Пән туралы ақпарат



бет1/6
Дата17.12.2021
өлшемі0,83 Mb.
#102091
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
122631719469 силлабус ОАК каз 2020
dip -a -baytursynulynyn-sauat-ashuga-baylanysty-enbekterinin-manyzy, krovoobr, лондон презентация






  1. Пән туралы ақпарат




Пән атауы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

Пәннің коды: OAK -2203

Кредиттер саны:

3

Курс, семестр:

2 курс, 1/2 семестр

Шифр, мамандық атауы:

Барлық мамандықтарға арналған



Кафедра: Қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу

Факультет Экономика және құқық

Оқу түрі: күндізгі

Оқу тілі: қазақша

Пәнді оқыту уақыты және орны: 2020-2021 сабақ кестесіне сәйкес, ШҚМУ-нің №1 ғимараты

Кеңес беру уақыты: 2020-2021 оқу жылының кестесіне сәйкес

Рейтинг кестесі: 7, 15 апта

Оқытушының аты-жөні:

Байркенова Г.Т.



Ғылыми дәрежесіі: доцент

Байланыс ақпараты: bairkenova42@mail.ru

Телефон: Кафедраның телефоны 540-177


2.Пәннің қысқаша мазмұны.

Пәннің мақсаты: сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бойынша білім жүйесін қалыптастыру және осы құбылысқа қатысты азаматтық ұстанымды қалыптастыру болып табылады.

Пәннің негізгі міндеттері:

- сыбайлас жемқорлықтың мәні мен факторлары, оның әр түрлі көріністері туралы кешенді білім беру;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ететін тұлғаның құқықтық мәдениетін дамыту;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша білімдермен, іскерліктермен және дағдылармен қаруландыру;

- сыбайлас жемқорлық құбылыстарын сыни талдау дағдыларын дамыту.

Пәннің мазмұны: тәртіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат туралы негізгі кешенді білім алуға бағытталған; сыбайлас жемқорлықтың нақты себептері, мәні, факторлары, көріністері туралы жүйелі түсінік қалыптастыру; сыбайлас жемқорлық жағдайларды шешу дағдыларын дамыту; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мазмұндағы құндылықтар мен адамгершілік ұстанымдар жүйесін қалыптастыру; Адам мен азамат құқықтарының сақталу мәдениетін, қоғамдық игіліктер мен Қазақстанның болашағы үшін алаламаушылық пен паралсыздықты қалыптастыру.

Пән білім алушылардың негізгі және жалпы кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған.

Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы:

1. Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы туралы білімді жүйелеуге;

2. сыбайлас жемқорлықтың мәнін, оның шығу себептері мен көрініс түрлерін түсіндіруге;

3. сыбайлас жемқорлық көріністерін сыни талдау және сыбайлас жемқорлық жағдайларды шешу дағдыларын көрсетуге;

4. сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстаудың құндылықтар мен адамгершілік ұстанымдары жүйесіне сәйкес шешімдер қабылдау және іс-әрекеттер жасауға;

5. адамгершілік және құқықтық көзқарас тұрғысынан қызметтің (әрекетсіздіктің) нәтижелері мен салдарын талдауға және бағалауға;

6. күнделікті өмірде парасатты мінез-құлық моделін құруга қабілетті болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет