Денсаулықтың физиологиялық түрі организмдегі физиологиялық үрдістерді (процестерді), олардың өзара əрекеттесуін, организмнің қоршаған орта əсеріне қайтаратын
жауабына бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық жəне функционалдық сақтамаларды зерттейді.
Зияттылық түр дегеніміз — денсаулық туралы білімнің ақпараттық көзі.
Сезім əрекетіне берілгіштік түр — жағдайға байланысты өз сезімін бағалай білуді түсініп, сол қалпында айшықтай айта алу. Жағымсыз эмоцияға ұстамдылық жасап, жағымды эмоцияны мадақтау.
Əлеуметгік түр — тұлғаны əлеуметтендіру, өзін қоғамға қажетті мүше екенін аңғару, белсенді өмір сүру.
Тұлғалық түр — өзін тұлға ретінде түсіну, тұлға ретінде анықтау. Өзін іс жүзінде көрсету.
Рухани түр — адам жеке басының біртұтастығын қамтамасыз ететін қоғамның рухани құндылығын көрсетеді.
Қазіргі уақытта денсаулық бірнеше түрлерге жəне құрамдас бөліктерге бөлінеді:
Тəн денсаулығы — бұл адам мүшелері мен организм жүйесінің ағымдағы күйі. Мұның негізі онтогенездік дамудың əр түрлі кезеңдерінде басымдық көрсететін, базалық қажеттіліктерге негізделген жеке дамудың биологиялық бағдарламасынан құралады.
Достарыңызбен бөлісу: |