Пән: “Мәдениеттану (бакалавр)’’ Дәріс тақырыбы: Арғы түркілердің мәдени мұрасы

бет4/5
Дата08.02.2022
өлшемі64,79 Kb.
#120203
1   2   3   4   5
Байланысты:
Мәдениеттану 6

  • Тәңіршілдік. Түркі дәуірін зерттеушілер түркілердің жаңа дінді қабылдай отырып, дәстүрлі наным-сенімінің көп бөлігін сақтағанын атап өтеді. Түркілердің наным-сенімі тәңіршілдік болатын. Дін тарихын зерттеуші француз ғалымы Жан Поль Рудың пікірінше, көне түркілердің арғы ата-бабалары Көк тәңіріне табынған. Қытай тарихшылары Тәңірге табынудың пайда болуын б.з.б. III ғасырға жатқызады.
  • Түркілерде Тәңірмен бірге отбасы және балалардың қамқоршысы Ұмай ана саналды. Тәңірі және Жер-Сумен бірге түркілер сиынатын құдайларының қатарына Ұмай ана да енді. Бұл Тоныкөк құрметіне қойылған ескерткіштен анық байқалады. Онда сәтті жорықтардың бірін сипаттаған кезде: «Көк тәңірі, Ұмай Ана, қасиетті Жер-Су, міне, осылар бізге жеңіс сыйлады!» — деп жазылған.

    • Тәңіршілдікте ата-баба рухына (аруаққа) табынуға зор мән берілді. Қазақтарда аруаққа табыну әлі күнге дейін маңызын сақтап келеді. Оның терең философиялық және рухани-адамгершілік мәні бар. Осы ғұрып арқылы жас ұрпақ ата-бабаны құрмет тұту, өз халқының тарихын сыйлай білуге тәрбиеленеді.
    • Қорқыт ата түркілерде халықты Тәңірмен жалғастырушы болып есептелді. Түркілер Қорқыт атаның ауруды емдеп, бақытсыздықтан сақтайтындығына, балаларды түрлі сырқаттардан қорғайтындығына сенді. Қорқыт атаның айтуынша, адам үшін ең жағымсыз қасиет — адамгершіліктің жоғалуы.
    • Неміс ғалымы Г. Дерфердің пікірінше, тәңіршілдік — адамзаттың бір құдайға табынушылық діндерінің бірі. Тәңіршілдік басқа әлемдік діндерге әсерін тигізіп, оларды жетілдірді. Қыпшақ тайпалары Тәңірге табыну дәстүрін ұзақ уақыт сақтап келді.

    Түркілердің түсінігі бойынша әлемді жаратқан және барлық дүниенің тағдырына иелік ететін Көк тәңірі.

    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5

    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет