Үшінші апта
№2 дəрістің тақырыбы: АЭ принциптері жəне зерттеу əдістері
Терминдер мен анықтамалар: антропоэкология, глобальды зерттеулер, жергілікті зерттеулер, популяция, географиялық карталар
Дəріс мазмұны:
Антропоэкологиялық зерттеулердің əртүрлі деңгейлері жəне олардың ерекшілігі.
АЭ жергілікті зерттеулері.
АЭ аймақтық зерттеулері.
Адам экологиясының əдістері Адам экологиясы ұзақ уақыт даму нəтижесінде қалыптасты. Осы даму барысында оның теориялық негіздері, ғылыми жəне қолданбалы міндеттерді орындаудың əдістемелік ережелері мен нақты əдістік тəсілдері қалыптасты. Антропоэкологиялық идеялардың қалыптасуы мен дамуы адам экологиясының басқа пəндерден — табиғи жəне əлеуметтік географиядан, демографиядан, социологиядан, биология мен медицинадан алға н зерттеу əдістерінің жетілдірілуімен жəне өңделуімен қатар жүрді. Адам экологиясының əдістемелік негіздерін қалыптастыру үшін оны жер бетінде адам қауымдастықтары мен табиғи кешендердің əрекеттесу процесінде қалыптасатын кеңістіктік-уақыттық жүйелердің (антропоэкожүйелердің) даму заңдары туралы ғылым, бұл жүйелерді реттеу мен басқару əдістері туралы ғылым деп ұғыну маңызды болды. Антропоэкологиялық əдістер жүйесінде табиғи, əлеуметтік-тұрмыстық, экономикалық, саяси, экологиялық-гигиеналық жəне т.б. факторларды бағалау үлкен орын алады. Кейде адамдардың тіршілік əрекетіне əсер ететін немесе əсер етуі мүмкін құбылыстар мен факторлардың тізімі бар антропоэкологиялық кадастрлар түзіледі. Бағамдаушылық зерттеулер табиғатты, шаруашылықты, халықты, медициналық-демографиялық жəне əлеуметтік керсеткіштерді жүйелеп, тақырыптық картографиялаудың қарқыны өсуімен өзара тығыз байланыста дамиды. Антропоэкологиялық объектілерді зерттеудің маңызды əдістемелік принципі — ең алдымен картографиялық үлгілеу. Адам экологиясында аудандастыру сияқты маңызды əдістемелік тəсіл кеңінен қолданылады. Адамның мекен ету ортасын оңтайландыру мен əлеуметтің денсаулығы деңгейін көтеру антропоэкологиялық болжау негізінде ғана мүмкін болатын келешектік бағалауды қажет етеді. Адам экологиясының ішкі дамуының күрделі процестері нəтижесінде ол қазіргі уақытта антропоэкожүйелердің ішкі құрылымын, олардың аумақтық ұштасымы мен кеңістіктік-уақыттық байланыстарын зерттейтін ауқымды іргелі ғылым болып отыр. Адам экологиясындағы жүйелік тұрғыдан қарау антропоэкологияның тəн сипатты міндеттерін жүйенің жалпы теориясының ережелерін қолдану арқылы шешу нəтижесінде қалыптасты.
Антропоэкосистемының (АЭ) əртүрлі деңгейде – глобальдан (дүниежүзілік) жергіліктіге (локальды) дейін: ауыл немесе қаладан ауданға жəне тіпті «нүктеге»дейін (кісі тұратын үй, зауыт цехі).
Глобальды АЭ жердің бетін, тіпті төмен деңгей элементарлыға шейін қамтиды.
АЭ бойынша зерттеулер мынадай деңгейлерде өткізіледі: жергілікті, аймақтық, глобальды.
АЭ жергілікті зерттеулері адамдардың популяциясын зерттеуге бағытталған. Олар географияда ірі масштабты зерттеулер мен соған шекаралас пəндермен байланысты.
Аймақтық деңгейде антропоэкологиялық зерттеу кеңдеген аумақтардағы материалдарды қолдану жəне масштабты георгафиялық карталарының нəтижелерін 1:100000-1:500000 пайдалану арқылы жүзеге асады (100-ден 250 км 1см сəйкес).
Ғылыми тұрғыдан адам экологиясын зерттеу кейінгі жылдары ғана қолға алынды. Себебі қоршаған табиғатының бұзылуы адам баласының денсаулығына зиян əкелгендігі анықталды. Адам – табиғаттың туындысы, онсыз өмір сүре алмайды. Адам экологиясын ғылыми тұрғыдан қарастыруға, оны зерттеуге үлкен əсер еткен ХХғ. өмірге келген
«қоршаған орта түсінігі». Соның нəтижесінде адамның өмір сүріп жатқан жері, оның үйі, сол үйдің тұрақты таза болуы адамға байланысты. Егер оны адам қорғамаса, жағдай жасамаса, онда ертең құлауы мүмкін. Соңғы кездерде орта жағдайына болжам жасайтын ғылыми орталықтардың пайда болуы, қалыптасқан экологиялық мəселелерге бақылау жасау, баға беру жəне толық кешенді болжам жасауға мүмкіндік беріп отыр. Кезіндегі
«Ноосфера» ұғымы бүгінгі күні «нооэкология» ұғымына айналды. Ноэкологияны грек тілінен аударсақ, «Ноо – ақыл ой, адамның рухани байлығы, күші» деген мағынаны білдіреді. Ал, литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфера деген бірін-бірі толықтырушы, күрделі байланыстағы – географиялық орта – табиғаттың бүкіл қалыптасуы осы ортада жүреді. Аталған табиғи ортаны адамның ақыл-ойы арқылы басқаруын В. И. Вернадский –
«ноосфера» деп, терминді тұжырымдаған болатын. Кейінгі экология ғылымының қалыптасуына,дамуына байланысты ноосфера – нооэкология деп орынды аталып жүр. Адам – биоəлеуметтік тіршілік иесі, яғни табиғаттан пайда болып, соның ішінде өмір сүреді, есейеді, қартаяды, аяғында табиғаттың заңдылығына сай өледі. Бірақ осы аралықта өмір сүру деңгейінің əлеуметтік жағын өзгерте алады. Адамдар табиғатты өзгерте отырып, əрекетінен пайда болған ерекше жаңа қоршаған ортаны қалыптастырады. Сол ортаның адам өміріне қолайлы не қолайсыз əсер ету деңгейін «Адам экологиясы» зерттейді. Адамдарға табиғи ортадан басқа əлеуметтік – мəдениеттілік ортасы да қажет. Себебі, адам өткен өмірінің тарихын білмей болашағы болмайды. Осының нəтижесінде экология жəне мəдениет проблемасы пайда болды. Біздің түсінігіміздегі жақсы жəне жаман деген идеяларымыз адамгершілік негізіне жатады. Бұл жердегі адамгершілік принцпінің өзі құқықтық заңдармен, халықаралық құқықтармен негізделген. Бұның өзі экология жəне құқық арасындағы байланысқа жатады. Қазіргі кездегі экологиялық проблема сыртқы саясаттың күрделі элементіне айнала бастады. Сол себепті де экология жəне саясат кейбір жағдайларда бөлінбейтін жағдайға жетті. Суды қорғау, қышқыл жауындардан орманды қорғау проблемаларын өкімет басшылары жəне министрлер талқылауда. Дүние жүзінің көптеген мемлекеттері өзекті экологиялық жағдайларды қалай шешудің жолдарын қарастыруда. Табиғи ресурстарды тиімді паидаланудың келесі жолы рекрацияға пайдалану. Бұл проблемамен рекрациялық экология айналысуда. Егер жалпы жүйелі құрылымдық əдіспен айтатын болсақ, олардың арасындағы жүйелі байланысты «адам – қоғам - табиғат» деп айтуға болады. Əдістің негізін түсіндіру үшін екі мысал келтірейік. 1- ші мысалда толығымен адамзатты, 2-ші мысалда жеке тұлғаның табиғатқа деген көзқарасын қарастырамыз. 1972 жылғы «Рим клубының» өтініші бойынша Масачусет технология институтының Д. Медоуз басқарған бір топ ғалымдары дүниенің даму мүмкіншілігін зерттеді. Олар имитациялық ғаламдық модельді ойлап шығарды. Бұл дүниежүзілік қауымдастықтың атынан негізгі əсер етуші бағдарлама болып есептеледі. Біз қарастырып өткен жүйелі құрылымдық əдіс қазіргі кездегі адам экологиясындағы көптеген зерттеу əдістерінің бірі. Соңғы кездердегі қолданып жүрген əдістердің бірі – көпдеңгейлі шкала жəне динамикалық классификация. Көпдеңгейлі шкаланың негізі – қоршаған ортаның ерекшелігі – ондағы адамға көпдеңгейлі əсер етудің нəтижесіндегі мінез-құлық.
Əдебиеттер (негізгі, қосымша):
Мовчан В.Н. Экология человека. - СПб, 2004, с. 5;
Прохоров Б.Б. Экология человека. - М., 1994, с.24; 3.Губарева Л.И.Экология человека М.,2003 7,10;
Достарыңызбен бөлісу: |