Пәндердің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұНЫ



бет111/144
Дата08.02.2022
өлшемі14,19 Mb.
#122977
түріСеминар
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   144
Байланысты:
08 КЛЕТКА БИОЛОГИЯСЫ
ОП Энергетика каз, ОП Энергетика каз, портфолио, 15.02.19, 15.02.19, 111, 6575b84a-6758-11e5-9d50-f6d299da70eeУМКД Гигиена преп каз, 16 5, 6. leksia, 6. leksia, Мақала образец, қаз т оқу бағд дұрысы, озгерис сырттай Акпар Стан послед темы дипломных работ 2019 - 2020 - копия, БББ каз МФ 1 06.02 (2), БББ каз МФ 1 06.02 (2)
Митоз және мейоз


Сабақтың мақсаты. Митоздық және мейоздық бөліну түрлерімен танысу.
Қажетті материалдар, құрал-жабдықтар: Цитологиялық препараттар, жарық микроскопы, заттық және жабын шынылар, өткір препараттық инелер, пипеткалар, сорғыш қағаз,

Митоз - жасушаның бүрыс бөлінуі. Митоз дене жасушаларында байқалады. Митоз процесінде ядро күрделі өзгерістерге ұшырайды, жаңадан пайда болған жасушаларға тұқым куалаушылық материалы тепе - тең бөлініп беріліп отырады. Бұл митоздың биологиялық маңызы болып саналады. Митоздың негізгі себептері:


1) ядро-цитоплазмалықара қатынасының өзгеруі (1/6-1/8 ден 1/69-1/89 ге дейін); 2)"митогенетикалық сәулелер"- бөлінуші жасушалар көршілес жаткан жасушалардың митоз жолымен бөлінуіне түрткі болады;
3)"жаракат гормонодарының" әсері - жарақаттанған жасушалар жарақаттанбаған жасушалардың бөлінуіне ықпал ететін ерекше заттар бөліп шығарады.
Біртүгас митоз кұбылысы 4 фазаға бөлінеді: профаза, метафаза, анафаза, телофаза. Профазада ядро көлемі ұлғайып, хроматин жіпшелері тығыз ширатылып, жуандап, қысқарып митоздық хромосомаларға айналады. Профазаның аяғында бөлінуші жасушаның екі полюсінде жасуша орталығы пайда болып, ахроматин жіпшелерімен жалғанып тұрады.
Метафазада хромосомалар өздерінің центромералары арқылы ахроматин жіпшелеріне бекініп бөлінуші жасушаның ортан беліне-экваторына шоғырланады. Бұл кезеңде әрбір хромосома екі хроматидаға ажырап, тек центромера арқылы байланысып тұрады. Митоз, Клетканың бөлінуі — организм көбеюінің орталық кезеңі. Клетканың бөлінуі нәтижесінде бір клеткадан екі клетка пайда болады. Бұл процесс негізгі екі кезеңнен тұрады: ядронын бөлінуі — митоз (кариокинез) деп, цитоплазманыа бөлінуі — цитокинез. Клетка өзінін, тіршілік циклінде кезектесіп келетін алты стадияны басынан өткізеді: ннтерфаза, профаза, прометафаза, метафаза, анафаза және телефаза (I таблица, Л). Бұл стаднялардың бәрі қосылып интерфаза мен митозға жіктелетін бір митоздық цикл құрайды. Клеткаиың екіге бөлінуі арасында ядро интерфаза стадиясында болады. Интерфазада клетканың ерекшелігіне тән және клетканық бөлінуіне қажетті заттар түзіледі. Бұл кезде ядродан ұсақ жіпшелерден — хромосомалардан құралған тор кұрылымы жақсы көрінеді.
Профазада — митоздын бірінші кезенінде хромасомолар спиральданады да, екіден қосарланған жіп сияқты болып жарық микроскопынан көрінеді. Интерфаза кезінде хромосоманың косарлануы немесе онын репродукциясы болатынын байқаймыз. Бұл кезде бастапқы хромосомалардын әркайсысы дәл өзі сиякты жаңа хромосома тузеді: Сіңлілі хроматидтер деп аталатын бұл жарты бөлік профаза кезінде бөлініп кетпейді, оларды центромера (кннетохором) ден аталатын ортак бөлік біріктіріп ұстап турады. Профазада хромосомалар ары карай ұзынынан спиральдана түседі, соның нәтижесінде олар кысқарады және жуандайды. Сол сияқты профазада хромосомалар ядроның бүкіл келеміне таралатынын атап көрсету мааызды. Жануарлар клеткасында интерфазаның бас кезінде немесе ттті телефазалық бөлінудін кезінде центриолдар косарланады, бұдан кейін профазада жас цеитриолдар ажырап, клетканын полюсіне қарай бөліне бастайды. Центриолдар арасында бір бу-да бөліну үршығының жіңішке жіпшелері пайда болады, осы жиынтық ахроматин аппараты деп аталады. Бұлшық ет клетка-лары құрамындағыдай, ұршық жіптері құрамында актин белогы болады, ол белок қозғалыстың түрлі жағдайында жиырылуды қамтамасыз етеді. Профазаның аяқталуының негізгі белгісі — ядрошықтар мен ядро қабықшасы жоғалып кетеді, соның нәтижесінде хромосомалар цитоплазма мен нуклеоплазманың жалпы массасының ішінде орналасады.Прометафаза клеткадағы хромосомалардың экватор жазықтығына қарай қозғалуымен сипатталады. Бұл қозғалыс пен хромосомалардың экватор ұршығында таралуы метакинез деп аталады.
Метафаза деп хромосомалардың экватор жазықтығында ұршық өсіне перпендикуляр орналасуын айтады. Осы жазықтықка орналасқан хромосомалар экваторлық немесе метафазалың пластинка құрайды. Әрбір хромосома экваторлық жазықтыққа оның центрлері дәл келетіндей болып орналасады, ал хромосомалардың қалған барлық денесі одан тыс жатуы мүмкін. Экваторлық пластинканы клетканың бөлінуі полюсінен қараған кезде барлық хромосомалар жақсы көрінеді, оларды санауға және формасын байқап көруге болады. Цитоплазманың қалған массасына қарағанда ұршық жіптері тығыз консистенциялана түседі. Олар хромосомаларға мынадай жолмен, яғни центромераға жіп екі полюстен келіп жалғасады.
Митоздын, келесі фазасы анафаза деп аталады, бұл кезде центромералар және сіңлілі хроматкдтер (оларды енді хромосо-малар деп атауға болады) бөлінеді де, полюстерге таралады. Мұнда ең алдымен хромосоманың центромералық учаскелері бірінен-бірі алшақтайды, бұдан кейін алдымен центромерлер, сонан соң хромосомалардың өздері полюстерге ажырайды.
Анафазада хромосоманың ажырап бөлінуі — «команда берілгендей» — бір мезгілде басталады да, ете тез аяқталады. Хромосомалар ажырап барғаннан кейін, екі полюстегі олардыи саны бірдей болады және әр бәліктегі хромосом саны бастапқы клеткадағы хромосома санына тең болады. Ядро бөлінуінін осындай ерекшелігіне байланысты клетка үрпақтарында хромосома саны және олардың сапалык, құрамы үнемі түрақты болады.
Телефазада жас хромосомалар деспиральданады, дараланып көрінуі жойылады. Ядро қабыкшасы пайда болады. Бұдан кейін ядрошық (немесе ядрошықтар) калпына келеді, оның саны бастапқы ядродағыдай болады. Ядро енді профазада болған өзгеріспен салыстырғанда кері реконструкцияланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет