Пəн туралы мəліметтер



бет10/35
Дата07.02.2022
өлшемі2 Mb.
#82196
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35
Байланысты:
Адам экологиясы дәріс

Бесінші апта


5 дəрістің тақырыбы: АЭ медициналық аспектілері
Терминдер мен анықтамалар:денсаулық, СӨС физиологиясы, физикалық денсаулық, валеология
Дəріс мазмұны:

  1. Денсаулық ұғымы, денсаулық түрлері.

  2. СӨС физиологиялық негіздері, принциптер, СӨС құрастырушылары.

  3. Денсаулық жəне валеологияның негізгі принциптері.

  1. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (1958) жарғысы бойынша, денсаулық деп «аурушаңдық пен дене бітімінде кемшіліктердің бар не жоғы ғана емес, сонымен қатар, адамдардың толық физикалық, əлеуметтік жəне рухани қолайлы жағдайларын» түсінеміз.

Адамдардың денсаулығы дегеніміз - оның биологиялық, физиологиялық жəне психикалық қызметтерінің дұрыс дамуы, ұзақ уақыт сақталуының динамикалық жағдайы, əлеуметтік белсенділігі мен қызмет қабілеті жоғары деңгейде болуы, күш-қайраты талмай, ұзақ уақыт өмір сүруі.
Денсаулықты жеке адамның денсаулығы жəне жалпы халықтың денсаулығы деп бөледі. Жеке адамның денсаулығын, яғни оның организмінің клиникалық, физиологиялық жəне биохимиялық көрсеткіштерінің жиынтығын адамның жынысына, жасына, сондай-ақ климаттық, географиялық жағдайларына байланыстыра, əлеуметтік факторларды ескере отырып, кешенді түрде анықтайды.
ДДҰ денсаулыққа берген анықтамасы бойынша, денсаулық толық физикалық, психикалық жəне əлеуметтік амандық күй-жағдайы, аурулардың жоқ болуы ғана емес, қандай болмасын ақаулардың болмауы делінген.
Денсаулықты физикалық, психикалық, соматикалық, рухани деп бөлінеді. Денсаулық анықтамасының көптеген түрлері бар.

  1. СӨС, адамның кəсіпшілік,қоғамдық, тұрмыс функцияларын орындалуы біріктіріп, денсаулыққа үйлесімді жағдайларын қарастырады.

СӨС негізіне əлеуметтікт сияқты, дəл осылай жəне биологиялық принциптерде жатады. Биологиялықтарға:

  • жасқа байланысты өмір салтының болу.

  • энергетикалық қамсыздандырылған

  • бекіттілген.

  • ырғақталған.

  • аскетталған

СӨС əлеуметтік принциптарына:

  • жарасымды өмір салты болуы тиісті

  • өнегелі

  • қайратты

  • өзін-өзі ұстай білу

Денсаулықтың физиологиялық негіздері – белсенді қозғалыс, балансты қоректену,психофизиологиялық өздігінен жөнге келу, қоректену тəртібі.
Салауаттану — тұтасымен алғанда жеке тұлғаның, қоғамның, табиғаттың денсаулығы туралы ғылым. Адам денсаулығы тəн, дене, психологиялық, имандылық- адамгершілік жəне əлеуметтік денсаулықтар құраушының өзара байланысы мен өзара үйлесімді əрекеттерінен қалыптасады. Кез-келген өзара əсер əрекет етуші ретінде де, жауап беруші ретінде де анықталады.
Əлеумет себепші болған аурулар санының өсуіне, адамның əлеуметгік биологиялык мəні арасындағы қарама — қайшылықтардың шиеленісуіне байланысты — салауаттанудың пайда болуы заңдылық. Салауатгану ғылымы аурудың алғашқы алдын алу əдіснамасын, денсаулықты сақтау жəне ны-ғайту амалдары мен əдістерін зерттейтін салауатты өмір салтын қалыптастырудың ғылыми негізі болып табылады.
Салауаттанудың рөлі — адамның ішкі биологиялық табиғатымен, өзін қоршаған тірі жөне өлі табиғатпен өзара əсері сапасын өзгерту, кикілжіңнің көзін жою болып табылады.
Салауаттану ғылымы «қалай денсаулықты сақтаудың» ұстанымдары мен тетіктерін зерттейді. Салауаттану нысаны, біріншіден — дені сау адам, екіншіден — оны қоршағандардың барлығы жəне денсаулыққа əрекет етуші факторлар, үшіншіден — аурудъщ пайда болу себептері, организмнің дені сау күйге оралу тетігі, қорғануға бейімделу тетіктері, төртіншіден — сақтандыру жəне сауықтыру шаралары болып табылады.
Салауаттанудың зерттеу пəні — адам. Зерттеуге организмнің анатомиялық, физиологиялық негіздері, бейімделу тетіктері, корғану тосқауылдары, организмнің сыртқы ортаға бейімделуі туралы білімдері енеді. Салауаттану адамның термодинамикалық, денелік, химиялық, антропологиялық, экологиялық құбылыстарын қамтиды. Адам қоғамның қарапайым мүшесі, этикалық жəне эстетикалық ұстанымдарын жеткізуші жеке тұлға ретінде қарастырылады. Тек осындай кешенді тəсіл оның негізгі қасиеті — денсаулығын сипаттауға мүмкіндік береді.
Тіршілік дегеніміз тек адамның ғана емес, кез келген тірі организмнің қоршаған ортамен өзара əрекеттесуі болғандықтан, салауаттану тіршілік етуге қажетті ортаның əсерін барлык кұрауыштарымен оқып-үйрену міндетін қояды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) сарапшыларының дерегі бойынша халық денсаулығының 49-53%-ы өмір салтына, яғни адамның өз денсаулығына қалай қарайтынына тəуелді, 17-20%-ы қоршаған ортаға (аймақтың экологиялық жəне климаттық-географиялық ерекшеліктеріне), 18-22%-ы тұқым қуалау себептеріне, біздің ден-саулығымыздың тек 8-10%-ы ғана денсаулық сақтау ұйымына тəуелді.
Денсаулық қатерінің негізгі факторлары — қозғалыс күшінің кему саддарынан қимылдың кемуі (гиподинамия), дене массасының артуы, жүйесіз тамақтану, қоршаған орта нысандарының барлығының көптеген уытты заттармен ластануы, өндірісте жəне тұрмыста күйзеліс туғызатын жағдайлар, зиянды əдеттердің (шылым шегу, алкоголь пайдалану, уланқорлық, нашақорлық, т.б.) кең таралуы. Салауаттану ғылымы қандай амалдардың жəрдемімен денсаулықты сақтап, нығайтуға болатынын егжей-тегжейлі түсіндіреді. Салауатты өмір салтын қалып-тастырудың негізгі бағытгары мыналар:

  • жеке жəне қоғамдық гигиена;

  • дене шынықтыру, гиподинамиямен күрес;

  • организмді жаратылыс-табиғи факторлармен — су, ауа, күн жарығымен жəне т.б. шыңдау;

  • күн тəртібін тиімді пайдалану;

  • дұрыс жəне уақтылы тамақтану;

  • жұкпа аурулардың алдын алу;

  • тəн ауруларынан сақтандыру;

  • жарақаттанудан, уланудан, т.б. сақтандыру;

  • зиянды əдеттерден (темекі тарту, алкоголь, есірткілік улы заттарды) сақтандыру;

  • жыныс гигиенасы;

  • психопрофилактика жəне психогигиена;

  • кикілжің жəне денсаулық;

  • экология жəне денсаулық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет