Пəн туралы мəліметтер


қоршаған табиғи ортаның сапасы



бет9/35
Дата07.02.2022
өлшемі2 Mb.
#82196
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35
Байланысты:
Адам экологиясы дәріс

қоршаған табиғи ортаның сапасы деп атайды.
Табиғатты қорғау – техногенді жəне басқада антропогендік ауыртпаушылықтар жағдайларында тірі огранизмдердің табиғи мекендеу ортасын жəне табиғи ресурстар жиынтығын сақтауға бағытталған қызмет немесе əрекет.
Қоршаған табиғи ортаны қорғау табиғи ресурстерді қорғауға, қайта жаңғыртуға жəне тиімді пайдалануға, табиғи ортаны жақсартуға арналған мемлекеттік жəне қоғамдық шаралар жүйесі, сонымен қатар ол қолданбалы экологияның бөлігі болып саналады.
Сонымен, «қоршаған табиғи ортаны қорғау» ұғымы «қоршаған ортаны қорғау» ұғымымен бірдей деуге болады.
Қоршаған ортаны қорғау жəне табиғи ресурстарды тиімді пайдалану – адамзат алдында тұрған ең маңызды проблемалар. Бұлар биосфераға, оның геохимиялық, экологиялық жəне басқада дамуына себепкер функцияларына жəне тепе-тең табиғи
жəй-күйін сақтауға жоюшылық əсер ететін адамның барлық шаруашылық қызметімен тығыз байланысты. Көбінесе адамдар, өсімдіктер жəне жануарлардың өмір сүруіне теріс əсер етеін қоршаған орта қалыптасады.
Қоршаған ортаны қорғау саласында «табиғи жағдайлар жəне табиғи орта» жəне
«табиғи ресурстар» деген ұғымдар айырып танылады. Табиғи жайдайлар - өте кең ұғым, ол табиғаттың барлық аспектерін қамтиды, олар туралы адамға оның іс-əрекетіне қарамай айтылады.
Табиғи жəне қоршаған ортаның құрауыштары – бұл бірімен-бірі тығыз байланысқан қоршаған ортаның негізгі құрауыштары. Ортаның табиғи жəне антропогендік құрауыштары деп бөлінеді. Ортаның табиғи құрауыштарына жататындар жердің географиялық орны, үстіңгі қабаттың құрылысы, жергілікті климат, тау жыныстары, ауа, жер асты жəне жер үсті сулары, өсімдіктер жəне жануарлар əлемі, топырақтар, табиғи процестер мен құбылыстар. Табиғи құрауыштар бірімен-бірі заттар мен энергияның ағынымен тығыз байланысты. Бұлардың ішінде ерекше орын алатындар ауа, су жəне биота. Олар табиғатта болатын көптеген процестерді сипаттайды, ең қозғалмалы жəне сонымен қатар табиғи жүйелердің ең нəзік құрама бөліктері.
Физикалық құрауыштарға адамның қатысуымен туындалған жасанды материалдық денелер, синтетикалық материалдар мен тағамдар, пəтер үйлер жəне өндірістік бөлмелер, адамдар ұйымдастырған коммуникациялар, өндірістік, көліктік жəне тұрмыстық шулар, магнит өрістері мен дірілдер.
Адамның өзі де қоршаған ортаның құрауыштары болып саналады. Қоршаған ортаға жəне басқада қоғамның мүшелеріне адам тура жəне ортаға байланысты əсер етеді.
Адамның іс-əрекетінің табиғи құрауыштарына теріс əсерлері мына бағыттарда байқалады:

    • қоршаған табиғи ортаның ластануы;

    • табиғи ресурстардың таусылуы;

    • табиғи ортаның бұзылуы.

Мекендеу ортаның ластануы деп адамдардың денсаулығы мен өміріне, сонымен қатар оны қоршаған табиғи мекендеу ортасына қауіп төндіретін, табиғи заттар құрамының физикалық, химиялық жəне биологиялық өзгерістерін айтады.

  1. Қазіргі кездегі көзқарастар бойынша қазіргі адам неандерталдықтардың африкандық бұтағынан Homo sapiens түрінің түр тармағы – homo sapiens ретінде пайда болды. Қазіргі барлық адамзат шартты түрде бір еркек пен бір əйелдің генотипінен тарайтын тұтас генотиптен тұрады. Олар шамамен 150 мың жыл бұрын Шығыс Африка жерінде кездескен деген болжамдар бар. Адамның ата-тегі бұдан ертеректе африканың ағаштарда мекендеген жоғары дамыған тартанаулы маймылдарынан бастау алады (дриопитек; 22-12 млн. жыл бұрын). Дриопитектен жүретін адамға дейін (архантроп) эволюцияланған. Аталған эволюция баспалдақтарының арасында бірқатар аралық формалар, мысалы австралопитектер туысы (5-1 млн. жыл бұрын) болған. Адамның пайда болуы мен эволюциясын тірі табиғаттың эволюциясынан бөліп қарастыру мүмкін емес жəне ол көбіне Жердегі экологиялық өзгерістерді анықтады.

Адам эволюциясының бірқатар ерекшеліктерін бөліп қарастыруға болады: 1.Адамның маймылтəріздес ата-тектерінде терең морфологиялық, физиологиялық
жəне экологиялық мамандануы болған жоқ. Бұл эволюциялық жағынан жоғары бейімделушілік, бұтақтанған эволюцияға қабілеттілігінің болуына, мінез-құлқының бейімделгіштігі, əр түрлі экологиялық орталарды мекендеуіне мүмкіндік беретін еді.

  1. Адам эволюциясы эволюцияның жылдамдау ережесінің дəлелдемесі болып табылады. Ол ірі сүтқоректілер үшін жоғары жылдамдықпен (əсіресе антропогендердің соңғы кезеңдерінде) сипатталады.

  2. Бейімделушілігінің жоғарылығы консервативті инстинктерінің толық аяқталған жиынтығының болмауы жəне алуан түрлі құралдармен қызмет жасау адамның ата- тегінде мінез-құлықтың жоғары түрлерінің дамуына, инстинкт үстілік сферасының жəне интеллектінің дамуын қамтамасыз етті.

  3. Антропогенездің соңғы кезеңдері мəдениеттің – материалдық байлықтарды жасау құралдарының, тілмен, белгілермен ақпараттарды жеткізу, сигналдық естің жиынтығының қалыптасуымен сипатталады. Мəдениет адам эволюциясының басым факторына айналып, табиғи сұрыптау факторларының қысымын кемітеді. Үйретуге байланысты іскерліктер, дағдылар мен білімдер бір ұрпақтан екінші ұрпаққа беріледі, яғни мəдени мұра, дəстүрлер қалыптасады. Осы арқылы адам өзінің эволюциясында жүре пайда болған белгілерінің тұқым қуалауына табиғат салған тыйымды бұзады. Мəдениет, мəдени мұра қоғам мен өркениеттің пайда болуының басты көзі болып табылады.

  4. Қоғамдағы мəдениет пен ақпаратты игеру генетикалық ақпараттың тұқым қуалау арқылы берілуінен анағұрлым жылдам жүреді. Сондықтан қоғамдық прогрестің даму қарқыны мен материалдық мəдениеттің дамуы биологиялық эволюцияны басып озып қана қоймай табиғи сұрыпталудың əлсіреуіне байланысты оны баяулатады.

Homo sapiens экологиясына əсер ететін антропогенездің негізгі факторларына мыналар жатады:
Адамның ата-тектерінің ағашта өмір сүретін түрлерден шығуы, адамның төмендегі биологиялық ерекшеліктерін: денесінің вертикалды күйде болуы, иіс сезудің өзгеруі, түрлі-түсті көру мүшелерінің өткірлігінің артуы, аналығының бір мезгілде өмірге келтіретін балалар санының кемуімен, анықтады. Көздерінің фронтальді орналасуы көру мүшелерінің стереоэффект пен жақсы ара қашықтықты өлшеу функциясын қамтамасыз етті. Жоғары дамыған ұстау қызметі мен тактильді сезімталдылық колдың кейінгі көпфункционалды дамуын жеңілдетті.
Шамамен 10 млн. жыл бұрын Африкадағы тропиктік белдеудің ауа райы айтарлықтай өзгеріп, үлкен кеңістіктегі орман саваннамен алмасты. Бұл біздің ата- тегімізді жер бетінде өмір сүруге жəне тік жүрудің қалыптасуына əкелді. Экотоптың жəне қоректену сипатының (тек өсімдіктермен қоректенуден аралас тамаққа көшу) өзгеруі қоректену территориясының артуына жəне тамақ өндіру кезінде көп қуат жұмсауға əкелді. Жануар текті азықпен қоректенудің артуы ас қорытудың, зат алмасудың өзгеруіне, дене мөлшерінің жəне агрессивтіліктің артуына əкелді. Жетілген құралдарды қолдану отты, жануарлардың сүйегі мен терісін пайдалануға əкелді.
Түкті жабынының жойылуы (экологиялық жағдайлардың, гормоналдық статусының өзгеруі, эктопаразиттерден қорғану мен киімнің шығуына байланысты) температураны реттеудің жетілуі мен тер бөлінудің дамуымен қатар жүрді.
Ашық кеңістіктердің экотоптарын меңгеру мен қоректену территориясының ұлғаюы архантроптардың топтарының əлеуметтік ұйымдасуын өзгертті. Антропогенезде репродуктивті функцияның жəне жыныстық қатынастардың өзгеруі ерекше орын ала бастады. Бұл отбасының пайда болуының алғы шарты болды.
Аталған барлық факторлар, ең алдымен құралдармен жұмыс істеу, эмоционалдық сфераның кеңеюі, инстинкт үстілік мінез-құлық бас миының жылдам дамуына, интеллекттің, естің, ойлаудың дамуына əкелді. Осының негізінде сөз пайда болды. Бұл сапалық жағынан жаңа ақпараттық ортаны жасап, ми арқылы өңделетін ақпараттың көлемін арттырды.
Антропогенездің соңғы кездері мен адамның таралу процесі ауа райының айтарлықтай ауытқуларымен сай келді. Солтүстік жарты шардағы мұздық кезеңдердің алмасуы. Тропиктік белдеуде ылғалдылықтың жоғары болуы кезеңдері құрғақшылықпен алмасып отырды. Тамақтың жетіспеуі жəне бəсекелестіктің артуы Homo erectus-тің таралуын жылдамдатты. Оның ертедегі формалары Африкадан Оңтүстік Азияға енді. 300 мың жылдан бұрын архантроптар Солтүстік Африка мен Оңтүстік Еуропада пайда болды. 100 жəне 40 мың жыл бұрын ертедегі адамдар қоңыржай белдеуде, содан соң Еуразияның солтүстік бөліктерінде, шамамен 50 мың жыл бұрын Австралияда таралып, ал 30 мың жыл бұрын Берингия жəне мүмкін Полинезия арқылы Америка континентіне өтті.
Адамның таралуы нісілдік жəне ұлттық полиморфизмнің, ұлттардың пайда болуымен қатар жүрді.
Қазіргі жағдайда адамның табиғат факторларына тəуелділігі бірнеше есе артты, себебі, табиғатқа экспоненциалды түрде артып келе жатқан əсер табиғаттың өзін де өзгертеді, олай болса адамның өмір сүру жағдайлары да өзгереді.

  1. Адам проблемасы философия ғылымымен құрдас десе де болады. Бұдан философияның өзі сонау көне замандардағы ойшылардың адам жөніндегі, оның дүниеде атқаратын қызметі мен алатын орны жөніндегі ой – толғауларынан туғаны дəлел болады. Бір нəрсенің сырын ашып, білу үшін алдымен адам бұл туралы ештеңе білмейтінін түсініп, соны іште де болса мойындау қажет. Біздің білуімізше, философияның мəселесі – бұл сананың, рухтың табиғатқа, материяға, субъективтің (адамның ) ішкі дүниесінің объективтікке (сыртқы дүниеге) қатынасы. Бұдан шығатын қорытынды: адамның сана – сезімі мен ақыл – ойының, тіл мен дүниетанымының жəне оны өзгерту қабілетінің өзін қоршаған ортаға қатысы қандай, табиғат пен қоғамның адамға, оның ішкі рухани дүниесіне тигізетін əсері қандай – оның бəрі философияның ең түбірлі жəне түбегейлі мəселелері болып табылыды.

  2. Адам мекендейтін жер бөлігі (эйкумена грек.т.- орын тебемін, мекендеймін) жер бетінің адамдар мекендеп пайдаланылатын бөлігі. Адам толық мекендейтін жер бөлігі жəне адам жартылай мекендейтін жер бөлігі болып бөлінеді. Адам толық мекендейтін жер бөлігі - халық тығыз орналасқан үнемі қарқынды пайдаланылатың құрлық бөлімі. Адам жартылай мекендейтін жер бөлігі – халық уақытша мекендейтін жəне уақытша пайдаланылатың аудандар Планетамыздың шөлденуіне байланысты адам жартылай мекендейтің жер бөлігі едəуір қысқарды. 1990 жылғы мəліметтер бойынша адам жартылай мекендейтің жер бөлігінің ауданы 135,8 млн.км(квадрат) орташа сыйымдылығы 5-7млрд адам деп есептелген.

Əдебиеттер (негізгі, қосымша):

  1. Мовчан В.Н. Экология человека. - СПб, 2004, с. 5;

  2. Прохоров Б.Б. Экология человека. - М., 1994, с.24; 3.Губарева Л.И.Экология человека М.,2003 7,10;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет