Пән: Конституциялық құқық Дәрістің қысқаша мазмұны Тақырып Конституциялық құқық ұлттық құқықтың жетекшi саласы



бет21/45
Дата17.04.2022
өлшемі134,96 Kb.
#139680
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45
Байланысты:
Конституциялық құқық. Дәрістер кешені

Жоспар:
1. Конституциялық құқықтар, бостандықтардың түсiнiгi, ерекшеліктері, жiктелуi
2. Жеке құқықтар, бостандықтар, олардың ерекшеліктері
3. Саяси құқықтар, бостандықтар, олардың ерекшеліктері
4. Әлеуметтік-экономикалық
5. Конституциялық міндеттер

Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық-құқықтық мәртебесі, олардың заң алдында тең бола отырып, Конституциямен белгіленген құқықтардың, бостандықтар мен міндеттердің барлық кешеніне ие болуын көздейді.


Алдында атап кеткеніміздей, жеке тұлғаның құқықтық жағдайы барлық құқық салаларының нормаларында көрініс тапқан құқықтар мен бостандықтардың жиынтығымен анықталады. Ал, жеке тұлғаның құқықтық жағдайының негіздері конституцияда бекітілген құқықтар мен бостандықтарды қамтиды. Олар конституциялық (негізгі) құқықтар мен бостандықтар және міндеттер деп аталады әрі олар барлық құқықтар мен бостандықтардың азымаз, негізгі бөлігін құрайды. Олар негізінен әркімге тумысынан тән болып табылады, сондықтан да олар адамнан бөлінбейтін, ажырамас құқықтар мен бостандықтар болып есептеледі. Олай болса, конституциялық құқықтар және бостандықтар дегеніміз Республика Конституциясында бекітілген, әркімге тумысынан тән болатын, адамнан бөлінбейтін құқықтар және бостандықтар. Конституциялық құқықтар мен бостандықтардың өзге құқықтар мен бостандықтардан бірқатар ерекшеліктері бар. Олар:

  1. конституциялық құқықтар мен бостандықтар мемлекеттің негізгі заңы – Конституцияда бекітілген.

  2. конституциялық құқықтар мен бостандықтар адам үшін, қоғам үшін неғұрлым маңызды болып табылады.

  3. конституциялық құқықтар мен бостандықтар адамға әдетте тумысынан тән болып табылады және ажырамайды (кейбір өзгеше жағдайларды қоспағанда);

  4. жалпы алғанда конституциялық құқықтар мен бостандықтар әрбір адамға, азаматқа тән (кейбір өзгеше жағдайларды қоспағанда);

  5. конституциялық құқықтар мен бостандықтар жалпы құқықтар мен бостандықтардың ядросы, негізі болып табылады.

Конституциялық құқықтар мен бостандықтардың түрлері. Конституциялық құқықтар мен бостандықтардың 3 түрі бар:

  • жеке құқықтар мен бостандықтар - әркімнің құқығы болып табылады және тікелей мемлекеттің азаматтығына тәндігімен байланысты емес, одан туындамайды; адамға тумысынан тән болады және одан бөлінбейді; адамның жеке өміріне, бас бостандығына, ар-ожданына байланысты өзге де табиғи құқықтарын қорғау үшін қажетті құқықтар мен бостандықтарды қамтиды.

  • саяси құқықтар мен бостандықтар – мемлекеттің азаматтығында болуға байланысты және белгілі бір жасқа (18) толғанда туындайды, азаматтардың ммелекеттің саяси өміріне қатысуын байқатады;

  • әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен бостандықтар – адамның әлеуметтік, экономикалық, мәдени қажеттіктерін қанағаттандыруға байланысты құқықтар мен бостандықтар.

Конституциялық міндеттер – бұл Конституцияда бекітілген (2-бөлімде), адамдардың тиісті (міндетті) жүріс-тұрысының шамасы. Олар азаматтардың орындауы тиісті қоғамдық қажетті жүріс-тұрысының түрін, шамасын анықтайды, адамдардың іс-әрекеті мен жүріс-тұрысына міндетті талаптарды белгілейді.
Конституциялық міндеттер – бұл мемлекеттің адамға, азаматқа қоятын, жүктейтін талабы. Конституциялық міндеттерге төмендегі міндеттер жатады:
- ҚР Конституциясын және заңдарын сақтау;
- басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу;
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеу;
- заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу;
- Қазақстан Республикасын қорғау;
- тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қамқорлық жасау, тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғау;
- табиғатты сақтау және табиғат байлықтарына ұқыпты қарау;
- балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу (ата-ананың міндеті);
- еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасау (кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалардың міндеті);
- орта білім алу
Адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері – бұл конституциялық құқықтар мен бостандықтарды шынайы жүзеге асыруға арналған, оларды түрлі қол сұғушылықтардан қорғауға бағытталған амалдар. Олардың үш түрін көрсетуге болады:
1. әлеуметтік-экономикалық кепілдіктер. Бұл кепілдіктер адамдардың құқықтар мен бостандықтарды еркін пайдалануын қамтамасыз ететін тиісті орта мен материалдық негіздің болуын анықтайды – мысалы, әлеуметтік тұрақтылық, дамыған экономика, қоғамның барлық әлеуметтік қажеттіктеріне қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін мекемелер жүйесінің болуы т.б.
2. саяси кепілдіктер – адамдардың еркін дамуы мен лайықты өмір сүруін қамтамасыз ететін жағдайларды жасауға бағытталған мемлекеттің саясаты – саяси құрылымдардың тұрақтылығы, олардың азаматтық келісімге қол жеткізу қабілеттігі, қоғамда тұрақсыздықты жою, азаматтардың саяси мәдениетінің тиісті деңгейі.
3. заңи кепілдіктер – адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру мен қорғауды қамтамасыз ететін барлық құқықтық амалдар - әрбір құқықтың нақты кепілдіктерінің конституциялық, заңи бекітілуі.
Адам құқықтарын сақтаушы субьектілердің барлығының мақсаттары бір – адам құқықтары ең жоғарғы құндылық, бірақ олар қорғауға мұқтаж. Адам құқықтары Конституцияда және мемлекеттің басқа да заңдарнда заңды түрде бекітілген. Адам құқықтарына байланысты барлық қарым-қатынастар ҚР Парламентінің қызметінде алғашқы реттеуден өтті. Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабында жазылған: «Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін...1) жеке және заңды тұлғалардың құқық суьектілігіне, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, жеке және заңды тұлғалардың міндеттері мен жауапкершілігіне қатысты негізгі қағидалар мен нормаларды белгілейтін заңдарды шығаруға хақылы. Басқа мемлекеттік органдардың ҚР Парламенті белгілеген нормаларды бұзуға, өзгертуге құқығы жоқ».
Бұл ереже нормативтік негіздеу тұтастығын, заңдар қақтығысының, заңдар мен заңға бағынатын актілердің араларында қарама-қайшылықтардың болмауын қалайды. Заң әдебиетінде кепілдіктер проблемасын зерттеу барысында мынандай идеялар: «біріншіден, кепілдіктерді құқықтық жүйенің элементі ретінде қарастыру; екіншіден, оларды басқа ұйымдармен: күзету шараларымен, құқықтық қорғау шараларымен, заңдық жауапкершілікпен теңдестірмеу; үшіншіден, оларды өзінің белгілері, әсер ету обьектілері, жүйесі, құрылымы, іске асыру әдістері бар дербес категория ретінде зерттеу айтылып жүр. Кепілдіктер – бұл, А.С. Мордовецтің пікірінше, тұлға үшін өзінің құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін іске асыруға тең мүмкіндіктер тудырушы әлеуметтік-экономикалық, саяси, адамгершілік, құқықтық, ұйымдастырушылық алғышарттардың, жағдайлардың, құралдар мен әдістердің жүйесі. Кепілдіктер тұлғаның мүдделерін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жағдайлардың жүйесі болып табылады. Олар демократиялық қоғамның экономикалық, саяси дамуының, халықтың құқықтық және саяси мәдениетінің деңгейін көрсетеді.
Заңдылық кепілдіктері деп белгілі бір мемлекеттің құрылымның ішінде де, одан тыс та жағымды әрекет етуші жағдайларды, факторларды және құралдарды айтады. Кепілдіктердің мазмұны қоғам дамуының қоғамдық-саяси, рухани және басқа да жағдайларына байланысты. Кепілдіктердің қызметі сол, олар конституциялар мен заңдарда бекітілген тұлғаның заңды мәртебесі, оның құқықтары мен бостандықтары жеке адам мен азаматтың өмірінің іс жүзіндегі шындықтарына айналатын қолайлы жағдайды қамтамасыз ету болып табылады. Кепілдіктер жалпыдан жекеге, заңда жарияланған мүмкіндіктен шындыққа өтуді қамтамасыз ететін сенімді көпір болып табылады. Тиісті кепілдіктерсіз жарияланған құқықтар мен бостандықтарын іске асыруға, олардың жарым-жартылай немесе қалай болса солай іске асырылуының мүмкін болатын себептері мен кедергілерін жоюға бағытталған обьективтік және субьективтік факторлардың барлық жиынтығын қамтиды. Заңдық кепілдікдер адам мен азамат құқықтарын күзету мен қорғаудың заңды құралдары мен жолдарының жүйесін құрайды. Ең алдымен әңгіме мемлекеттің тұлғаның сотпен қорғалуға, заңмен тиым салынбаған басқа да әдістердің, сонымен бірге білікті заң көмегін оның ішінде ақысыз көмек алуға, әділ сот шешіміне қол жеткізуге, шеккен зиянының орнын толтыруға құқығын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттері туралы болып отыр. Заңды кепілдіктерді ол нормативтік және аспаптық деп жіктейді. Нормативтік кепілдіктер конституцияда, заңдар мен нормативті актілерде құқықтар мен бостандықтарды іске асыру мен қорғауға бағытталған тиісті ережелер, талаптар мен санкциялар түрлерінде көрініс тапқан. Тұлғаның құқықтары мен бостандықтарына аспаптық кепілдіктерге келер болсақ, оған адамдар өз құқықтарын қорғауды өтініп, жүгіне алатын және олар өз құзіреттіліктері шеңберінде тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөнінде нақтылы шаралар қолдануға міндетті мемлекеттік, кейде мемлекетаралық құрылымдар жатқызылады. Олар: соттар, прокуратура, адвокатура, тұлғаны қорғау үшін арнайы бекітілген лауазымды тұлғалар – омбудсмен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет