Митоз немес ежасушаның күрделі бөлінуі
Сабақтың мақсаты. Митоздық бөліну түрлерімен танысу.
Қажетті материалдар, құрал-жабдықтар: Цитологиялық препараттар, жарық микроскопы, заттық және жабын шынылар, өткір препараттық инелер, пипеткалар, сорғыш қағаз.
Митоздық циклдің қайсы кезінде хромосомалар өздерін үдайы өндіре алады? Өздерін үдайы өндіріп шы-ғарудың молекулалық механизмі қандай?
Хромосомалар биосинтезінің молекулалық механизмінде, хромосоманың негізгі компоненті ретінде ДНК репликациясы маңызды роль атқаратыны анықталды. Дегенмен, ДНҚ репликациясының механизмін білу хромосомалардьщ екі еселенуі механизмін толық түсіндіре алмайды. Митоз циклі кезінде ДНК синтезін зерттеу ол көп клеткалы ор-|анизмдерде интерфазада жүретінін көрсетті. I Интерфаза үш кезеңге немесе фазаға бөлінеді. Митоз аякталуымен басталатын фаза Gi белгіленеді, ол кезде ДНК синтезделмейді, бірақ клетка құрылымы түзілуіне және келесі бөлінуге кажетті басқа өнімдер (олардың ішінде РНК және белок бар) жинақталады. Бұл фаза пресинтетик, алық деп аталады. Ол ең ұзаққа созылады және тұрақсыз боліады. Бұл фазаның ұзақтығы бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін созылады. Бұдан кейін ДНК-ның синтезделу фазасы (S фазасы) басталады, бүл кезде клетка ядросындағы ДНК мөлшері екі есе ұлғаяды. Бұл фаза қысқа бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін созылады. S фазасы кезінде де РНК жсіне белок синтезделеді. Ең соңында постсинтетикалық фаза (Q2 фаза) басталады, бұл кезде ДНК синтезделмейді, бірақ РНК мен белоктар (әсіресе, ядролық белоктар) синтезі жүреді және келесі митоз үшін f энергия жинақталады. Бұл кезде клеткада ДНК-ның екі еселенген мелшері сақталады. Бұл фаза да қысқа, ол бірнеше минуттан бірнеше сағатқа дейін созылады. Осымен интерфаза аяқталады да, митоз басталады, осының нәтижесінде бөлініп шыққан екі клеткадағы ДНК мелшері бастапкы клетканікіне тең болады.
Митоз циклінде хромосома жуандығы өзгеріп отырады. Мысалы, профазада жіңішке хромосомалар жуандай, жинақтала бастайды. Метафазада олар жуандап қысқарған дене болып көрінеді.
Метафаза — пластинкасына тән хромосомалардың қысқарып қалыптасу механизмі қандай? Митозға дайындық кезінде хромосомадағы хромонемалар спиральдану процесіне ұшырайды. Профазаның барысында спиральдану барлық хромосомоға таралады, сөйтіп метафаза кезінде ол ең жоғары сатыға көтеріледі. Сондықтан метафазада хромосомалар ете жинақы болып көрінеді. Казір спиральданудың екі түрлі болатыны аныкталды. Олар ірі және ұсак спиральдану, бұл кездерде жіпшелер орамдары өзара перпендикуляр орналасады. Спиральданудың екі түрі де бір мезгілде жүреді (6-сурет).
Телофазада хромонемалардың деспиральдануы басталады, интерфазада хромонемалар әбден тарқатылға» күйде болады. Митоз циклінде хромосомалардын спиральдану және деспиральдану ерекшелігі заңды процесс (спиральдану циклі).
Метафазада хромосомаларының көлемінің ұлғаюы тек спиральданумен ғана байланысты емес, конденсациямен — жіпшелердің тығыздалып орналасуымен де, оларды әр түрлі заттардың қоршауымен де, яки қабықша — матрикс түзілуімен де байланысты болады. Матрикс негізінен ядрошық заттарынан тұрады және ол телофазаға дейін сақталады. Оның ролі әлі толык анықталған жоқ, бірақ бұл кезде хромосомалардың жаңа жас клеткалар арасында рибонуклеопротеидтерді бөлуші ретінде қызмет атқаратыны күдік тудырмайды. Хромосомалардын, үзына бойына жіктеліп дифференцияла-нуына ерекше назар аудару керек. Профазада хромосомалардың бүкіл ұзына бойына карайып боялатын дәндер, яки хромомералар байқалатыны жоғарыда айтылған еді. Олардың әр хромосомада орналасу орны тұрақты және әр хромосомада ол әр түрлі болады. Хромосоманың бұл таспиқ тәріздес жуантық жері ен, алдымен спиральданатын хро монемалардың бөлігі. Ол ең тығыздалған бөлігі болып табылады, сондықтан кәдімгі жарық микроскоптан қарайған түйіршік сияқты болып көрінеді.
№14 Зертханалық жұмыс
Достарыңызбен бөлісу: |