Пəн туралы мəліметтер



бет16/35
Дата07.02.2022
өлшемі2 Mb.
#82196
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35
Байланысты:
Адам экологиясы дәріс

Қосымша əдебиет:


  1. Гаврилов Л.А. Биология продолжительности жизни (Өмір ұзақтық биологиясы). - М., 1997;

  2. Давыдов Б.И. Радиация, человек и ОС. - М., 1993;

  3. Маркович Д.Ж. Социальная экология. - М., 1991;

  4. Одум Ю. Основы экологии. - М., 1975;

  5. Почва, город, экология (под ред. Г.В.Доброваолького). - М., 1997;

  6. Предмет экологии человека (под ред. А.П.Яшина). - М., 1991;

  7. Тихомиров И.И. Очерки по физиологии человека в экстремальных условиях. - М., 1965;

Алтыншы апта


6 дəрістің тақырыбы: АЭ медициналық аспектілері
Терминдер мен анықтамалар: денсаулық, ауру, өмір салты, медициналық аспекті, СӨС

Дəріс мазмұны:


  1. Денсаулыққа əсер етуші факторларды талдау.

  2. Денсаулықтың генетикалық факторы.Тұқым қуалайтын аурулардың топтары.

  3. Тұқым қуалайтын аурулардан сақтандырудағы бағыттар. 1.Денсаулық сақтаудағы əртүрлі факторлардың үлесітері:

  • шарттар жəне өмір салты -50%

  • генетикалық факторлар -20%

  • ҚО жағдайы -20%

  • дəрігерлік қамтамасыз ету -10%

  1. Тұқым қуалайтын ауруларды 3 тобын ажыратады: хромосомалық, моногенділер,көп факторлы.

Тұқым қуалайтын факторлардың есебі адамды сау,ұзақ,бақытты қыла істей алады.

  1. Келесі негізгі бағыттарын айырады: ҚО жағдайын бақылау арқылы,поуляцияға генетикалық мониторинг, химиялық заттардың мутагенді белсенділін табу,антимутагендер іздеу,жанұяны жоспарлау, туу алдындағы диагностика.

Адамның денсаулығының төмендеуі, ауруға шалдығуын ағзаның ортаға толық бейімделе алмауымен, қолайсыз əсерлерге берген теріс жауабы ретінде қарастыру керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз — бұл тек аурудың болмауы емес, ол толық физикалық, психологиялық жəне əлеуметтік қолайлылық.
Ғалымдардың есептеулері бойынша адамдардың денсаулық жағдайы 50—52%-ы

  • өмір сүру салтына, 20-25%-ы — тұқым қуалау факторларына, 18—20%-ы — қоршаған орта жағдайларына, ал 7—12% ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болады. Антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады.

Адамның денсаулығына зиянды əсер ететін факторлардың ішінде əр түрлі ластаушы заттар бірінші орын алады. Адамның іс-əрекеті нəтижесінде биосфераға, оған тəн емес 4 млн.-нан астам заттар шығарылады. Сонымен қатар, жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаган жаңа заттар шығарылады. Олардың көпшілігі ксеиобиотиктер (грек тілінен аударғанда хе nos —бөтен) адам мен басқа да тірі ағзалар үшін бөтен заттар деп, аударылады.
Аурулардың көбеюі сонымен қатар табиғи ортаның əр түрлі трансформацияларымен, оның толық бұзылуы, өнеркəсіптік кешендерге, бір типті тұрғын жерлерге жəне т.б., яғни «үшінші табиғатқа» айналуына байланысты. Денсаулыққа əлеуметтік жəне экономикалық жағдайлардың əсері артып отыр. Табиғи жəне физико-химиялық тұрғыдан алғанда таза орта болса да, қолайсыз əлеуметтік- экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына əкелетінін өмір көрсетіп отыр. Əлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы адамның психологиялық күйі мен стресстік құбылыстар арқылы əсер етеді. Ауру мен өлімнің қоршаған орта жағдайларына тəуелділігі жекелеген мемлекеттер мен аймақтар мысалынан көрінеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мəліметтері бойынша жыл сайын дүние жүзінде шамамен 500 мың адам пестицидтермен уланады жəне оның 5 мыңы өліммен аяқталады. Мұндай құбылыстар əдетте «үшінші əлем» елдерінде жиі кездеседі. АҚІІІ- пен салыстырғанда бұл елдерде улану 13 есе артық.
Американ ғалымдарының мəліметтері бойынша барлық қатерлі ісік ауруларының 90%-ы қоршаған ортаның қолайсыз əсеріне байланысты. ФРГ-де соңғы 10 жылда қатерлі ісікпен ауыратындардың үлесі ер кісілерде 15-тен 23%-ға дейін, ал əйелдерде 17-ден 25%-ға дейін артқан. Аурулар индустриалды жəне ластанған аудандарда жиі кездеседі.
Арал аймағы экологиялық апат аймағы болып табылады. Бұл аймақ аурулар мен өлімдердің жоғары болуымен сипатталады. Мысалы, Қарақалпақстанда (Өзбекстан) балалар өлімінің жиілігі туылған мың балаға 87-ден келеді, ал Скандинавия елдерінде
7—8, Жапонияда — 5. Бұрынғы КСРО-да 80-жылдардың соңында орташа балалар өлімінің жиілігі 24—25 болған.
2.Аурулар туғызатын заттар мен факторлар. Ағзаларға қолайсыз əсер ететін жəне ауруларға əкеліп соқтыратын заттарды төмендегідей топтарға бөліп көрсетуге болады:

  1. концерогендер (латын тілінен аударғанда cancir — рак, генезис — шығу тегі) қатерлі ісіктер туғызады. Қазіргі уақытта шамамен 500 осындай заттар белгілі. Олардың ішіндегі ең күштілеріне бензо(а)пирен жəне басқа да полициклді ароматтық көмірсулар, ультракүлгін сəулелер, радиоактивті изотоптар, эноксидті смолалар, антриттер, нитрозаминдер, асбест жəне т.б. жатады;

  2. мутагендер (латын тілінен аударғанда mutasio — өзгеру) – хромосомалар саны мен құрылымының өзгеруіне əкеліп соқтырады. Оларға: рентген сəулелері, гамма- сəулелер, нейтрондар, бензо(а)пирен, колхицин, кейбір вирустар жəне т.б. жатады;

  3. тератогендер (грек тілінен аударғанда teras , teralos — құбыжық) — жеке дамуда кемістіктерге əкелетін, кемтарлықтардың пайда болуына əкелетін заттар. Тератогендерге əсер ететін мөлшерінен артып кететін кез келген фактор жатады. Көбінесе тератогендерге мутагендер, сондай-ақ пестицидтер, тыңайтқыштар, шу жəне т.б. ластаушылар жатады. Сонымен қатар, эмбриогендерді де бөліп көрсетуге болады. Эмбриогеидер (грек тілінен аударғанда embryo – ұрық) эмбрионалдық даму кезінде зақымдануларға əкелетін заттар. Эмбриогендерге тератогендер, мутагендер жəне басқа да заттар (мысалы, алкогольді ішімдіктер, есірткі заттар жəне т.б.) жатады. Адам қызметінің нəтижесінде жаңа, бұрын болмаған аурулар пайда болады. Мұндай ауруларды ерекше техногенді аурулар тобына жатқызады. Оларға қорғасын («сатуризм»), кадмий («ита-ита»), сынап қосылыстарымен (“минамата”) жəне т.б. уланудан пайда болған аурулар жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет