Пән сипаттамасы «Қазақ тілі» пәні студенттерге мемлекеттік тілді жаңартылған мазмұнда оқып-үйренуге, студенттердің коммуникативті құзіреттілігін жетілдіруге, жеке тұлғалық әлеуетін дамытуға бағытталған



бет17/66
Дата20.10.2022
өлшемі1,08 Mb.
#154139
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   66
Байланысты:
Силлабус аза тілі 2021-2022. В1 4 года с инет

2-ТАҚЫРЫП. Отбасы және дәстүр
Практикалық сабақ жоспары (3 сағат)
1-сабақ
1. Отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы, отбасы берекесі, отбасындағы салт-дәстүрлер, туыстық атаулар туралы ақпарат.
2. Тақырыпқа қатысты мәтіндермен жұмыс жасау
2-сабақ
1. Жалпы және жалқы зат есімдер; көптік жалғаулы сөздің тәуелденуі (менің туыстар+ым); тәуелді септеу ( менің әкемнің ағасы); жіктік жалғау, жіктік жалғаудың көптік формасы (Біз қалалық + пыз);
2. Жаттығу жұмыстары
3-сабақ
1. Жай сөйлемдердің коммуникативтік мақсаттарына қарай жұмсалуы.
2. Мәтінмен жұмыс жасау
Әдебиеттер: нег.1, 2, 3, 5, 7, қос. 15, 16, 14, 18
СӨЖ-ге арналған тапсырма:
1. Тақырыпқа қатысты мәтіндермен жұмыс (оқу, аудару).
2. «Отбасындағы сыйластық» тақырыбына реферат жазу.
3. «Туыстар, олардың тұрмысы мен мамандығы» тақырыбына қатысты әңгіме жазу
4. Жағдаяттық тапсырмалар құру
ОСӨЖ-ге арналған тапсырма:
1. Тақырыпқа қатысты мәтіндермен жұмыс жасау, оқу, аударма
жұмыстары
2. «Отбасындағы сыйластық» тақырыбына рефератты талқылау.
3. «Туыстар, олардың тұрмысы мен мамандығы» тақырыбына қатысты әңгімені баяндау
4. Жағдаяттық тапсырмаларды орындау


1-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендеріңді айтыңдар. Өздерің білетін салт-дәстүрлер туралы әңгімелеңдер
Салт-дәстүр – ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын, тарихи қалыптасқан нормалар мен үрдістер. Уақыт өткен сайын салт-дәстүрлерге өзгеріс еніп, жаңа қоғамға бейімделеді.
Жаңа қоғамдық қатынасқа сай келмейтін салт-дәстүрлер ығысып, өмірге қажетті жаңалары дамып отырады. Салт-дәстүрлер қоғамдық ұйымдар мен халықтың мінез-құлқының, іс-әрекетінің рухани негізі.
Дәстүр мәдениетпен тығыз байланысты, сондықтан мәдениеті дамыған ел дәстүрге де бай. Ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, адалдық, әділеттілік, мейірімділік сезімдері озық дәстүрлерге жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет