Пəн туралы мəліметтер



бет14/35
Дата07.02.2022
өлшемі2 Mb.
#82196
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35
Байланысты:
Адам экологиясы дәріс

Өмір сүру деңгейі — бұл адамның материалдық, рухани жəне мəдени мұқтаждықтарын қанағаттандыру деңгейін көрсететін əлеуметтік-экономикалық санат.
Өмір сүру сапасы — адам қажеттіліктерін қанағаттандыратын жайлылық дəрежесі. Бүл көбінесе əлеуметтік санатқа жатады.
Өмір сүрудің өзіндік жолы адам тіршілігінің мінез-құлықтық ерекшеліктерін сипаттайтын əлеуметтік-психологиялық нышан. Бұл — жеке тұлғаның психологиясы жəне психо-физиологиясы икемделінетін белгілі қалып.
Адам денсаулығы, ең алдымен, өмір сүрудің өзіндік жолына тəуелді. Ол тарихи, ұлттық дəстүрлермен (діл) жəне жеке бас бейімділігімен (кейіпкер) анықталады.
Этнокомпонент салауатты өмір салтында балалардың ақыл-ойын, сезімін жəне əрекетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты (СӨС) ұғымында барынша толық айтылады, СӨС- тың негізі салауаттану ғылымы болып табылады. Салауатгы өмір салты адамның денсаулығы үшін қолайлы жағдайларда кəсіптік, қоғамдық жəне тұрмыстық қызметтерін орындауға себепші болатындардың барлығын бірлестіреді. СӨС жеке тұлғаның жəне қоғамдық денсаулықтың қалыптасуы, сақталуы жəне нығаюындағы жеке тұлғаның іс- əрекеттеріне бағыт береді.
СӨС қалыптастырудың негізіне биологиялық та, əлеуметтік те ұстанымдар орныққан. Биологиялық ұстанымдарға: балалардың жас ерекшеліктерін ескеру, салауатты өмір салтының жүйелілігі, ырғақтылығы, бірізділігі жəне т.б. жатады.
СӨС əлеуметтік ұстанымдарына: эстетикалығы, адамгершілігі, ерікті тəрбиелей білуі, өзін-өзі шектей білуі (нəпсі тыюы) жəне т.б. жатады. СӨС ұғымы қазіргі заманда мыналарды қамтиды:

  • жеке бас гигиенасы;

  • дене шынықтыру;

  • тиімді тамақтану;

  • оңтайлы қимыл тəртібі;

  • зиянды дағдылар мен құмарлықтан (темекі тарту, алкоголь, есірткі заттарын қолдану, т.б.) бас тарту;

  • жағымды эмоциялар.

  1. Валеологияның 1-ші негізгі принципі – денсаулық сақтау принципі. Оның негізін гомеостаз құрайды. 2-ші принципі– денсаулық резервтерін арттыру немесе денсаулықты нығайту принципі. 3-ші принципі – денсаулық құру принципі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет