Пəн туралы мəліметтер



бет8/35
Дата07.02.2022
өлшемі2 Mb.
#82196
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35
Байланысты:
Адам экологиясы дәріс

Төртінші апта


3 дəрістің тақырыбы: Табиғаттағы адамның орны. Терминдер мен анықтамалар:антропоэкожүйе, антропоэкожүйе моделі,антропоэкожүйелік блоктар,адам эволюциясы, Ойкумена Дəріс мазмұны:
1 Адам жəне табиғат. Адамның табиғи ортаға ықпалы 2 Адам эволюциясы
3 Адам проблемасы - философиялық көзқарас. 4 Адам мекендейтін жер бөлігі (Ойкумена)

  1. Басқа биологиялық организмдер сияқты адамдар да қоршаған ортамен тығыз байланысты болады онсыз күн көру мүмкін емес. Сондықтан олар табиғат заңдарына бағынып онда өтіп жатқан заттар айналымына қатысады. Табиғатта болатын заттар айналымына тоқтала келіп Ф.Энгельс былай деп көрсеткен болатын: «Өмір деген белокты дененің күн көріс түрі оның ішінде қоршаған ортамен болып жататын заттар айналымына қатысуы; егер бұл айналым тоқталып қалса онда өмірде тоқтайды.

Дене құрылысы мен түрі бойынша адамдар омыртқалылар типіне сүтқоректілер класына маймылдар отрядына оның ішінде Ескі дүние маймылдары бөлігіне гоминдтер тұқымдастығына жататыны белгілі
Басқа тірі организмдер сияқты адамдарға да оттек су қоректік заттар керек олар маусымдық жəне тəуліктік табиғат құбылыстарына көндігіп үйренеді температура мен күн сəулесі жарығы өзгеруіне байланысты қорғану əрекеттерін жасайды. Аталған нышандар мен қасиеттер адамдардың биологиялық организмдер қатарына жататынын дəлелдеп олардың табиғатқа бағынышты екенің көрсетеді. Əрине мұнан адамдардың жануарлармен өсімдіктерден айырмашылығы жоқ деген қорытынды тумайды.Керісінше, адамда басқа тірі организмдерде жоқ ақыл мен паасат бар, олар үнемі пайдалы іс - əрекетпен айналысуға, өзара келісіп бірлесіп, өмір сүруге,организмдерде болмайтын ерекше əлеуметтік орта – қоғам құруға тырысады.
Олар құрған қоғамдық арақатынас қисынды,дəйекті, маөсатты жəне əділ болып, басқалардың арақатынасынан анағұрлым жоғары тұрады.
Табиғи ортаны өздерінің қажеттеріне жарату үшін адамдар бірлесіп, одақ құрып, ұжым ұйымдастырып ,қоғамдастықтың ерекше түрін құрып, онда өмір сүрудің заңдары мен ережелерін бекітеді жəне қоғам мүшелерінен оның орындалуын талап етеді. Сөйтіп адамдардың өмір сүруі тек биологиялық факторлармен шектелмей, əлеуметтік мəселелеріне, қоғам заңдары мен ережелеріне де байланысты болады.
Сондықтан адамдар экологиясы адамдардың табиғатиен тығыз байланысты, онсыз кні жоқ екенін, олардың ақыл парасаты басқа басқа организмдерден ратық екенін ескере отырып табиғат пен қоғамның арақатынасын зерттегенде биологиялық факторлармен қатар əлеуметтік проблемаларды қамтиды.
Адамдар жыл сайын күшейіп келе жатқан іс-əрекеттерінің қоршаған ортаға тигізетін əсерін пайда зиянын табиғат байлықтарын ұқыпты пайдаланып қалпына келтіріп отыру жолдары мен əдістерін адамдар экологиясы зерттейді. Оның негізгі тақырыбы – адамдар мен табиғаттын арақатынасы олардың іс-əрекетінің қоршаған ортаға пайдасы мен зияны.
Демек экология тек биология мəселелерімен айналыспай əлеуметтік мəселелерді адамдардың қөзара қаиынастарын олардың қоршаған ортаға жасайтын əсерін зерттейтін болғандықтан оны тек биология саласындағы ғылымға жатқызуға болмайды.
Экологияның өзіне тəн тақырыбы ғылымда бөлек орны бар, əлеуметтік мəселелерді табиғатты пайдалану проблемаларымен ұштастырып тексеретін ғылым. Адамдар экологиясы жаңа ғылым саласы- экологияның үлкен бір бөлімі болып есептеледі.
Табиғат дегеніміз не? В.И.Дальдың «Түсіндірме сөздігінде» былай деп жазылған:
«табиғат – жаратылыс, барлық заттар, əлем, барлық жаратылыс... біздің əлем».
«Философиялық энциклопедиялық сөздікте» (2001) «табиғат» (латынша natura) деген ұғым былай деп түсіндіріледі: «заттың ең алғашқы мəнісі, сонымен қатар адамның ықпалы тимеген барлық заттардың жиынтығы». Бұл ұғым «материя» деген философиялық ұғым сияқты кең тараған.
Адам өзі табиғаттың бөлігі. Табиғат – адамның өмір сүру жəне əрекет жасау ортасы, оның тіршілік ету қорларының ошақтары немесе көздері, еңбек құралы, түрлену объектісі. Адамзат өзінің барлық сұраныстарын (биологиялық, ресурстық, рухани) табиғат арқылы қанағаттандырады.
Табиғи орта, былайша айтқанда, табиғат ондағы тіршілік ететін организмдерге (оның ішінде адамда) деген қарым-қатынасы болып қаралады, бұл организмдерге биологиялық түр ретінде тіршілік ету үшін жағдай жасайды.
Жаратылыстану ғылымы тарапынан қарағанда табиғатты Жердің географиялық қабықшасы ретінде түсініледі.
Жердің географиялық қабықшасы тұтас жəне үздіксіз немесе толассыз, материалдық жүйе, Жердің төрт қабықшасының: литосфера (тасыт қабықшасы), атмосфера (ауа қабықшасы), гидросфера (су қабықшасы), биосфера (тірі организмдер мекендеген қабыршағы) өзара əрекеттестік жəне өзараөту немесе ену сферасы.
Адамзат қоғамының қазіргі тарихи даму кезеңінде өзінің тіршілік ету жəне əрекет немесе қызмет етуінде тікелей қарым-қатынас жасайтын жер табиғатының бөлігін географиялық қабықша немесе қабық деп атайды.
«Географиялық орта» (жиі «табиғи орта» деп аталатын» ) деген ұғыммен қатар ғылымда «қоршаған орта» ұғымы енді.
Қоршаған орта — бұл табиғаттық (географиялық) жəне адамдардың қатысуымен пайда болған, антропогендік факторлар мен əлеуметтік элементтерден (оның ішінде əртүрлі құрылыстар, өндірістің материалдық объекттері жəне т.б.) тұратын жасанды ортадан тұратын адамның мекен ету жəне қызмет ету ортасы. Неғұрлым өндірістің даму деңгейі жоғары болса, техника жəне технология заманға сай болса, соғұрлым қоршаған ортаның антропогендік өзгеруі масштабы жəне деңгейі жоғары болады.
Қоршаған табиғи ортаның жəй-күйін сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығын


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет