Жобаға қойылатын талаптар: 1. Жоба оқу бағдарламасы шеңберінде белгілі бір маңызды тақырыптың мазмұнын ашу үшін жасалады.
2. Жобада материалдың мазмұны логикалық алгоритммен түзіледі. Жобада тақырыптың мазмұнын толық көз алдыға келтіру мақсаты алға тартылады.
3. Жоба формасы жағынан тізілген негізгі ойлар мен идеялардың реттілігі ретінде немесе мазмұнды ашуға лайықталған арнайы кесте арқылы берілуі мүмкін.
4. Жобада дереккөздер көрсетіліп, олардан алынған дәйексөздер мен сілтемелер қысқаша келтіріледі.
5. Жобаның тілі ресми ғылыми стильде, әр ұғым мен термин сөздер тұлғалық және мағыналық жағынан орнықты қолданылуы керек.
Тезиске қойылатын талаптар: 1. Тезис оқулықтан алынған бір бөлікті (параграфты) немесе белгілі бір философтың шығармасындағы негізгі ойлар мен идеяларды игеру үшін жасалады.
2. Тезисте шығарманың маңызды танымдық-ақпараттық мазмұны ашылады,
3. Тезисте алынып отырған материалдағы басты мазмұндық элементтер, автордың негізгі ойлары мен идеялары теріп алынады.
4. Әр тараудың, параграфтың, бөліктің мазмұны қысқаша, бірнеше сөйлеммен келтіріледі. Тезисте кілттік сөздер мен негізігі ұғымдар іріктелініп алынады.
5. Тезис қысқа және нұсқа болатындай, өте жинақы, ғылыми стильде жазылады. Тезисті толық және ұзақ сөйлемдермен жазуға тырысудың керегі жоқ, Өте қысқа, кейде тіркестермен немесе атаулы сөйлемдермен беруге болады. Ұғымдар мен термин сөздер тұлғалық және мағыналықжағынан орнықты қолданылуы керек.
6. Тезисте дереккөздер көрсетіліп, оларда автор және оның шығармасынан алынған сілтемелер ықшамдалып, берілуі мүмкін.
Студенттің өздік жұмыстарының барлық түрлеріне қойылатын ортақ талаптар: 1. Жұмыс мерзімінде тапсырылады және топта талқыланады.
2. Орындалған жұмыс өзара пікір білдіру рәсімінен өтеді.
3. Автор топтағы студенттердің және оқытушының сұрақтарына жауап береді, жасаған ескертулерін қабылдайды.
4.Бағалауды арттыру үшін қосымша негіздер (тақырыпқа ерекше көзқарас, зияткерлік тереңдік) келтірілуі мүмкін. Орындалған жұмыс ашық, жариялылық жағдайда бағаланады.