Айбек: Жақсы, Ричард. Сенімен танысқаныма қуаныштымын.
Ричард: Мен де. Келесі кездескенше, Айбек.
Айбек: Рақмет, сау бол.
3-тапсырма. Қарамен берілген сөздердің қай септікте тұрғанын айтыңыз.
Студенттер сабаққа ерте келе бастады. Қардың түсі аппақ. Қыста балалар шана тебеді. Студент сабақтан кеш шығады. Қоңырауға әлі ерте. Досымды қонаққа шақырдым. Досымменкиноға бардым, кинодан қатты әсер алдым.
5-тапсырма.Мәтінді мәнерлеп оқып, мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер. Құмырсқа мен көгершін Бір күні // құмырсқа // шөліркеп келе жатып, // су ішуге өзенге түсті. Сол кезде // толқын соғып, // құмырсқа суға кетіп қала жаздады. Оны // аузына бұтақ тістеп келе жатқан көгершін көріп, // құмырсқаны аяп, // аузындағы бұтақты судың үстіне тастады. Құмырсқа бұтаққа мініп,//толқынмен судың жиегіне шығып, // ажалдан құтылды.
Көгершін өзеннің жағасына қонып, // құрылып тұрған тордың астындағы бидайды теріп жей бастады. Оны көрген аңшы // торды тартып қалып, // көгершінді ұстап алайын деп жатқанында, // құмырсқа өрмелеп барып, // аңшының аяғын шағып алды. Аңшы аяғына қарап қалған кезде,// тор босап кетіп, // көгершін ұшып кетті.
(С.Көбеев)
Мәтін бойынша сұрақтар: Құмырсқа өзенге не үшін түсті?