Пәндердің оқу-әдістемелік кешенінің мазмұНЫ



бет100/144
Дата08.02.2022
өлшемі14,19 Mb.
#122977
түріСеминар
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   144
Байланысты:
08 КЛЕТКА БИОЛОГИЯСЫ
ОП Энергетика каз, ОП Энергетика каз, портфолио, 15.02.19, 15.02.19, 111, 6575b84a-6758-11e5-9d50-f6d299da70eeУМКД Гигиена преп каз, 16 5, 6. leksia, 6. leksia, Мақала образец, қаз т оқу бағд дұрысы, озгерис сырттай Акпар Стан послед темы дипломных работ 2019 - 2020 - копия, БББ каз МФ 1 06.02 (2), БББ каз МФ 1 06.02 (2)
Жануарлар жасушасы.


Сабақтың мақсаты. Клеткадағы органоидтармен танысу.
Қажетті материалдар, құрал-жабдықтар.Цитологиялық препараттар, жарық микроскопы, заттық және жабын шынылар, өткір препараттық инелер, пипеткалар, сорғыш қағаз.
Жануарларда болатын ұрықта-ну процесін бірнеше фазаға бөлуге болады. Жұмыртка клеткасының кез келген бір нуктесіне сперматозоидтың бекінуі немесе микропиле арқылы оған енуі — бірінші фазаның басталуы. Сперматозоид басының жұмыртқа клеткамен түйісуі химиялық реакциялар тізбегінің бастамасы болып табылады. Бұл фазаны жұмыртқаның активтену фазасы деп атайды.
Жұмыртқа клеткасына бір сперматозоид (моноспермия), ал кейбір жануарларда бірнеше сперматозоидтар (полиспермия) енгеннен кейін ұрықтану процесінің екінші фазасы басталады. Жұмыртқа клеткасыньщ ішіне енген сперматозонд аналық ядромен қосылып бірігуге «дайындалады», ол митоз бойынща жүреді: сперматозоид ядросы біртіндеп ісінеді де интерфаза кезіндегі ядроға ұқсайды. Мұндай ядро аталық пронуклеус деп аталады. Сперматозоид ядросымен қосылып бірігуге дайын болған (мейоздың барлық фазасынан өткен) жұ-мыртқа клеткасының ядросын аналық пронуклеус деп атайды.
Цитоплазма түссіз сүйық гиалоплазма мен органоидтардан тұрады. Клетканың өзіне тән органоид — мембраналар системасы, олар клетка мембранасының жалғасы болып табылады, олардың үсті тегіс болады немесе үстінде диаметрі 10—15 нм өте үсақ гранулалар (рибосомалар) болғандықтан, бүдыр-бүдыр болып келеді. Осы мембраналар системасы эндоплазмалық тор деп аталады. Ол тор клеткалық және ядролық мембраналарды байланыстырады және оның табиғаты сол мембраналардыкі сиякты липопротеин тектес болады. Эндоплазмалық тормен — мембраналардан түзілген түтіктер арқылы клетка ішіндегі заттар қозғалады. Бұдан өзге мембраналар системасының маңызды ерекшелігі клеткаларды тұйық кеңістігі бар бөліктерге беліп түрады. Соңғы жылдары электрондык, микроскоптың көмегімен клеткаларда цитоплазмалық жіпшелер мен микротүтікшелер табылды. Клеткаларда жіпшелердің ролі ерекше зор: мысалы, олар бүлшық ет талшықтарындағы жиырылу механизмінің компоненті болып табылады. Олар клетканын. катаңдығын сақтайды және жыртылуға төзімді етеді.
Белгілі бір бағыты бар түтікті құрылымды микротүтікшелер деп атайды. Олар эукариоттар клеткаларынын, универсал компонентін құрайды. Түтіктер, диаметрі 20—27 нм. Олардың кабырғаларының қалыңдығы 5—7 нм шамасындай, бір түтік 10 және одан да көбірек жіпшелерден тұрады. Микротүтікшелер мен цитоплазмалық жіпшелердің байланысы әлі жете зерттел-меген. Олардың клеткадағы ролі алуан түрлі. Ең алдымен олар жіпшелермен қосылып цитоскелет күрайды, клетка қозғалысы (мысалы, кірпікшелер күрамына кіреді) және клетка бөлінуі кезіндегі хромосомалар қозғалысы мехаішзмінің бөлшектері (беліну ұршығынын, күрамына кіреді) болып табылады. Цитоплазмада өзінің мембранасына қоршалған баска органоидтар: митохондриялар, рибосомалар, Гольджи аппараты, лизосомалар, жануарлар мен теменгі сатыдағы есімдік клеткаларындағы центросома, өсімдіктердегі пластидтер және т. б. болады.
5 Зертханалық жұмыс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   144




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет