ГЛОССАРИЙ
Мифология – (грекше мифос – аңыз, шежіре;логос-сөз,ілім) – алғашқы қауымдық қоғамға тән дүниетуралы қияли-ғажайып, танымдық қоғами сана формасы.
Дін – жаратылыстан, адам мен адамзаттантыс трансценденталдық, құдіретті күшке сенуге негізделген дәстүрлі қоғами сана формасы.
Философия – (грекше филео- махаббат, құштарлық; софия- даналық)- теориялық түрі, болмыс пен сананың жалпы принциптері, адамның адамға, дүниеге қатынасы туралы әмбебап ілім, ойлау туралы ойлау.
Диалектика – болмыс пен танымның, заттар мен құбылыстардың, ойлаудың жалпы даму заңдылықтарының өзара байлынысын, ішкі қайшылықтарын зерттейтін философиялық әдіс.
Метафизика - диалектикаға қарама- қарсы таным әдісі, мұнда заттар мен құбылыстар бір біріне байланыссыз, ішкі қайшылықсыз, тұрақты түрде өзгеріп отырады деп түсіндіріледі.
Догматизм - қоршаған ортаны, дүниені әлдебір догмаларға, «жоғарыдан алдын ала берілген абсолюттік ақиқатқа» сүйеніп қабылдау. Бұл метод ортағасырлық батысеуропалық философияға тән.
Эклетика – жан-жақтан жиналған, алуан түрлі, қырық құрау қағидаларды біріктіріп, қоршаған дүниеге өзіндік көзқарасты дәріптеуге тырысатын философиялық әдіс.
Софистика – айтыс-тартыста өз қарсыласын жеңу әдейі ақты қара деп, қараны ақ деп, ақиқатты жалған, жалғанды ақиқат деп көрсетуге жүгінетін әдісті айтады. Бұл әдісте ақиқатты тану емес, тек қарсыласын айтысты жеңу мақсат етіледі. Ежелгі Грекияда кең таралған.
Герменевтика кез келген жазба нұсқасының, мәтіннің мәні, мағынасын тұспалдап түсіну, ұғыну әдісі. Қазіргі заманғы шетелдік батыс философиясына тән.
Эмпиризм - көбінесе тәжірибеге сүйенетін, сезімдік таным нәтижесін таным процесінің негізі деп санайтын әдіс пен бағыт. (
(“Тәжірибе мен сезімдік түйсікте болмаған нәрсе ойда да болмайды”).
Рационализм – ақиқи. абсолюттік дәйекті білімді тек парасат. ақылмен ғана тануға болады дейтін философиялық әдіс пен бағыт. (“Бар нәрсегекүмәндануымыз мүмкін, ал күмәннің болуы ақыл, ойдың жемісі”).
Достарыңызбен бөлісу: |