Пән: Конституциялық құқық Дәрістің қысқаша мазмұны Тақырып Конституциялық құқық ұлттық құқықтың жетекшi саласы


Тақырып 6. Сайлау құқығы, оның қағидалары – 6 апта, 1 сағат



бет23/45
Дата17.04.2022
өлшемі134,96 Kb.
#139680
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   45
Байланысты:
Конституциялық құқық. Дәрістер кешені

Тақырып 6. Сайлау құқығы, оның қағидалары – 6 апта, 1 сағат
Мақсаты: Сайлау құқығына жалпы түсінік беріп, сайлау құқығының қағидаларының мәнін ашу, сайлаудың мемлекет өмірінде алатын орнын көрсету
Негізгі терминдер: сайлау құқығы, белсенді сайлау құқығы, бәсең сайлау құқығы сайлау органдары, сайлау округтерi, сайлау учаскелерi, бастапқы сайлау, қайта сайлау, қайта дауыс беру, сайлаушы, таңдаушы, сайлаушылар тізімі, сайлау алдындағы үгіт
Жоспар:
1. Сайлау құқығының түсiнiгi, қағидалары.
2. Сайлаудың түрлері
3. Сайлау органдары
4. Сайлау округтерi мен сайлау учаскелерi.

Сайлау құқығының түсінігі. “Сайлау құқығы” түсінігі көпмағыналы болып табылады. Біз оны екі мағынада қарастырамыз: объективтік және субъективтік. Объективтік мағынада сайлау құқығы – бұл мемлекеттің өкілді органдарын және жеке лауазымды тұлғаларын сайлау тәртібін реттейтін нормалардың жиынтығы. Бұл мағынада ол конституциялық құқықтың бір институты, бөлімі болып табылады. Субъективтік мағынада сайлау құқығы – бұл азаматтың мемлекеттің сайланбалы органдары мен тұлғаларын құруға, қалыптастыруға қатысу құқығы. Азаматтың тиісті органдарды (тұлғаларды) қалыптастыруға қатысуы оның осы органдарға сайлауы және сайлануы арқылы байқалады. Олай болса, субъективтік тұрғыда сайлау құқығы екі мағынада анықталады:



  1. белсенді сайлау құқығы – бұл азаматтың сайлау құқығы, яғни қандай-да бір кандидатты жақтап немесе қарсы дауыс беру құқығы;

  2. бәсең сайлау құқығы – бұл азаматтардың өкілді органдарға, сайланбалы лауазымдарға сайлануға құқығы.

Қазақстанда сайлау туралы қатынастар ҚР Конституциясымен, Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы заңмен реттеледі. ҚР-ғы сайлау туралы заңға сәйкес сайлау құқығы – бұл азаматтардың ҚР Президентін, ҚР Парламенті және маслихат депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауы және сол қызметтерге сайлануы.
Жоғарыда атап кеткеніміздей сайлау құқығының екі түрі бар: белсенді сайлау құқығы (сайлау, дауыс беру құқығы) және бәсең сайлау құқығы (сайлану құқығы). Белсенді сайлау құқығы әдетте 18 жасқа толған бастап пайда болады. Бұған қоса, Қазақстанның сайлау туралы заңнамасына сәйкес сайлауға қатысу үшін әрекет қабілеттігі болуы керек және соттың заңды күшіне енген үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырмаған болуы қажет. Азаматта белсенді сайлау құқығы болғанымен, бәсең сайлау құқығы болмауы мүмкін. Олай дейтін себебіміз, 18 жасқа толған ҚР азаматы ҚР Президентін сайлауға қатысуға құқылы, бірақ өзі бұл жаста Президент болып сайлана алмайды: ол үшін оның 40 жасқа толуы, тумысынан ҚР азаматы болуы, соңғы 15 жыл бойы ҚР аумағында тұруы және мемлекеттік тілді еркін меңгеруі қажет. Белсенді және бәсең құқығының кері арақатынасы кездеспейді. Себебі, егер азаматта бәсең сайлау құқығы болса, ол белсенді сайлау құқығына да ие болады.
Қазақстанда сайлаулар белгілі бір қағидаларға сәйкестікте өткізіледі. Сайлау құқығының қағидалары:
1. жалпыға бірдей сайлау құқығы, яғни 18 жасқа толған азаматтардың тегіне, нәсіліне, лауазымына, мүліктік жағдайына, жынысына, ұлтына, т.б. қарамастан сайлауға қатысу құқығы. Сайлауға іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар қатыспайды. Сонымен қоса, сайлау құқығын Қазақстанда тұрып жатқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар да иеленбейді.
2. тең сайлау құқығы – сайлаушылардың сайлауларға тең негіздерде қатысуы әрі олардың әрқайсысының бір немесе тең дауыс санына ие болуы. Тең сайлау құқығының мазмұны екі элементті қамтиды: а) сайлаушылардың сайлауға тең негізде қатысуы; б) сайлаушылардың әрқайсысының бір немесе тең дауыс санына ие болуы. Бірінші элемент сайлауға қатысуға құқылы барлық азаматтардың сайлаушы ретінде де және кандидат ретінде де теңдей құқықтар мен теңдей міндеттерге ие болатынын білдіреді. Екінші элемент әрбір сайлаушының Республика Президентiн, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламенті Мәжілісінің депутаттарын және мәслихаттарының депутаттарын сайлау кезінде бiр сайлау бюллетенiне тиiсiнше бiр дауысқа, Республиканың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезінде тең дауыс санына ие болатынын және әрбір сайлаушының дауысының басқа сайлаушының дауысына тең болатының, яғни сайлаушылар арасында қандай да бір басымдықтардың болмайтындығын білдіреді. Тең сайлау құқығы бұған қоса сайлау округтерінің теңдігі талабын да қамтиды, яғни сайлау округтеріндегі сайлаушылардың саны шамамен тең болуы тиіс. Демек, тең сайлау құқығы – бұл сайлау қорытындысына әсер ету мен заң талаптарына сәйкес сайланудың сайлаушы үшін заңмен белгіленген теңдей мүмкіндіктері.
3. төте сайлау құқығы – Республика Президентiн, Парламентi Мәжiлiсiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн азаматтадың тiкелей сайлауы. Тікелей – бұл сайлаушылардың аталған тұлғаларды қандай да бір басқа тұлғалар (таңдаушылар) арқылы емес, дербес, жеке өздері қатыса отырып сайлауы.
4. жанама сайлау құқығы – Сенат депутаттарын таңдаушылардың -маслихат депутаттары болып табылатын ҚР азаматтарының сайлауы. Таңдаушылар Сенат депутаттарын сайлауға тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының Сенат депутатын сайлаған кезде бiр дауысы болады.
5. жасырын дауыс беру – сайлаушылардың Республика Президентiн, Парламентiнiң және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөніндегі ерік білдіруіне қандай да болсын бақылаудың жасалуын болдырмау үшін олардың жасырын түрде дауыс беруі. Жасырын дауыс беру қағидасының мәні – сайлаушының ерік білдіруіне ешкімнің кедергі келтірмеуі, ерікті, дербес түрде өз еркін білдіруіне сырттан әсер етуді жою.
6. еркін сайлау қағидасы – азаматтардың сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруы, яғни сайлаушының сайлауға қатысу немесе қатыспау мәселесін өзінің шешуі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет