Пән: Өзін – өзі тану
Күні: _______________
Мұғалімі: Елмуратова Д.С.
Сыныбы: 7
Оқушылардың саны:
Тақырыбы: Адами қарым-қатынас жарастығы
Құндылығы: Дұрыс әрекет
Қасиеттері: әдепті болу,сенімділік,парыз.
Мақсаты: Оқушыларға қарым-қатынас мәдениеті туралы айта отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
1. Білімділік: Оқушыларға ізгілікті қарым-қатынас жасаудағы парыздың мәнін түсіндіру
2. Дамытушылық: Оқушылардағы -Күнделікті дұрыс әрекет ету сапасын дамытатын және жүзеге асыратын ойларын, сөздерін және іс - амалдарын бекіту арқылы сенімді қарым-қатынас жасай алу қасиеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Оқушыларды әдептілікке тәрбиелеу.
|
Ресурстар:
(материалдар, дереккөздер)
1.bilim-all.kz
2. el.kz
|
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
5 Т – ережесі:
1. Тәртіп.
2. Талап.
3. Тыныштық.
4. Тазалық.
5. Татулық.
Балалар ережені есімізге түсіріп, сыныптың тәртібін сақтап, оқып - білуге талаптанып, тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап, бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.
Жағымды көңіл – күйге келу. Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).
Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.Рахмет!
|
|
2. Үй тапсырмасы.
1. №17 – сабақ. Төменде берілген Шәкәрімнің өлең жолдарын басшылыққа алып, адами қарым-қатынас жасаудың ережесін құрастырыңдар.
... «Мейірім», «Ынсап», «Әділет»,
«Шыдам», «Шыншыл», «Харекет»
Түп қазығы – «Ақ ниет».
2. Келесі сабақ. №18, Құрманалин Мұхтардың «әйнектің сынығы» мәтінін оқып келу.
Сұрақтар:
1. Жол үстінде әйнектің сынықтары неліктен көп болды деп ойлайсыңдар?
2. Атасы «Кейде қауіп-қатерді өзімізге өзіміз осылайша қолдан жасайтынымыз жаман...» – дегенде не айтқысы келді? Өмірден мысал келтіріңдер.
3. Өзгеге қамқорлық, адамға жанашырлық дегенді қалай түсінесіңдер? Бұл не үшін қажет?
4. Баубек неліктен ойланып қалды? Оған кім, не әсер етті?
5. Өзің күнделікті өмірде біреуге қамқорлық жасап, жанашырлық танытасың ба? Қалай? Нақты мысалдармен дәйектеп айт.
|
|
3. Сабақтың дәйексөзі.
(Оқушыларға үш рет айтқызып, дәптерге жаздырту)
Назары әдемінің ой-санасы әдемі келеді, ой-санасы әдемі адам өмірдің рақатын көреді.
Халық даналығы
Сұрақтар:
1. Назары әдемі дегенді қалай түсінесіз?
2. Дәйексөзден қандай ой түйдіңіз?
|
|
4. Оқиға айту (Мұғалім сыйы).
Кішіпейілділік
Ж.Молдағалиев
Мәлік аға Мұхаңа телефон соқты. Халық батырлары жайлы жазғысыкелетінін айтып, өзімен ақылдаспақ ойын білдірді. Мұхаң қатты разы болып қалды.
– Мәлік інім, сен бір игі іске бел буған екенсің. Іздей білетін кісігехалық мұрасы- мол сырлы, алтын көмбе. Ақылдасқаның өте дұры сболды. «Кішіпейіл болмай, кемеңгерлік жоқ деген». Ертең ертерек үйге кел, – деді.
Ұлы жазушының қамқор сөзін естіп, Мәлік аға қатты қуанды. Ол-университет деп аталатын жоғары оқу орнында сабақ беретінпрофессор. Оғанқоса Абай атамыз жөнінде үлкен шығарма жазып жүрген-ді. Мәлік аға Мұхаңа апаратын қағаздарын жинап, папкаға салды. Барған бетте Мұхаңның уақытын көп алмайын деп, өз ойын тез айтып, ақыл-кеңесін тыңдамақ болды. Сол себепті үйден ерте шығыпАбай көшесімен жүріп кетті.
Мұхаңның екі қабатты үйі бар еді.Ол-биік қарағаштар өскен саялы көшеде, Алатау етегіне таяу орналасқан. Мәлікке кел деп белгілеген уақыты – таңертеңгі тоғыз жарым. Мәлік аға сағат тоғызда Мұхаң үйінің ауласына жақындап, жарты сағат далада отыра тұрмақ болды. Мұхаңмен бұрын сырттай таныстығы болмаса, тұңғыш рет жүзбе-жүз үйінде жолығуы осы еді.
Мәлік аға аллея ішіне қойылған орындыққа келіп отырды. Қағаздарын реттеді. Мұхаң үйінің ауласына қарады.
Міне, ғажап!.. Үстінде қалың ақ жібек матадан тігілген костюмі, басында ақ шетен қалпағы бар, орт а бойлы, толық, ат жақтылау, дөңес қыр мұрынды кісі есік алдынада, баспалдақ үстінде қолын көлегейлеп, көше жаққа қарап тұр екен. Мұхаң үйіне келген кісіні мейлі, жасы үлкен ақсақал болсын, яки оқушы болсын-далада тұрып қарсы алады деп еститін Мәлік аға.Бұл Мұхаңа жарты сағат ерте келдім деп ойласа, ол кісі мұны одан да бұрын далада күтіптұрекен-ау!...
Мұхаңа батыр аталар, елін сүйген ерлер туралы өз ойын айтып, кітап жазбақ болып келген Мәлік аға енді сондай адамдар бойынан және бір қасиет тапқандай болды. Оның аты Мұхтар Әуезов секілді ұлы жазушының бойынан көрген кішіпейілділік еді.
Сұрақтар:
Мұхтар Әуезов қонақты қалай қарсы алды?
Мұхтар Әуезовтің адамдармен қарым-қатынасынан қандай жақсы қасиеттерді байқадыңдар?
Кішіпейілділік көрсету қандай құндылықтармен сәйкес келеді?
Бұл адамдардың өнегесінен өзіңе қандай сабақ алдым деп ойлайсың?
|
|
5. Шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс.
Оқушыла төрт топқа бөлінеді.
Тапсырма: «Қарым-қатынаста табысқа жету сыртқы жағдайлардан гөрі адамның ішкі жан дүниесіне, ниетіне байланысты» деген ойды басшылыққа ала отырып, төмендегі кейіпкерлерді қатыстырып, шағын қойылым дайындап, сахналаңдар.
1 – топ:
жақсы, мейірімді оқушы;
2 – топ:
ылғи да бірінші болғысы келетін оқушы;
3 – топ:
қарым-қатынаста пайда іздейтін оқушы;
4 – топ:
барлығын жақсы кӛретін оқушы.
|
|
6. Топпен ән айту.
Достар құшағында
Сөзін жазған Сағи Жиенбаев
Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов
Қасымда бүгін достарым менің,
Құшағым толы қырмызы гүлдер.
Толқиды жаным, аспаным кеңіп,
Арайлы таңдар, қызықты күндер.
Қайырмасы:
Кел, жан-достарым,
Мен бір ән бастадым.
Шырқайық желпіндіріп тау асқарын.
Келеді көктем, келеді жаздар
Қырларға балғын гүлдерін алып.
Тұрады сәуле көңілде маздап,
Жатса да зулап күндерім ағып.
Қайырмасы.
Аспаным нұрын төгеді көктен,
Күтеді қызық таңдарым алда.
Құшағы жалын, көңілі көктем –
Өздерің барда, арманым бар ма?!
|
|
7. Үй тапсырмасы.
1. №18 – сабақ. «Қарым – қатынас жарастығы» туралы эссе жазу.
2. Келесі сабақ. №19, Жәмила Аязбекованың «Атасы мен әжесі» мәтінін оқып келу.
|
|
8. Сабақтың қорытынды сәті.
Тыныс алуға зейін қою.
Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді есімізге түсіріп, жүрегімізге сақтайық.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |