Пәндердің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұНЫ



бет107/144
Дата08.02.2022
өлшемі14,19 Mb.
#122977
түріСеминар
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   144
Байланысты:
08 КЛЕТКА БИОЛОГИЯСЫ

Ядроның құрылысы


Сабақтың мақсаты. Ядро мен цитоплазманың құрамыиен танысу.
Қажетті материалдар, құрал-жабдықтар.Цитологиялық препараттар, жарық микроскопы, заттық және жабын шынылар, өткір препараттық инелер, пипеткалар, сорғыш қағаз.

Ядро бүкіл клетканың тіршілік әрекетін басқарушы және коордпнация жасаушы орталық болып табылады (9, 15, 22-тарауларды қараңыз). Ол клетка тіршілігі цнклінің әр түрлі фазасында өзгеріп отыратын күрделі кұрылысты болады. Бөлінбей тыныштықта түрған (интерфаза) клеткада ядро оның көлемінің 10—20% шамасындай болады. Ядроны саңылау тесіктері бар ядро қабығы (мембранасы) коршап тұрады, ол тесіктер арқылы ядролар мен цнтоплазмаларда зат алмасу жузеге асады. Ядроның ішінде хроматин, бір немесе бірнеше ядрошықтар және ядро сөлі (кариолимфа, нуклеоплазма) орналасады. Ядро сөлінен жарық микроскоппен хроматин қиыршықтары мен тор қүрылымын айыруға болады. Электрондық микроскоптын. мәліметіне қарағанда бұл тор хромосомалар сияқты клетканын. бөлінуі кезінде ғана жақсы көрінеді.


Ядрошыктар — хромосомалармен байланысқан денешік, оның құрамында кеп мөлшерде рибонуклеин қышқылы (РНК) бола-ды. Оларда клетканың РНҚ қышқылдарының біреуі, атап айтканда рибосома қышқылы синтезделеді, сонымен қатар клетка-да белок синтезі жүретін рибосомалар түзіледі. Ядро-эукариотты жасушалардың ең негізгі құрамдық бөлімдерінің бірі. Оны 1931 ж. ағылшын ғалымы Г.Броун ашқан. Ол цитоплазмаға қарағанда тығыздау болып келеді. Оның пішіні жасуша пішініне сәйкес болады, мөлшері 10-25 мкм шамасында: Әрбір жасушада 1, кейде 2 не одан да көп ядролар кездеседі. Ядросыз жасуша болмайды, тек эриотроциттер мен өсімдіктердің сүзгілі түтіктерінің жасушаларында ересек күйінде ядро кездеспейді. Ядро екі мембранамен шектелген. Ол хроматиннен, ядро және ядрошықган түрады. Оның құрамы жасуша циклінің әртүрлі кезендеріндё өзгеріп отырады. Осыған орай оның интерфаза кезіндегі адро (яғни адроның қызметтік күйі) және митоздықядро күйі белгілі.
Ядроның интерфазалық күйінің негізгі бөлігі - хроматин. Ол өте жіңішке, ұзын, шумақгалған хроматин жіпшесінен тұрады. Хроматин-хромосоманың актив күйі. Хроматин ДНҚжәне гистондық белоктардан тұрады. Ол жіңішке диаметрі 10-13 нм болатын жіпше. Оның қаңқасын 4 түрлі гистондық белоктардан (Н, Н,в, Н3, Н4) кұрылған дөңгелек денешіктер-нуклеосомалар қүрайды. Нуклеосомаларға ДНҚ молекуласы тығыз ширатылып орналасқан. ДНҚ молекуласының оралымдарын бір-біріне гистондық белоктардың бесінші түрін, жалғайды. Сонымен гистондық белоктардың 5 түрі белгілі. Олар құрылымдық, реттеуші қызметтер атқарады. Хроматиннің ең негізгі бөлігі-ДНҚ молекуласы. Ол тұқым қуалаушылықгың материалы болып есептелінеді, себебі оның молекуласында тұқым қуалаушылықтурячы акдарат "жазьшған". Эукариоттардың ДНҚ молекуласы 3 түрлі фракциядан тұрады:
1) қайталанбайтын нуклеотидтер тізбегі, ол ДНҚ бойында бірдана күйінде кездеседі. Адамдардың гаплоидтық геномы 3-109 н.ж. түратын болса, оның 70 пайызы, яғни 2-109 н.ж., қайталанбайтын нуклеотидтер тізбегі болып саналады. Бұл жерде барлық структуралық геңцер орналаскан;
2) орташа кайталанатын нуклеотидтер тізбектері - олар ДНҚ молекуласының ұзына бойында 100 ден 100.000 ретке дейін қайталануы мүмкін. Олардың үлесіне геномның 22 - 23 пайыз мөлшері жатады. Бүл жерде структуралық гендер кездеспейді, бірақатар РНҚ, тРНҚ, гистондық белоктардың гендері кездеседі;
3)өте жиі қайталанатын нуклеотидтер тізбектері - олар 100.000 нан 1000.000 ретке дейін қайталанатын қысқа нуклеотидтер тізбектері. Олардың үлесіне геномның 8 пайызы жатады. Бүл бөлшектерде ешкандай гевдер болмайды, яғни олар гендердің ин-тр_ондық бөліктері болып табылады.ДНҚ молекуласының қасиеттерінің бірі-оның тығыз ширатылуы. ДНҚ молекуласы нуклеосома денешіісгеріне ширатьшып нуклеогистон (хроматин) түзеді, ал ол әрі қарай ширатылып, жуандап митоздықхромосомаға айналады. ДНҚ молекуласының осылайша ширатьшуының нәтижесінде түқым куалаушылық материалы тығыздалып, шағын денелерде (хромосомаларда) сақталуына мүмкіншілік туады. Мысалы, адамның дене жасуіііасының 1 ядросында 6 пг ДНҚ кездеседі десек оның жалпы үзынығы 2м тең.Адамдардың барлық жасушаларывдағы үзындығы небәрі 150 мкмболатын хромосомаларындағы ДНҚ молекулаларын бір-біріне тізіпжалғайтын болсақ оның үзындығы 2,5х1010 км жетеді. Бұл Жермен Күннің ара кдшықгығынан 100 есе артық.
12 Зертханалық жұмыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет