Әдістемелік нҧсқау:«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» ҚР Конституциялық заңының қабылдануы Қазақстан халқының тағдырын анықтаушы құжат болды. Осы заңның қабылданғанынан бастап елдің тәуелсіз даму жолы басталды. Оның мазмұнында ұлттардың ӛзін-ӛзі басқару құқығы, жеке тұлғалардың құқығы мен бостандығы, саяси тұрақтылық, билікті бӛлісу, ұлтаралық келісім т.б. іргелі демократиялық қағидалар кӛрініс тапты. Шынайы егемендікті жариялау елді сыртқы әлемнің мойындауына мүмкіндік берді. Сонымен бірге «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституцилық заң мемлекеттің Конституциясының негізі болып табылады. Студенттер осы құжаттың баптарына түсінік бере отырып презентация әзірлейді. Презентация белгілі бір тақырыпты, мәселені слайд түрінде кӛпшілікке ұсына отырып, қорғайды. Сабақ ZOOM платформасында ӛтеді. Презентация, жоба, контент-талдауларыңызды, эссе, баяндамаларды электрондық почтаға жібере аласыздар және ОСӚЖ сабақтарында қорғауға, талдауға болады.