Пән туралы ақпарат



бет2/6
Дата17.12.2021
өлшемі0,83 Mb.
#102091
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
122631719469 силлабус ОАК каз 2020
dip -a -baytursynulynyn-sauat-ashuga-baylanysty-enbekterinin-manyzy, krovoobr, лондон презентация, Серікқалиқызы Анаргүл, Сахратова Жұмагүл
3.Курстың пререквизиттері:

Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы, әлеуметтану, саясаттану, құқық негіздері.



4.Курстың постреквизиттері: пән бойынша алынған білімдер барлық басқа пәндерді оқығанда пайдалануы мүмкін.
5. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар



Пән тақырыптарының аталуы

Апта

Дәрісханалық сабақтар

Дәрісханадан тыс сабақтар

Балығы (сағ.)

Дәріс (сағ.)

Сем. (сағ.)

СОӨЖ (сағ.)

СӨЖ (сағ.)

1

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде

1

1

2

1

5




2

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: мазмұны, рөлі мен функциялары

2

1

2

1

5




3

Сыбайлас жемқорлық әрекетінің механизмы

3

1

2

1

5




4

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: механизмдары және даму институттары

4

1

2

2

5




5

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты

5-6

2

2

2

5




6

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін құқықтық жауапкершілік

7-8

2

3

2

5




7

Мемлекеттік қызметте және бизнес-ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуы

9-11

2

3

2

5




8

Бейнероликтер байқауы «Адал өмір сүруге ұмтыл!»

12-13




2

2

5




9

«Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тиімді ме?» атты дебаттар

14-15




2

2

5







Барлығы:

15

10

20

15

45

90


6. Дәріс сабақтарының мазмұны

Тақырып 1. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік құбылыс ретінде



  1. Сыбайлас жемқорлық түсінігі

  2. Сыбайлас жемқорлық қазіргі заман құбылысы ретінде

  3. Сыбайлас жемқорлықты зерттеу әдістемесі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мәнін «сыбайлас жемқорлық» ұғымының мазмұнын, осы этностық әлеуметтік құбылыстың тарихи түп-тамырын түсінбейінше, ұғыну мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлық ұғымы қазіргі ғылыми және қоғамдық-саяси
әдебиетте кеңінен қолданылады.

«Сыбайлас жемқорлық» сөзі (латын тілінен «corumper») көптеген мағынасы бар: бүлдіру, құлдырау, параға сатып алу, азғыру, тура жолдан тайдыру, притон, құбылмалылық, істі бұзу, күйреуге әкелу, бұрмалау, алдау, қорлау, ар-намысын таптау, «rumpere» көп мағыналы (бұзу,


қирату, заңнан аттап өту, шартты бұзу) етістігімен қатар қолданылатын «со» қосымшасы сыбайлас жемқорлық – бұл бірнеше субъектілердің қатысуымен іс-қимыл жасау екенін көрсетеді.
Бұдан өзге, латынша «corruptio» «параға сатып алу», «іріп-шіру» дегенді білдіреді, «сыбайласу» етістігі «біреуді ақшамен немесе өзге де материалдық игіліктермен параға сатып алу» дегенді білдіреді. Рим құқығында «corrumpire» сөзі «сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, алдау, бұрмалау, параға сатып алу», сондай-ақ «құлдырау, бұзылғандық, нашар жағдай, (пікір немесе көзқарастың) құбылмалылығы» деген мағынаны білдіреді[1].

Сыбайлас жемқорлық ұғымының жалпыға танымал тұжырымдарымен қатар, латын термині «corruptio» екі түбірлі сөзден «cor» (жүрек, жан, рух, ақыл-ес) және «ruptum» (бүлдіру, бұзу) шығады деген пікір бар. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың мәні лауазымды тұлғаны параға сатып алуда немесе оларды байытуда емес, ал әлеуметтік жүйені,


оның ішінде мемлекеттік билік жүйесінің бірлігін бұзуда (ыдырату,
іріп-шіру), мемлекеттің, азаматтардың заңды мүдделерін қоғамдағы
өзінің жағдайын жеке мақсатына пайдакүнемдік арқылы сатып кетуде.
Тақырып 2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: мазмұны, рөлі мен функциялары

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана: түсінігі және құрылымы

  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: мазмұны, рөлі мен функциялары

  3. Шет елдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуы

  4. Роль семьи в формировании антикорруцпионной культуры

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың феномені болып табылады. Сондықтан бұл параграфта сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың феноменін қарастырамыз. Қоғамдық сананың әртүрлі нысандары бар, олардың көмегімен адамдар оларды қоршаған табиғатты, қоғам мен өздерін сезінеді. Моральдық (адамгершілік) саяси, құқықтық, эстетикалық, діни сана болып бөлінеді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана» ұғымы қоғамдық сананың барлық нысандарын қамтиды. Бұл интегративті ұғым, себебі ол өзіне әртүрлі ғылым саласынан ақпаратты сіңіреді, әртүрлі оқу пәндерінде зерделенеді және ол туралы білімді тұжырымдауда зерттелетін құбылысты түсінудің жаңа деңгейіне шығады. Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қоғамдық сананың өзге де нысандарымен тікелей өзара байланыста болады және қоғамдық санаға тән барлық қасиеттер және сипаттамаларды меңгереді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана – бұл адамдардың сыбайлас жемқорлыққа әлеуметтік зұлымдық ретіндегі қатынасын білдіретін ұғымдар, теориялар, түсініктер мен сезімдердің, көзқарастар мен эмоциялардың жиынтығы.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңында мүдделер қақтығысы «жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, мұндай жағдайда осы аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін» деп айқындалады [1]. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың ерекшелігі оның барлық көрінісінде мүдделер қақтығысына жағымсыз, төзбеушілік қатынастың призмасы арқылы өмірлік болмысты көрсетеді, содан кейін жаңғыртады. Ол жалпыға міндетті мінез-құлық нормаларын белгілеуді талап етеді.


Тақырып 3. Сыбайлас жемқорлық әрекетінің механизмы

1.Сыбайлас жемқорлық феноменінің психологиялық аспектілері

2.Сыбайлас жемқорлық мінез-құлық механизмі, оның құрылымы, типі. Сыбайлас жемқорлық қатынастардың субъектілері.

3.Сыбайлас жемқорлық мінез-құлқының уәждемесі.

4.Сыбайлас жемқорлыққа дайындық


Сыбайлас жемқорлыққа дендеген тұлғаның психологиялық портреті: өмірді материалдық игіліктер алу арқылы бағалау, молшылық өмірге ұмтылуды бақыт көрсеткіші деп санау, рухани әрекет ұстанымдарын ой елегінен өткізбей уәждеу және құрылымдау, өмірге қанағаттанушылықтың төмен деңгейі, өзін-өзін барабар бағаламау, сыртқы бақылау фокусы
(адамның өз өміріндегі оқиғалар үшін жауапкершілікті сыртқы факторларға: басқа адамдарға, тағдырға, кездейсоқтыққа, қоршаған ортаға жабу бейімділігі), әрекет етудің серпінді типі (сыртқы әсерлерге аяқ асты эмоциональдық әрекет жасайтын мінезі бар адам) [2, 328-б.].

Сыбайлас жемқорлық әрекеті құрылымындағы психологиялық тетікті талдау. «Психологиялық тетік» деп кейбір функциональдық тұтастықты сипаттау түсініледі және қандай себептерге орай қандай да бір феноменнің пайда болатыны сипатталады. «Сыбайлас жемқорлық


әрекетінің психологиялық тетігін» сипаттау үшін бұл процес қалай, қандай түрде жүзеге асырылатын, адамның бұл әлеуметтік әрекетін қоғам мен өзі қалай реттейтінін, бұл әлеуметтік құбылыс негізінде қандай психологиялық процестер, функциялар, феномендер жатқанын ұғыну
қажет.
Тақырып 4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: механизмдеры және даму институттары

  1. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруда отбасы ролі

  2. Сыбайлас жемқорлықтың ұлттық негіздері

  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық бақылау

  4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда БАҚ ролі

Қоғамда жүретін барлық коллизиялар отбасы қатынастарында қалай болғанда да көрініс табады. Моральдық-адамгершілік ілгерілеу, құндылықты ұстанымдар, қоғамның артықшылықтары отбасы қатынастарының негізін құрайды, отбасылық тәрбиелеу траекториясын қалыптастырады.


Сондықтан отбасы қоғамдық дамудың маңызды индикаторы болып табылады деген тезис күшінде қалады және шындыққа жанасады. Басқа жағынан, отбасы қоғамның бөлшегі ретінде қоғам дамуына белгілі бір ықпал етеді, қоғамдағы моральдық-адамгершілік ахуалға әсер етеді. Отбасы құндылықтарды, дәстүрді, мәдениетті, өмір салты мен дүниетанымдық ұстанымдарды көрсетеді. Бұл диалектикалық өзара байланысы ақырында отбасын қоғамның әлеуметтік институты ретінде
біздің түсінігіміздің негізін құрады.

Отбасы әлеуметтік институт ретінде көптеген функцияларды орындайды: халықтың өсіп-өнуі, жаңа жағдайда алдыңғы ұрпақтан жинақталған шаруашылық-экономикалық, тәрбиелеу, әлеуметтік, оның ішінде әлеуметтік тәжірибенің бейімделу функциясы. Отбасы шеңберінде


сол немесе өзге әлеуметтік тәжірибені нығайту немесе жоққа шығаруадамдардың құндылықты бағдарын қозғайды. Осының нәтижесінде қандай да бір құндылықтар кетеді, қайсыбірі келеді, тұлғаның рухани кеңістігінде өз орнын алады және оның өмірі үшін әлеуметтік маңызға
айналады.

Тақырып 5. Жемқорлыққа қарсы саясат



  1. Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың конституциялық негіздері.

  2. Антикоррупционная стратегия Республики Казахстан на 2015-2025 жылдарға арналған.

  3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық әдістері.

Ең алдымен, Конституцияны еліміздегі Негізгі заң ретінде қарастыру керек. Бұл конституциялық құрылысты, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын бекітетін, республиканың жоғары мемлекеттік билік органдарын тағайындайтын негізгі құрылтайшы саяси-құқықтық акт болып табылады. Негізгі заңымыздың негізінде біздің барлық саяси және құқықтық жүйеміз құрылды, сондай-ақ үш негізгі тірек: саясат, құқық және экономика арасындағы белгілі бір теңгерімге қол жеткізілді. Оған екі рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді және олар жоғары дәрежеде алға жылжу мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталуымен


ерекшеленеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қалыптастырудың осы кезеңінде Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясының негізгі қағидаларын іске асыру мақсатында, 1997 жылы 5 қарашада «Ұлттық қауiпсiздiктi нығайту, ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа


қарсы күрестi одан әрi күшейту жөнiндегi шаралар туралы» Жарлық шығарылды.
Тақырып 6. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін заңдық жауапкершілік

1. Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың динамикасы мен сипаты.

2.ҚР-да сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілік

3. ҚР-да сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін қылмыстық жауапкершілік


Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын дамытуға қалай әсер етеді?

Шет елдердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың қандай моделі қазіргі жағдайда неғұрлым оңтайлы болып табылады?

ҚР-да сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін қылмыстық жауаптылықтың қандай шаралары неғұрлым тиімді болып табылады?


Тақырып 7. Мемлекеттік қызметте сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуы

1. Мемлекеттің қазіргі моделінің негізгі басымдықтары.

2. Сыбайлас жемқорлықты азайтуға бағытталған заңнаманы жетілдіру

3. Салалық бөліністе сыбайлас жемқорлықты анықтау және жою

4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы жобалық басқару және ақпараттық технологиялар

5. Мемлекеттік қызметтегі этикалық бақылау.


Сыбайлас жемқорлық – Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қатысты ең басты қауіптердің бірі: экономикалық қарым-қатынастар аясында тіршілік ете отырып, ол уақыт өте келе оларды параға сатып алу мен тазалықтың болмауына негізделген қатынастарға алмастырады

Нәтижесінде, қалыпты іскерлік әрекеттер өзгеріске ұшырап, инвестициялар мәнін жойып, іскерлік беделдің деңгейі төмендейді. Сыбайлас жемқорлық белең алған және атқарушы органдар мен сот билігі тармақтарының қызметінде қиыншылықтар бар ортада бизнес табысты дами алмайтындығы дәлелденген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты реттілікпен жүзеге асыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін қажетті заңнамалық алғышарттарды жасауға алып келді. Бизнестегі парақорлық пен сыбайлас жемқорлықтың пайда болуын барынша болдырмау мақсатында Үкімет Қылмыстық кодекске сыбайлас жемқорлықтық әрекеттері үшін заңды тұлғаларды жауапкершілікке тарту қарастырылған өзгерістер енгізді. Дегенмен, сыбайлас жемқорлық жойылған жоқ. Оның өміршеңдігі адамдардың санасында, адамгершілік кемшіліктері мен нұсқандарында нығыз орныққандығымен айқындалады. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі – бұл кәсіпкерлердің осындай саясат жүргізіп, осындай шешім қабылдауға және қоғам мақсаттары мен құндылықтары жағынан ерікті болып саналатын қызмет бағыттарын таңдауға ерікті түрде міндеттелуі болып табылады [3]. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің аумағы мен бағыттары белсенді түрде кеңеюде. Ол қайырымдылық шараларымен шектеліп қана қоймай, мынадай шараларды да қоса орындайды:

– бизнес жүргізу процесінің құқықтық нормаларға сай болуы;
– кәсіптік және іскерлік этика қағидаларын сақтау;
– экологиялық нормаларды сақтау;
– компания қызметкерлері алдында өз міндеттерін орындау;
–тұтынушылар алдында өз міндеттерін орындау және т.б.
Өзін өзі бақылауға арналған сұрақтар:

Мемлекеттік органдардағы сыбайлас жемқорлық неге қауіпті?

Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ықтималдығы көп деген тұжырыммен келісесіз бе?

Мемлекеттік қызметтің заманауи реформасы сыбайлас жемқорлықты жоюға қалай ықпал етеді?

Мемлекеттік қызметте және бизнес-ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қандай заңнамалық нормалар бағытталған?

Бизнес-ортада сыбайлас жемқорлық тәуекелдері немен байланысты?

Бизнес-ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мүмкін бе?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет