Пәндердің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұНЫ


Нуклейн қышқылдары. Көмірсулардың атқаратын қызметтері



бет102/144
Дата08.02.2022
өлшемі14,19 Mb.
#122977
түріСеминар
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   144
Байланысты:
08 КЛЕТКА БИОЛОГИЯСЫ

Нуклейн қышқылдары. Көмірсулардың атқаратын қызметтері.


Сабақтың мақсаты.Хромосоманың құрылысын зерттеу.Хромосомалардың классификациясын зерттеу.
Қажетті материалдар, құрал-жабдықтар.Цитологиялық препараттар, жарық микроскопы, заттық және жабын шынылар, өткір препараттық инелер, пипеткалар, сорғыш қағаз.

ДНК молекулаларына денатурация — ренатурация белгілі кұрылысы бар ДНК және РНК молекулаларын будандастыру, басқа одістер қолдану мынаны көрсетті: гетерохроматиннің эухроматиннен айырмасы оның спиральдану дәрежесінде ғана емес, химиялық кұрамы бойынша да айырмашылығы бар. Гетерохроматиндегі ДНК нуклеотидтері қысқа және белгілі бір рет-пен қайталап отырады, көбінесе оларды қайталамалар, репликтер деп атайды, ал ДНК — сателлитті деп аталады. Эухроматинде ДНК нуклеотидтері ұзын, кайталанбайтын бірыңғай ретпен орналасқандығы байқалады.


Хромосоманың ұзына бойына дифференциациялануы алып хромосомалардан әсіресе жақсы көрінеді. Дене және жыныс клеткаларынын. көпшілігінің қалыпты метафазадағы хромосомаларымен салыстырғанда, алып хромосомалар 100—200 есе ұзын және ондағы хромонемалар да 1000 есе көп болады. Мүндай құрылымы бар хромосомалар қос қанатты насекомдар личинкасының дене клеткасындағы ядроға, ішек-қарын, мальпигий тамырлар, сілекей бездер клеткаларына тән болады, сол сиякты ондай хромосомалар кейбір өсімдіктерден (антиподалар мен синергидтерде) және қарапайым организмдерден табылды.
Алып хромосомалардың политендігі, эндомитоз кезінде пайда боляды. Бұл жағдайда 2 хромонема жүйелі тоғыз рет екіден еселенгеннен кейін бір-біріне тығыз орналасқан 1000-ға жуық жіпше түзеді. Алып хромосомалардың хромонемалары үнемі біршама және біркелкі деспиральданған күйде болмайды, ол жағдай хромосомалар үзындығының 100—200 есе үлғаюына себеп болады. Кәдімгі алып хромосоманы дрозофила личинкаларының сілекей бсздерінен байқауға болады. Олардың ерекшеліктеріне мыналар жатады. Морфологиясы және көлемі бірдей хромосомалар (біреуі әкесінің, екіншісі шешесінің) бірігіп, коньюгациялана (дене коньюгациясы) алады, бұл жағдай альш хромосомалардың жуаидығын одан әрі үлғайта түседі. Екінші ерекшелігі вте көп хромонемалардың хромомералары оірше-бірі жанаса отырып, езара тығыз орналасады, буылтықтар. дискілер түзеді, олар боялған кезде карайып боялады. Дискілердің көлемі мен морфологиясы өте өзгеріп отырады, Хромосомалардың политенділігі дискілер көрінеді. Дискілердің қүрылысы онтогенезде өзгереді, ол өзгеру хромосоманың қызмет атқаруына байланысты болады. Хромосомалардың нәзік құрылысымен және олардың қызметімен танысуға болатын екінші модель «лампа щеткасы» сияқты хромосомалар. Бұл хромосомалардың түрлері әйнек пробиркаларды жууға арналған ершке ұқсайды, ертеде онымен керосіш лампалардын, шыныларын жуатын еді. Бұл хромо сомалардың жекелеген учаскелері өте созылған және хромосома осіне перпендикуляр симметриялы ілмектер жасайды. Хромосомалардың мұндай күйі балықтың, амфибияның, рептплияның және кұстың ооциттерінде кездеседі. «Лампа щеткаларының» алып хромосомалардан айырмасы— олар политенді болмайды, күшті деспиральданған хромонемалары болады. Өте күшті деспиральдануы ооциттердің есуі кезінде хромосомалардың метаболистік белсенділігінің артуымен байланысты деп жобалайды
7 Зертханалық жұмыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет