Аксиоматика – логикалық дәлелдеу жолымен аксиома немесе постулаттан берілген теоряның басқа тұжырымдарын шығару;
Аксиология – құндылықтар жүйесі туралы ұғым.
Ақиқат - таным теориясының негізгі категориясы, адам түсінігінің өмір шындығына сәйкестігі.
Апологетика (грек. Апологемай- қорғаймын, ақтаймын) -2-3ғ.ғ. пұттық политеизммен күресте христиандық догматика негіздерін қорғаған, уағыздан ілім;
Болмыс - философиядағы негізгі онтологиялық ұғым. Дүниенің бар бейнесін білдіретін бейболмыстың екінші жағы.
Буддизм -Үндістанда (б.з.д. 5 ғ. Кейін), Қытайда, Оңтүстік- Шығыс Азияда (3 ғ. Кейін) және басқа өңірлерде кең тараған діни- философиялық ілім.
Бихевиоризм – прагматизмді негізге алатын философиялық ілім.
Гностицизм - дүниені тануға болады, адамның танымдық мүмкіндігін шексіз деп түсінетіндер;
Гипотеза - болжау, негіз ұғымын білдіреді.
Герменевтика кез келген жазба нұсқасының, мәтіннің мәні, мағынасын тұспалдап түсіну, ұғыну әдісі. Қазіргі заманғы шетелдік батыс философиясына тән.
Гносеология - таным теориясы, адамның ақиқатты танып, білуіндегі философияның ең маңызды бөлімі.
Гуманизм адам мүддесі үшін жасалатын ізгіктердің топтамасы. Адамгершілікке баулу.
Дін – жаратылыстан, адам мен адамзаттантыс трансценденталдық, құдіретті күшке сенуге негізделген дәстүрлі қоғами сана формасы.
Философия – (грекше филео- махаббат, құштарлық; софия- даналық)- теориялық түрі, болмыс пен сананың жалпы принциптері, адамның адамға, дүниеге қатынасы туралы әмбебап ілім, ойлау туралы ойлау.
Диалектика – болмыс пен танымның, заттар мен құбылыстардың, ойлаудың жалпы даму заңдылықтарының өзара байлынысын, ішкі қайшылықтарын зерттейтін философиялық әдіс.
Дедукция (лат.,шығару) – ой қозғалысы процесінің жалпылықтан ерекше арқылы жекелікке өтуі;
Догматизм - қоршаған ортаны, дүниені әлдебір догмаларға, «жоғарыдан алдын ала берілген абсолюттік ақиқатқа» сүйеніп қабылдау. Бұл метод ортағасырлық батысеуропалық философияға тән.
Достарыңызбен бөлісу: |