Дене денсаулығы — организм мен мүшелерінің өсуі мен дамуының деңгейі. Мұның негізі бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық жəне функциялық сақтамалардан құралады.
Жан денсаулығы — адамнаң психикалық өріс күйі.
Мұның негізі мінез-құлыққа бара-бар реакцияны қамтамасыз ететін жалпы рухани қолайлы күйден құралады.
Рухани тазалық— тіршілік əрекетінің уəжді жəне ақпаратты-мұқтаждық өрісі сипаттамасының кешені. Мұның негізі жеке тұлғаның қоғамдағы құндылық жүйесі мен мінез-құлық түрткілерімен жəне уəждерімен анықталады. Денсаулыққа адамның руханилылығы себепші болады, яғни ол адамзаттьң байлығы — мейірімділік, намыс, абырой, ма-хаббат, сүйіспеншілік жəне əдемілікке негізделеді.
Денсаулықтың негізгі төрөлшемдері мыналар:
тəн жəне дене күйі үшін — мен істей аламын;
психикалық күй үшін — мен тілеймін;
адамгершіліктік күйге — мен істеуге тиістімін.
Денсаулық белгілері мыналар:
зақым келтіретін факторлар əрекетіне өзіне тəн (иммунды) жəне өзіне тəн емес тұрақтылық;
өсу мен даму көрсеткіштері;
организмнің функционалдық күйі жəне сақтамалық мүмкіндігі;
қандай болса да аурудың немесе даму кемістігінің болу деңгейі;
имандылық-еріктілік жəне құндылык-уəждік мақсат деңгейі.
Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты (СӨС) ұғымында толығырақ айтылады.
Осы заманғы ғылым мен əдістемеде салауатты өмір салты — бұл адамның еңбек əрекетімен, тұрмысымен, материалдық жəне рухани мұқтаждықтарды қанағаттандыру түрімен, жеке тұлға жəне қоғамдык мінез-құлық ережелерімен сипатталатын тіршілік əрекетінің белгілі типі туралы түсініктерді кіріктіретін биоəлеуметтік санат. Жеке тұлғаның өмір салты алуан түрлі, бірақ негізінен үш нышанға негізделеді:
өмір сүру деңгейі;
өмір сүру сапасы;
өмір сүрудің өзіндік жолы.
Достарыңызбен бөлісу: |