Пән сипаттамасы «Қазақ тілі» пәні студенттерге мемлекеттік тілді жаңартылған мазмұнда оқып-үйренуге, студенттердің коммуникативті құзіреттілігін жетілдіруге, жеке тұлғалық әлеуетін дамытуға бағытталған



бет19/66
Дата20.10.2022
өлшемі1,08 Mb.
#154139
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   66
Байланысты:
Силлабус аза тілі 2021-2022. В1 4 года с инет

2-тапсырма. Мәтінді оқып, ішінен төл сөздерді тауып, кімнің сөзі екенін анықтаңыз, Мәтінді мазмұндаңыз.


Баланы жастан
Бірде тоқылдақ пен қарға ұясын қатар басыпты. Қарға әкелген жемін балапандарының аузына салып тамақтандырады. Ал тоқылдақ балапандарының тұмсығын шоқуға келер-келместен-ақ жемін ағаштың қуысына тығып: «Өзің тауып же», - деп, әмір етеді екен. Одан кейін сәл есейісімен, бұтаққа қондырып, құрт-құмырсқаны өзі іздеп, тауып жеуге баулиды. Мұны байқап жүрген қарға бір күні:
- Тоқылдақ, сен неткен мейірімсіз едің? Бұғанасы бекімеген балапандарыңның тұмсығын ауыртып, әкелген жеміңді аузына салмай, бейнетпен жегізетінің не? – деп, ренжи сұрайды.
- «Баланы жастан» деген бар. Балапаныңның тұмсығын ерте қатайтып, осы кезден бастап еңбекке үйретпесең, есейе келе жалқау болып өседі, - депті Тоқылдақ.
- Ойбай-ау, мен балаларымды теріс тәрбиелейді екенмін ғой, қап! – деп қарға өкінді.
Шынында қарғаның балапандары ескі жұрттағы күл-қоқысты, лас нәрсені шоқитын, сасып, шіріген өлексені аңдудан басқаны білмейтін жалқау болып шығады. Ал тоқылдақтың балапандары еңбекқор, таң атқаннан күн батқанға шейін ағашқа жабысып, оның құрт-құмырсқасын тауып, тесіп жейтін, орманның тазалығын сақтайтын пайдалы құс болып өседі.
(М.Төрежанов)
3-тапсырма. Әңгімелесуге арналған сұрақтармен танысыңыз, сұрақтарға жауап беріңіз, бұл сұрақтарды бір-біріңізге қоя аласыз.
1. Отбасыңыз қандай? (үлкен, кішікентай)
2. Қазір сіздің отбасыңыз қайда тұрады?
3. Ата-анаңыздың аты-жөнін айтыңыз.
4. Олар қай жаста (орта жаста ма, қарт адамдар ма, жас па)?
5. Ата-аналарыңыз бір-біріне ұқсай ма? Олар мінезі жағынан әртүрлі ме?
6. Мамандықтары бойынша ата-аналарыңыз кім? Олар қайда оқыған? Олар қазір жұмыс істей ме? Қайда және кім болып жұмыс істейді?
7. Сіздің туған ағаңыз, ініңіз, әпке, қарындастарыңыз бар ма?
8. Сіз мінезіңіз және сыртқы келбетіңіз жағынан кімге ұқсайсыз? Әкеңізге ме? Шешеңізге ме? Өзіңіздің аға, әпкеңізге ұқсайсыз ба?
9. Сіздің аға, әпкеңіздің, немесе іні, қарындасыңыздың аты кім? Олар немен айналысады (бала-бақшаға бара ма, мектепке бара ма, университетте оқи ма, жұмыс істей ме)?
10. Әдетте, үйде ата-анаңыз, ағаңыз, әпкеңіз, өзіңіз немен айналысасыздар? Кім тамақ дайындайды? Кім үйді жинайды? Кім азық-түлік әкеледі? Кім үйдегі кішкене балаларға қарайды?
11. Бір-біріңізге не істеуге көмектесесіздер?
12. Туыстарыңызды жиі көріп тұрасыз ба? Мерекеде ғана немесе басқа күндері көресіз бе? Кім кімге қонаққа барады?
13. Отбасыңызда қандай дәстүр бар?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет