Митохондриялар
Сабақтың мақсаты. Клетка органоидтары - митохондриямен танысу.
Қажетті материалдар, құрал-жабдықтар: Цитологиялық препараттар, жарық микроскопы, заттық және жабын шынылар, өткір препараттық инелер, пипеткалар, сорғыш қағаз.
Митохондриялар жасушаның міндетті органеллаларының бірі. Оның піщіні тұрліше болып келеді: таяқша тәрізді, дөңгелек, сопақша., ал мөлшері 0,5-7 мкм тең. Митохондриялар қос қабат мембранамен шектелген. Сыртқы мембранасы тегіс, тұйық, ал ішкі мембранщры митохондрияның ішіне қарай катпарлар пайда етеді. Оларды кристер деп атайды. Кристер арасында митохондрияның негізгі заты матриксі орналаскан. Онда ДНҚ, рибосомалар, белоктар т.б. кездеседі. Митохондриялар органикалық заттарды ыдырату, АТФ синтездеу қызметтерін аткарады.
Митохондриялардың формалары таякша тәріздес және гра-нула пішіндес болады. Олардығі кеңістікпен бөлінген екі мембранадан тұратын кабықшасы болады. Сыртқы мембрана бір тегіс жылтыр, ішкі мембрананың көптеген қатпарлары — кристалдары болады. Әр оргаиизм түріне және тканьдер типіне пішіні, үлкендігі әртүрлі және биохиниялық процестердегі мито. хондриялар ролі тән болады. Клетканың функциокалдык жағдайьша байланысты олардың формасы да өзгеріп отырады. Митохондриялардың үлкендік шамасы едәуір деңгейде: 0,2-ден 2— 7 мкм шамасыиа дейін ауытқып отырады. Клеткадағы тотығу аркылы зат алмасуға олардың қатысатыны анықталды. Митохондрияда кребс циклінін барлық реакциялары жүреді дегең болжам бар. Митохондриялар — энергия дайындаушылар, Митохондриялар арқылы тұқым қуалау. Митохондриялардың тыныс алу процесіне тікелей қатысы бар (1-тарауды кара-ңыз). Олар бөліну арқылы өзін-өзі ендіруге қабілетті. Олардан ДНҚ табылды. Бөліну нәтижесінде жас клеткалар аналық клетка митохондрияларының жартысын алады. Кейбір саңырауқұлақтарда (ашытқы сацыраукұлактарда, нейроспорада) тыныс алу процесінің жеткіліксіз екендігі табылды, ол жағдай митохондриялар қызметіндегі тұқым қуалайтын қайтымсыз өзгеріс-цитохромоксидаза активтігі жоғалғандығымен қамтамасыз етілген.
Б. Эфрусси Saccharomyces cerevisiae ашытқы саңырауқұлақтың спонтанды пайда болатын тыныс алу процесі жеткіліксіз ергежейлі колониялар түзетін штаммаларын тапты. Колониялар гаплоидты саңырауқұлақтардың вегетативті көбеюі кезінде түзілетіндіктен, олар вегетативті ергежейлілер деп аталды. Вегетативті ергежейлі колониялармен қатар, фенотипі — өсуі және тыныстану жетімсіздігі бойынша біріншіге ұқсас форма табылды, бірақ ол ядролық бір генмен анықталған секілді ергежейлік белгісі бойынша ажырау берді. Бұл форма ажыраушы ергежейлі штамма деп аталды.
Вегетативті және ажыраушы ергежейлі штаммаларға (56-су-рет) генетнкалық анализ жасау мынаны кәрсетті: ажыраушы ергежейліліктін фенотипі ядролық генмен анықталады, өйткені шағылыстыру кезінде аскоспоралардың ажырауы 1 : 1 қатынасында болады. Вегетативті ергежейлілер мен калыпты ашытқы саңырауқұлақтарды шағылыстырғанда алынған диплоидты зигота (мұнда қалыпты форманың митохондриялары бар) ажырау бермейді, аскоспоралардан ұсақ колониялар пайда болмайды. Демек, бұл формалардың геномдары бірдей, тек цитоплазмасында ғана айырма бар. Мейозда цитоплазма типімен ажырау болмайды. Бұл экспериментте цитоплазмалық тұқым қуалау фактісі айқын байқалады. Ашытқы санырауқұлақтардан тыныс алу жеткіліксіздігініңI тұқым қуалау арқылы берілуінде митохондриялардың ролін көрсететін тікелей дәлел алынды. Клетка қабықтары жоқ вегетативті ергежейлілер қалыпты саңырауқұлақтардың оқшауланған митохондриялары бар жағдайда өсірілді. Осының нәтижесінде түзілген колониялардың бір бөлігінін. (2—2,5%) үлкендігі алыптағыдай болды. Бұл фактіні мынадай болжау жасап түсіндіруге болады: «қалыпты» митохондриялар вегетативті ергежейлілердің клеткаларына түсіп, олардың тыныс системасындағы кемістігін жойды, бөліну барысында клеткадан клеткаға беріле отырып, қалыпты колониялар түзілуге себеп болды.
№11. Зертханалық жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |