғану шаралары:

    1. дәрілік заттар мен жұмыс жасап болған соң қолды жақсылап жуу және сүртіп кептіру;

    2. сақтау мерзімі өтпеген дәрілік заттарды ғана қолдану;

    3. таблетканың өзін қорғаныссыз қолмен ұстамау;

    4. дәрілік заттарды парентеральді жолмен енгізу кезінде медициналық қалпақ кию;

    5. шприцтегі ерітіндіні сыртқа шашыратпай, ішіндегі ауаны бос ыдысқа шығару;

Дұрыс жауап комбинациясын таңдаңыз:

А) 1,3,5 Б) 2,4,5 В) 1,4,5 Г) 2,3,4 Д) 2,3,5



  1. Уытты химиялық заттармен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздіктің жалпы шараларына жатпайды:

    1. Қорғаныс киімді кию (маска, халат, фартук, қолғап, қорғаныш көзілдірік);

    2. Жұмыс орнының жақсы вентиляциясы;

    3. Емшараны (процедураны) орындау және оның қауіпсіздік ережелерін қызметкерге үйрету;

    4. Емдік – сауықтыру тәртібінің ережесін сақтау;

    5. Терінің үздіксіз күтімі;

    6. Денсаулық жағдайын бақылау;

14. Микробиологиялық қауіпті факторлардың даму ошағына жатпайды:

    1. Жара;

    2. Бөліну;

    3. Таңу;

    4. Киім;

    5. Бір рет қолданылатын құрал;

15. Сепсистің үнемі байқалатын симптомына жатады:

1) жоғары температура

2) қалтырау

3) алғашқы ошақтың байқалуы

4) бактериемия

5) көз алманың ақ қабығы мен терінің сарғаюы

Дұрыс жауап комбинациясын таңдаңыз:

А) 1.2.3 Б) 2,4,5 В) 1,4,5 Г) 3,4,5 Д) 2,3,5

16. Сепсис кезінде жараның сыртқы көрінісінің белгілеріне келесі жатады:


  1. ) іріңнің көптеп бөлінуі

  2. ) іріңнің тақыл бөлінуі

3) жарақат аймағындағы тіннің айқын гиперемиясы

4) жарақат тіндері кір – сұр түсті

5) тінді жарақаттың бірден ісінуі

Дұрыс жауап комбинациясын таңдаңыз:

А) 1,3,5 Б) 1,4,5 В) 2,4,5 Г) 2,4 Д) 2,5

17.Сепсистің жалпы клиникалық белгілері қандай?

1) жоғары температура

2) бас айналу

3) әлсіздік

4) брадикардия

5) қалтырау

6) төкпе тердің шығуы

Дұрыс жауап комбинациясын таңдаңыз:

А) 1.4.5 Б) 2,4,5 В) 2,3,5 Г) 1,2,3 Д) 1.3,5,6

18. Сепсистің даму кезеңінде дене қызуының көтерілуі келесі типтерде кездеседі:

1) ремиттирлеуші қызба

2) гектикалық

3) толқын тәрізді

4) дұрыс емес түрде

5) тұрақты

Дұрыс жауап комбинациясын таңдаңыз:

А) 1,2,3,5 Б) 1,3,4,5 В) 1,2,4 Г) 1,3,5 Д) барлық жауап дұрыс

19. Бактериальді – уытты шоктың негізгі белгілеріне жатады:

1) дене қызуының жоғарылауы

2) брадикардия

3) қалтырау

4) артериальді қан қысымның төмендеуі, олигурия

Дұрыс жауап комбинациясын таңдаңыз:

А) 1,3,4 Б) 1,2,3 В) 2,3,4 Г) 1,3,4 Д) барлық жауап дұрыс

20. Іріңді – резорбтивті қызба үшін тән белгілерге жатады:

1) алғашқы іріңді ошақтың кеңге таралуы


  1. Іріңді қабынудың барлық түрлері байқалады

  2. Қоздырғыш көзі анықталады

  3. Науқастың тез арада жүдеуі

5) іріңді ошақтың ликвидациясы мен шешіледі
Дұрыс жауап комбинациясын таңдаңыз:

А) 1,2,3 Б) 1,3,5 В) 3,4,5 Г) 1,3,4 Д) 1,2,4,5

21. ҚР ЕПҰ – да қолданыстағы қандай бұйрықтарды негізге ала отырып, санитарлы – эпидемиологиялық тәртіп сақталады:

а) №702 бұйрық

б) №330, №241 бұйрық

в) №1050, №476 бұйрық

г) №218, №150 бұйрық

д) №630, №780 бұйрық

22. «АІИ (аурухана ішілік инфекция) инфекциялық бақылауды ұйымдастыру» туралы ҚР ДСМ бұйрығы:

а) №420 бұйрық 17.08.1998ж шыққан

б) Сан ПиН №8.01.011.2001, 06.03.2001ж шыққан

в) №1050 бұйрық 26.11.2002ж шыққан

г) Сан ПиН №3.01.083.02, 8.07.2002ж шыққан

д) №476 бұйрық 11.10.1999ж шыққан


Ситуациялық сауалдар:

1. Реанимация және интенсивті терапия бөліміне науқас А. жеткізілді, 23 жаста, ес-түссіз, тыныс алуы беткейлі, анда-санда, терісі цианозды. Дене пішіні арықтаған, шынтақ күре тамырларында инъекция белгілері байқалады, көз қарашығы тарылған, фотореакциясы жоқ. Кеуде қуысының бұлшықеттері серіппелі. Пульс – әлсіз, сирек. АҚҚ 65/40 мм с.б.б.

Терминальды жағдайдың себебі? Реанимация және интенсивті терапия бөлімінде қандай көлемде реанимациялық көмек көрсетуге болатынын анықтаңыз

2. Реанимация және интенсивті терапия бөлімінде бұғана асты венасының қиын катетеризациясынан кейін оң жақта ентігу пайда болып, күшейе бастады, цианоз дамыды. ТАЖ 28 рет мин. Тыныс алу көмекші бұлшықеттерінің арқасында атқарылады. Перкуссияда – оң жақта өкпе алаңдарында тимпанит, сол жақта өкпелік дыбыс естіледі. Аускультацияда – оң жақта жоғарғы бөліктерінде жоқ, төменгі бөлігінде күрт әлсіреген. Сол жақта тынысы қаттылау, форсирленген, сырылдар жоқ.

Қандай асқыну дамыды? Реанимация және интенсивті терапия бөлімінде қандай көлемде реанимациялық көмек көрсетуге болатынын анықтаңыз

3.Операциядан кейінгі палатада асқазан ойық жара ауруы бойынша асқазан резекциясы жасалған науқас жатыр. Алғашқы тәуліктің соңында науқас жағдайы нашарлады, іш ауыруының күшеюі және ықылық қату байқалған. Жалпы жағдайы орта дәрежелі ауырлықта. Тілі құрғақ, ақ жабындымен қапталған. Іші кепкен, тынысы тарылған, ішек перистальтикасы естілмейді, жел шықпайды.

Тапсырма:

Науқаста туындаған асқыну түрін атаңыз?

Науқаста қандай қажеттіліктері бұзылған?

Науқастың мәселелерін анықтаңыз және оның басты мәселелерін айырыңыз?

Мейірбикелік процестің жоспарын және мақсатын құрыңыз.
4. Сепсиске шалдыққан науқасқа гемосорбцияның кезекті сеансын жасағаннан кейін иектен қансырау, терісінде геморрагиялық бөртпенің басуы және мұрыннан қан кету байқалды.

Тапсырма:

Науқаста туындаған асқыну түрін атаңыз?

Науқаста қандай қажеттіліктері бұзылған?

Науқастың мәселелерін анықтаңыз және оның басты мәселелерін айырыңыз?

Мейірбикелік процестің жоспарын және мақсатын құрыңыз.




  1. сабақ


1. ТАҚЫРЫБЫ: Жіті тыныстық және жүрек – қантамырлық жеткіліксіздік синдромы. Емі мен диагностика принциптері. Мейірбикелік процесті ұйымдастыру. Анаэробты инфекциямен ауыратын науқасты күту ерекшелігі. Анаэроб инфекциясының алдын алу.

2. МАҚСАТЫ: анаэробты инфекциямен ауыратын науқасты күтуде мейірбикелік процесті ұйымдастыру, жоспарлау және оны іс жүзіне асыру бойынша білімді нықтау; анаэробты инфекциямен ауыратын науқастың мәселелерін анықтау және оны шешу.

3. ТАПСЫРМА:

  • Студенттің өз бетінше атқаратын жұмыс тақырыбы бойынша әдебиеттерді жинақтау (каталогпен, журналмен, монографиялармен, анықтама кітаппен, оқу әдебиетімен, бұйрықтармен, интернетпен жұмыс жасау);

  • Сабақ тақырыбы бойынша конспект жазу, реферат немесе презентация, сонымен қатар көрнекі құралдар жасау;

  • Сабақ тақырыбы бойынша тесттік сұрақтарды шешу және ситуациялық сауалдарды талдау;

  • Сабақ тақырыбы бойынша 5 тесттік сұрақтар мен 2 ситуациялық сауалды өз бетінше құру;

  • Анаэробты инфекциямен ауыратын науқасты күту кезінде жеке қорғану ережелері мен танысу.

4. ОРЫНДАУ ТҮРІ:

  • реферат;

  • презентация;

  • есеп құрастыру;

  • тесттер;

  • алгоритмдер құрастыру;

  • сырқатнама жазу;

  • рольдік ойындарға сценарий жазу;

  • пікір жазу және т.б.

5. ОРЫНДАУ КРИТЕРИЛЕРІ:

  1. Дайын реферат сабақ тақырыбы бойынша жан – жақты қамтылған ақпаратты қамту қажет және онда тақырып бойынша өз көрінісі, пікірі және мәселелері айқындалған болу қажет.

  2. Тақырып бойынша презентация қысқа, көрнекті және мазмұны мәнді болу керек.

  3. Анаэробты инфекциямен ауыратын науқастарды қараудан кейін есеп тапсыру, есепте науқасты күту кезінде мейірбикелік процесті ұйымдастыру, оны іс жүзіне асыру, анықталған мәселелерді шешу бойынша студенттің өз пікірі болуы қажет.

  4. Әдістемелік өңдеудегі тесттерді және ситуациялық сауалдарды дұрыс шешу.

  5. Өз бетінше тесттер және ситуациялық сауалдарды сауатты құрау.

  6. Өз қатарласының СӨЖ – на сауатты пікір беру.

Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы: 1 – 3 пунктердің бір пунктті және 4 – 6 пунктердің бір пунктті орындағанда ғана тапсырылды деп саналады.

6. ТАПСЫРУ МЕРЗІМДЕРІ: тақырыптық жоспар бойынша 15 сабаққа дейін тапсыру.

7. БАҒАЛАУ КРИТЕРИЛЕРІ: Студенттің өз бетінше атқаратын жұмысы – ҚР МЖМБС (Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты) 5.03.006 – 2006 негізге ала отырып «Мейірбикелік іс» - 051101 мамандық үшін «Мейірбике ісі кафедрасы анестезиология және реаниматология курсында» дайындалған балды – рейтингті әріпті жүйемен бағаланады:

  • «өте жақсы» баға студенттің сабақ тақырыбын толық меңгергенін көрсетеді, ешқандай қателік жібермегенін, тапсырманы өз уақытында орындағанын және тапсырманы тапсыру барысында ой - өрісін жоғары деңгейде көрсеткенін, қосымша әдебиеттерді мерзімінде және өз бетінше қолдана алған, бағдарламадағы материалды өз бетінше жүйелендіре алғанын білдіреді.

  • «жақсы» баға студенттің сабақ тақырыбын 75 % төмен емес деңгейде меңгергенін көрсетеді, жауап беру кезінде дөрекі қателіктерді жібермегенін, берілген тапсырманы өз уақытында орындағанын және принципиальді емес ескертулерсіз тапсырғанын білдіреді. Оқытушының нұсқауы бойынша қосымша әдебиеттерді қолданғанын, принципиальді емес дәлсіздіктерді немесе принципиальді қателіктерді жібергенін және ол қателіктерді өзі дұрыстағанын білдіреді. Бағдарламадағы материалды оқытушының көмегімен жүйелендіре алғанын білдіреді.

  • «қанағаттанарлық» баға студенттің сабақ тақырыбын 50 % төмен емес деңгейде меңгергенін көрсетеді, тапсырманы орындау барысында оқытушының көмегін мұқтажданғанын, тапсырманы орындап өз мерзімінде тапсырғанын білдіреді. Жауап беру кезінде принципиальді емес қателіктерді және дәлсіздіктерді жібергенін, белсенділік танытпағанын, оқытушы көрсеткен оқу әдебиеті мен ғана шектелгенін және материалды жүйелендіруде қиындықтарды сезінгенін білдіреді.


  • Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет