Сабақтың тақырыбы: «Құрақ құрау. Эскиз дайындау»



Дата23.08.2017
өлшемі238,9 Kb.
#25544
түріСабақ
Ә.Тәжібаев атындағы № 36 мектеп лицейі

Ашық сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы:

«Құрақ құрау. Эскиз дайындау»


Сыныбы: 8

Пән мұғалімі: Алибаева Динара Султанхановна

2016– 2017 оқу жылы
Күні:

Сыныбы: 8 «В»

Сабақтың тақырыбы: «Құрақ құрау. Эскиз дайындау».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: құрақ құрау өнері жайлы білімдерін қалыптастыру, эскиз дайындау, құрақ қиындыларын әзірлеуді, мата түстерін таңдай білуді, дайын үлгіні пайдаланып қиюды, дұрыс біріктіріп үйрену.

Дамытушылық: оқушылардың ұлттық бұйымға қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілетін дамытып, сабаққа қызығушылығын және ойлау қабілетін арттыру.

Тәрбиелік: халқының өнерін, салт – дәстүрін бағалай білуге, эстетикалық талғамға, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, үнемділікке, жасалып жатқан жұмысқа шығармашылықпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі:

- түсіндірмелі – суретті (әңгіме, сұхбат, көрсету);

- репродуктивті (практикалық жұмыс).

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың көрнекілігі: слайд - презентация

Қажетті құрал-жабдықтар : интерактивті тақта, плакат, түрлі - түсті қағаз қиындылар, қайшы, желім, маркелер.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, геометрия, сызу, бейнелеу өнері, математика, ағылшын тілі, қазақ тілі.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.


  • Сәлемдесу

  • Оқушыларды түгендеу

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

«Достық шеңбері»

Жүргізілу шарты оқушылар қол ұстасып тұрып бір – бірінің атын атап, шын жүректен жылы лебізін білдіріп немесе сәттілік тілей отыра салған суреттерін құрбысына, сыныптасына сыйлайды. Мысалы. Әсем ұқыпты бол, ... . Тренингті ұстаз бастайды, соңғы оқушы ұстазға сәттілік тілейді.


Оқушыларды топқа бөлу. Геометриялық фигураларды таңдау арқылы топқа бөліну.
Жаңа тақырыпты бастамас бұрын бейнекөрініске назар аударайық.

Осы бейнеролик арқылы не түсіндіңіздер? Жаңа тақырыпты ашу.


ІІІ. Жаңа сабақ

Халықтың ұлт екенін айыратын 3 негізгі арнасы бар:

- тіл өнері

- саз өнері

- қолөнері

Халқымыздың қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру сияқты шығармашылық жиынтығын айтамыз.

Абай атамыз айтқан бес дұшпанның бірі – ысырап болса, өнердің бұл саласы сол ысырапшылыққа жол бермейді.
Құрақ құрау бұл аса шеберлікті, шыдамдылықты қажет ететін қолөнер түрі.

Біздің қазақ тілінде құрақ сөзінің екі мағынасы бар. Біріншісі, көлдің жағасында өсетін өсімдікті құрақ десе, екіншісі, мата қиындысынан жасалатын бұйымды құрақ дейміз. Біздің бүгін айтқалы отырған құрағымыз көл жағасында өсетін өсімдік емес, мата қиындысынан құралып жасалатын көрпе – көпшік ретінде пайдаланатын құрақ.



Құрақ дегеніміз шығынсыз өнім жасаудың бір түрі.

Құраққа қойылатын талап: мата бөлшектерінің симметриялы болуы және түстерінің үйлесімді орналасуы.

Түс шеңберінде түстер екі топқа бөлінеді: жылы (қызыл,сары, жасыл) және суық (көк, көгілдір, сия көк). Түс шеңберінде бір-біріне қарсы тұрған түстерді қарама-қарсы немесе контраст түстер дейді. Олар қызыл-жасыл, сары-күлгін, көк-қоңыр т.б.


Құрақтың түрлері төрт топқа бөлінеді:

1.Табиғат

2. Жануарларға

3. Геометриялық

4. Аспан әлемі
Құрақтың атаулары әр түрлі:

а) қазақ тілінде құрақ құрау өнері – құрақ.

б) орыс тілінде құрақ құру өнері «лоскутное шитье» немесе «мозаика».

в) жапон тілінде құрақ құрау өнері «сашико».

г) ағылшын тілінде құрақ құрау өнері «печворг» және «квилт»- деп атайды.
IV. 1-тапсырма

Таратпа материалмен, мәтінмен жұмыс

1 топ – Құрақ құрау еліне саяхат.

2 топ – Оқулық пен жұмыс (83 – бет).

3 топ – Құрақ туралы қандай салт-дәстүрлер, ырым-тиымдар білесіңдер?



І топ: Құрақ - құрау тарихына саяхат.

Құрақтық пластика алғашында Англияда пайда болды, содан кейн Еуропа, Америка, Аустралия және Ресейге тарады. Құрақ құрау өнерінің пайда болуына кедейшілік себеп болды. Дәл осы кедейшілік адамдарды ескі киім қалдықтарынан тұрмысқа қажетті бұйымдар жасауға мәжбүр етті.

Құрақ құрау XIX ғасырдың ортасынан бастап, фабрикадан шыққан мақта матасы кең тарала бастағанда белсенді түрде дами түсті. Құрақ құрау, негізінен, шаруалар ортасында туып, дамыды.

Ауылдық жерлерде жасалған тұрмысқа қажетті құрақ бұйымдары көз қуантатындай әдемі және тұрмысқа өте қажетті заттар болды.

Қала тұрғындары арасында құрақтан жасалған бұйымдар ұзақ уақытқа дейін кедейшілік белгісі болып есептелді. Тек ХХ ғасырдың 70 – жылдары сәнге фольклорлық стиль енгенде, құрақтық бұйымдарға қызығушылық пайда болды. Қазіргі таңда құрақ құрау өнері үздіксіз өсуде.
ІІ топ: Оқулықпен жұмыс (83 - бет)

ІІІ топ: Құрақ тұралы қандай салт-дәстүрлер, ырым-тиымдар білесіңдер?

Салт - дәстүр ретінде, құрақ құрап, қыз жасауына міндетті түде қосады, ол жас отбасының жеке отбасы деген мғынаны білдіреді. Қашанда әдемілік пен сұлулыққа құштар ата-бабамыз ұзатылған қыздың артынан жасау апарғанда махаббат нышаны ретінде «Аққу құрақ» көрпесін апарған.

Қонағын төрге шығаратын халқымыз құрақ көрпесін төрге төсеген. Ол – сыйластықтың белгісі. Дүниедегі әрбір зат майда бөлшектерден құралады. Сол секілді әр үйде құрақтан жасалған бұйымның болуы отбасының берекесі мен ынтымағын құрайды. Тіпті біздің әжелеріміз ерте кезде балалары өліп тоқтамаған отбасылардың үйін «Тіл-көзден аман болсын» деп ырымдап, «қырық құрақ» құрап, баласын соған ораған екен.
Мұғалім сөзі:

“Әр үйде құрақтан жасалған бұйымның болуы отбасының берекесі мен ынтымағын көрсетеді”- деп, әжелеріміз айтадып. Сол себепті қыз барған үй берекелі болсын деп құрақ сыйлайды.


V. 2 - тапсырма

Практикалық жұмыс

Құрақ көрпеше эскизін дайындау.

Құрал - жабдық: плакат, түрлі - түсті қиындылар, желім, қайшы.
VI. Кіріспе нұсқаулық

1 топ – шаршылардан эскиз дайындап, түс ғажайыптарының ерекшелігіне тоқталып, жұмысты қорғау.

2 топ – үшбұрыштардан эскиз дайындап, мақал - мәтелге байланысты жұмысты қорғау.

3 топ – алтыбұрыштардан эскиз дайындап ертегі еліне саяхаттап жұмысты қорғау.
Практикалық жұмысты бағалау критериі

  • Эстетикалық жағынан ең жақсы орындалған жұмыс

  • Түстердің үйлесімділігі

  • Ұқыпты және таза дайындалуы

  • Жұмысты қорғауы

  • Уақытқа үлгеруі


VII. Ағымдағы нұсқаулық

  • Жұмыс орнының ұйымдастырылуын тексеру.

  • Практикалық жұмысты орындаудың дұрыстығын тексеру.

  • Техника қауіпсіздігі ережесін сақтау.

VIII. Соңғы нұсқаулық

  • Қателіктер мен оның себептеріне талдау жасау



Өнер туралы қандай мақал –мәтел білесіңдер?

- Өнерлінің қолы алтын, Өлеңшінің сөзі алтын

- Ою ойғанның ойы ұшқыр.

- Ою ойған сызу да сызады.

- Үлгісі көптің өрнегі көп, өрнегі көптің ермегі көп.

- Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

- Құрақ – қиялдың жемісі.

- «Өнерлі болу – зейнет, өнерсіз болу бейнет.

- «Әке – асқар тау, ана – бауырындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ».
IX. Рефлексия

Құрақ туралы нені білемін? Нені білдім? Нені білгім келеді?

«Еркін микрофон » стратегиясы арқылы сұрақ –жауап.
X. Оқушылардың білімін бағалау
XІ. Үйге тапсырма

83 – 85 бет оқу



Үлгіні мата бетіне түсіру.
XІІ. Жұмыс орнын ретке келтіру

ОБЛЫС Қызылорда

АУДАН/ҚАЛА Сырдария

АУЫЛ Тереңөзек кенті

МЕКТЕП Ә.Тәжібаев атындағы №36 мектеп -лицейі

ПӘНІҢІЗ Технология

ФИО Алибаева Динара Султанхановна

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет