Пән: Оқушылардың физиологиялық дамуы


Оқулықтың негізгі міндеттеріне келесі мәселелер жатады



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі1,59 Mb.
#89896
1   2   3   4
Байланысты:
Қазақстан ғалымдарының «Оқушылардың даму физиолгиясы»

Оқулықтың негізгі міндеттеріне келесі мәселелер жатады:
Педагогтар мен тәрбиешілерге аса қажетті балалар мен жас өспірімдердің анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерін беру.
  • Өсу мен дамудың негізгі биологиялық зандьлықтары туралы дұрыс түсінік қалыптастыру.
  • Оқыту және тәрбиелеу жұмысында маңызды орын алатын шартты рефлекстердің негізімен таныстыру.
  • Сезім, қабылдау, түйсік, ес, ойлану, сана-сезім, сөйлеу, көңіл-күй (эмоция) іспетті функциялардың физиологиялық негіздерін түсіндіру.
  • Болашақ мамандарды балалар мен жастардың, жалпы адам организмінің жас ерекшеліктерін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету.

  • Жасқа байланысты физиология мен мектеп гигиенасының маңызы – еліміздің болашақ азаматтарын қазақ халқының мүдесін қорғай алатын білімді, өнерлі, талантты, сұлу, еңбекқор, яғни жан-жақты дұрыс өсіп дамыған балалар мен жастар етіп тәрбиелеу мен оқыту.

Бізге жеткен деректер бойынша, байырғы Қытай, Үнді, Грек, Орта Азия елдерінің ойшыл ғүламалары, дәрігерлері организмнің қүрылы-сы мен тіршілік әрекеттері туралы көптеген мәліметтер жинаған. Жаңа дәуірге дейінгі IV ғ-да өмір сүрген грек ойшылдары Гиппократ (б.з.д.. 460-377 ж.ж) пен Аристотелъдің (б.з.д. 384-322 ж.ж) еңбектерінде адам организмінің негізін, оның кептеген құбылыстарын түсінуге арналған әрекет-тері байқалады. Алайда, ғылымның өте нашар дамуына байланысты олар біраз сауалдарға, казіргі тұрғыдан алғанда, дұрыс жауап таба алмаған. Өйткені, фи-зиологияның алғашқы кезеңінде тірі организмді тәжірибелер арқылы бақы-лау болмады. Дегенмен, Аристотель мен Гиппократтың кейбір тірліктік әрекет-тер туралы ұғымдары дұрыс бағытталған.
Аристотельдің жануарлар туралы еңбектері көп жылдар бойы зоо­логия, салыстырмалы эмбриология, анатомия, психология ғылым-дарының дамуына негіз болды. Ол аурудың пайда болуы сыртқы ортаның табиғи және қоғами жағдайына байланысты болатынын анықтады.
Гиппократ - бүкіл медицинаның атасы болып саналады. Ол ұсын-ған ауруды анықтау, емдеу және болжау кағидалары, дәрігерлер эти-касы туралы көзқарастары осы күнге дейін өз маңызын жойған жоқ. Гиппократ адам денсаулығы, дене бітісі мен жан қуаттары (темперамент) организмдегі сұйықтардан қалыптасады деп есептеді. Сон-дықтан ол аурудың себептерін жалпы (сыртқы әсерлерден) және даралама (жеке бастың ерек-шеліктерінен) болады деп екі топқа бөлді.
Қазақтың үлы ғүлама ғалымы әлемге аристотельден кейінгі "екінші ұстаз" деп танылған бабамыз әбу насыр әл фараби (870-950 ж.Ж) - "дәрігер әрбір ағзаның саулығын анықтау үшін, оның жаратылысына карай атқаратын қызметін білуге тиіс" - деп жазды. Әл-фарабидің айтуынша, "медицина - ақиқат негіздерге сүйеніп, адам организмі мен оның әрбір мүшесінің аман-саулығын қамтамасыз ететін өнер". Әл-фараби медицинаның мәнін, мақсатмүратын ғылыми материалистік түрғыдан қарады. Ол адамның рухани, ойлау және басқа психикалық қабілетгеріне қоршаған ортаның әсерін, аурудың пайда болу себеп- салдарын, емдеу амалында дәрі мен тамақтың маңызын дүрыс түсінді.
Әл-фараби денсаулықты сақтау үшін дәрігерлерге жеті міндет жүктеді: 1) дене мүшелерінің қүрылысы мен қызметін; 2) денсаулыкты анықтау - диагностика тәсіддерін; 3) аурудың түрлерін және пайда болу себептерін - этиологияны; 4) аурудың белгілерін - симптомдарын және оларды өзара ажыратуды; 5) ауруды дүрыс емдеуді, тағамдар мендәрілерді жөнді тағайындауды - терапия; 6) денсаулықты нығайту шараларын үйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптпстыруды; 7) аурудың аддын алу істерін жүргізу, емдеу нәтижесін қадағалауды білуі тиіс. Оның мүндай жан-жақты ұсыныстары қазіргі кезде де медицина әлемінде кеңінен қолданылып отыр.
Организмнің тіршілік іс әрекетін бақылау және тәжірибелер ар-кылы үғынатын ғылым ретінде физиология XVI-XVIII ғ.Ғ. Арасында қалыптасты. Физиология дамуының екінші кезеңін 1628 жылдан бастап санайды. Осы жылы ағылшын ғалымы, дәрігер, эмбриолог уиль­ям гарвей (1578-1657) өзінің "жүрек пен қан қозғалысының анатомиялық зерттеу-лері" деген ғылыми еңбегін басып шығар-ды. Осы еңбекте тірі организмдерге жасал-ған тәжірибелердің нәтижесінде қанайна- лымы туралы бүрынғы бірсыпыра теріс үғымдарды әшкереледі. Ол ғылыми зертте- улерге вивисекция әдісін кеңінен енгізді. Осы тәсілдер арқылы теріні, ағзаларды, тіндерді ашып, олардың қызметін тікелей бақылауға мүмкіндік туды. Сөйтіп, жану-арлар физиологиясының негізгі бастамасы деп саналатын уильям гарвей ашқан қанай-налымының желісі осы кезде де өзгерусіз қолданылады. Оның екінші еңбегі "жану-арлардың пайда болуын зерттеу" (1651) эм­бриология ғылымының негізін қалады.
Физиоло-гияның үдерісті (прогрессивті) дамуына рефлекстік ілімнің көп ықпалы тиді. Оның негізін қалаушы - француз философы, жа-ратылыстанушы Рене Декарт (1596-1650). Ол мидың қызметін У. Гарвей ашқан қанай-налымы жүйесінің үлгісі ретінде, сол кез-дегі механикалық қағидаларга сәйкес үғынды. Оның болжауы бойын-ша, сыртқы түрткілердің әсері, жүйке үштары арқылы қабылданып, мидан тойтарылып бүлшықеттерге оралып, оларды қозғалтады. У. Гарвей жаңалықтарынан кейін организмнің әрекеттерін тәжіри-бе арқылы зерттеу көбейіп, физиологияның екінші даму кезеңінде көптеген жаңа ғылыми мәліметтер анықталды. Осыған қоса, бүл кез­де физика, химия ғылымдары күшті дамып, олардың жаңа зерттеу әдістері мен жетістіктері физиологияда кеңінен пайдаланылды
Ғылым тарихында "орыс физиологиясы-ның атасы" деп танылған И.М. Сеченов (1829-1905) бірінші болып қандағы еріген газдарды шығарып алып талдау жасады, тірі организм-дегі әртүрлі иондардың қызметін анықтады, орталық жүйке жүйесіндегі қозудың жиын-тықтау қүбылыстарын көрсетті. Сонымен бірге ол ғылымның жаңа бағыты - еңбек фи-зиологиясының негізін салушы. Оның бүлшы-қеттің жиырылуы, қажуы және белсенді ты-нығу туралы ілімі әлі өз маңызын жойған жоқ. Орыс ғылымының даңқын алғашқы шығар-ған И.М. Сеченов ашқан - орталық жүйке жүйесіндегі тежелу. Өйткені бүл рефлекстік қағиданы жаңа түрғыдан бақылап, орталық жүйке жүйесі туралы ілімді түпкілікті өзгертуге мүмкіндік туғызды. И.М. Сеченов "ми рефлекстері" (1863) деген данышпандық шы-ғармасында түңғыш рет психикалық ісәрекеттердің физиологиялық зандылықтарын көрсетті. Сөйтіп, ол табиғаттың ең күрделі қүбылы-сы санаға талдау жасады, материалистік психологияның негізін қалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет